Металл конструкцияларды қандай жағдайда сынау керек
Автор: izgairovvv • Март 27, 2021 • Реферат • 2,461 Слов (10 Страниц) • 654 Просмотры
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Техникалық факультеті
«Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасы
Мәнжазба
Тақырыбы: Металл конструкцияларды қандай жағдайда сынау керек
Дайындаған: Ізғайыров Т
Тексерген: Жекеев С
Ақтөбе 2020
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Металл конструкциялары туралы
- Коррозиялық сынау әдістерінің теориялық негіздері
- Коррозияның өту тереңдігін анықтау
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
Қара жəне түсті (көбінесе алюминийден) металдардан жасалған конструкциялар ғимараттар құрылысында, əсіресе үлкен адындам, биіктік, жүктеу жəне коррозияға қарсы талаптар үшін кеңінен қолданылады. Металл конструкцияларының құрылыста кең тарауы – олардың темірбетон жəне тастан жасалған байланыстырғыш конструкцияларымен салыстырғанда, беріктігінің жоғарылығы, сенімділігі, өнеркəсіптігі, тез құралатындығы мен жеңілдігінде.
Металл конструкцияларын қолдану тиімділігінің комплексті көрсеткіші – құрылыс коэффициенті болып есептеледі. Ол металл конструкциялары салмағының бүкіл ғимарат немесе құрылыстың байланыстырғыш конструкциялары мен тетіктерінің салмағына қатынасы. Ол ғимараттар мен құрылыстың байланстырғыш конструкцияларының конструктивтік формасын жəне үйлестіру сапасын материал шығынын, сондай-ақ оларды дайындау қиындығын, тұрғызу мерзімі мен құнын ескере отырып сипатталады. Құрылыс коэффициентінің ең аз мəніне – көп жағдайда аз қоспалы əрі беріктілігі жоғары болат пен қорапталар қолданғанда, жұқа қабырғалы прокаттық жəне иілген профильдер, кеңістік алдын ала кернелген, аспалы, құбырлы, басқа да жүйелерді қолданғанда жетуге болады. Алюминий қорытпалары тығыздығының шойын, болатпен салыстырған-да 2,7-2,9 есе аз екендігіне жəне конструкцияларды жеңілдету мүмкіндігіне қарамастан, серпімділік модулінің үш есе төмендегіш байланыста жоғары температурада беріктігі төмендейді (100-150оС-тан жоғары). Ал жоғары жылулықтың ұлғаюы арқасында жүктеуге шыдамдылығының жеткіліксіздігінен, байланыстырғыш конструкцияларда қолданылуы шегерілген.
- Металл конструкциялары туралы
XII ғ. металды бірінші рет тастан жасалған жарты күмбездер мен аркаларда тартпа ретінде қолданды. XVII-XVIII ғ. Шойын конструкциялар пайда бола бастады. Яғни Уралда 1725 ж. тұрғызылған невьян мұнарасының қанатына аралық жабын , Англиядағы 1776 ж. салынған аралығы 30м шойын көпірге қолданылды. Осы уақыттан бастап жоғарғы белдемесі мен сығылған элементтері шойыннан, ал төменгі белдемесі мен созылған элементтері – темірден жасалған шойынтемір фермалар қолданысқа еңгізіле бастады.
Қазіргі уақытта барлық елде алдын-ала керннелген метал конструкциялар, сондай-ақ алюминий қорытпаларынан жасалған жеңіл конструкциялар кенінен таралған. Оларды қолдану арқылы меншікті салмақты кемітіп, ал контрукцияның көтергіш қабілетін жоғарылатуға қол жеткізуге болады. Метал конструкцияларды есептеу теориясын дамытуға Ф.С.Ясинский, Л.Д.Проскуряков, Н.С.Стрелецкий, Е.И.Беленя сияқты орыс ғалымдары көп еңбек сіңірді. Метал конструкциялар инженерлік құрылыстарда алдыңғы орында. Зәулім үйлердің болат қаңқалары, төменлегирленген болат пен алюминий қорытпаларынан жасалған конструкциялар, көрме павильондары, аралығы 100метрден артық вантты көпірлердің конструкциялары өнделген және тұрғызылған. Металл конструкцияларын біріктірудің негізгі түрі – дəнекерлеу. Алайда ол дəнекерленетін элементтердің біріктірілуі аймағында металдың құрылымдық жəне химиялық өзгерістерін туғызады. Бұл дəнекерленген жерде сызаттың пайда болуы мен морт сынуына себеп болады. Əсіресе көміртек, күкірт жəне фосфордың мөлшері көп қайнайтын болат қолданғанда, болаттың құрылымы ірі түйіршікті жəне дəнекерленетін элементтері өте қалың болғанда да өзгерістер туғызады. Келеңсіз жағдайларды болғызбау үшін тынық немесе жартылай тынық болат пен электродтар қолданылады. Жіктердің салқындау жылдамдығын шлак, флюстердің жылуизоляциялық қабаты арқылы реттейді.
...