Шаңғы жорықтары мен саяхаттарды ұйымдастыру және ӛткізу
Автор: Altyn Tinishkul • Апрель 27, 2021 • Реферат • 4,932 Слов (20 Страниц) • 645 Просмотры
12 тарау. Шаңғы жорықтары мен саяхаттарды ұйымдастыру және ӛткізу
Дәріс мақсаты: Шаңғы жорықтарының мәнің, маңызын және оларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сонымен қатар шаңғы саяхаттарына арналған киім мен аяқ киім, шаңғы жабдық заттарының түрлерін қарастыру.
Шаңғы жорықтарының мәні, маңызы және оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Таза аяз ауада болу, жігерлі физикалық жаттығулар ағзаның шынығуы мен сауығуы үшін пайдалы. Қыс табиғатының бейнелері – қарлы тоғай, тыныштық, далалардың ақтығы – жүйке және жүрек- тамыр жүйесіне қолайлы әсер етеді.
Шаңғы жорықтары ұйымдастырылуы бойынша едәуір күрделірек, арнайы жабдық затты, әртүрлі жағдайларда шаңғымен жылжу технкиасын игеруді қажет етеді. Арқа қоржынының үлкен салмағы, тӛмен температура, аяз күндердегі жел қатысушылардан жоғары физикалық дайындықты, шынығуды қажет етеді. Жаяу және тауда- жаяу жорықтың негізгі ережелері шаңғы туризміне де таралады, бірақ бұл жерде ӛз ерекшеліктері бар.
Шаңғы жорықтары кезінде жүктемелердің физикалфқ дайындыққа және қатысушылардың жасына сәйкес келуін есте сақтау керек.
Ересек туристер үшін күндізгі жорық күніне 25-30 км құрайды. Мұндай кӛшуді жаттықан топ ерекше күштенусіз орындай алады, алайда кӛпкүндік жорықтарда бұндай жолдан ӛту қиын.
Кӛпкүндік жорықтар тек бірнеше тәжірибелік біркүндік, екікүндік жорықтар кезінде ғана рұқсат етіледі. Тәжірибелік жаттығу жорықтарында алғашында жүксіз жылжу техникасы, сосын жорықтық жүкпен жылжу техникасы дайындалады.
Топтың неғұрлым оперативті құрамы 10 -12 адам. Қозғалыста олардың арақашықтығы аз болады және кӛзге кӛрінетін жерде жүреді, мұндай топ үшін түнейтін жер үшін лайықты орынды немесе жайды табу оңай.
Шаңғы саяхаттарына арналған киім мен аяқ киім
Турист - шаңғышының киім жабдығы жылы, бос, желден қорғайтын жылу сақтағыш қабаты болу керек. Жылылықты шығармау киім қабатының ішінде ауамен қамсызданады. Сондықтан қыстық жорықтарға арналған киімдерді қатты және мүмкіндігінше қалың, ұсақ тесікті матадан тігу қажет.
Турист - шаңғышының ішкі жейдесі жүнді трикотаж матадан болуы керек. Ол денеге жабысып, жылуды шығармай терді жақсы сіңіреді. Сонымен бірге жүн матасы дымқыл күйінде басқа маталарға қарағанда жылылықты шығармауын жақсы сақтайды. Тоқыма жылы киімнің жағасы биік және қалың, жеңдері ұзын және тығыз тоқылған болу керек. Ол қатты аязда немесе қатты желде шаңғымен жүрген кезде негізгі жылылықты шығармау қабатын қамсыздандырады. Желден сақтау үшін дауылға арналған киім шалбар мен қайырмалы бас киімі бар сырт кеудешесінен тұрады. Дауылға арналған киімді әзірлеген
кезде газ ӛткізбейтін матаны қолдануға болмайды, ӛйткені дене мен дымқыл киімнің қабатында пайда болған сулы парстың ӛтуін қамтамасыз етпейді.
Дауылға арналған сырт кеудеше-дауылша бір жарым алақандай тізеден ұзын және қолтық пен иық жақтары бос және бел жақтағы арқасы ішкі беті жинақталған болу керек. Арқаның жоғарғы және иық жақтары екі қайтара тігіледі. Сырт кеудешенің жеңдері алағанды жауып тұратындай кең және ұзын болу қажет. Қолғаптарды тубусқа, яғни дауылшаның жеңдеріне қайырады. Мұндай жеңнің үйлесімі оңай, ыңғайлы және қол білезікшелерін аяздан сақтайды. Дауылшаның үш-тӛрт қалтасы болуы қажет. Тӛменгі қалтары жылы (теріден) жасалған қолғаптар, шаңғы бас киімі, ішкі бас киім сиятындай үлкен болу керек.
Жылы сырмалы салма сырт кеудешені ӛзіңіз әзірлеуіңізге болады. Сырт кеудешені толтыру үшін суда жүзетін құс қауырсындарын пайдалануға болады. Мұндай сырт кеудешенің қалыңдығы 4 см кем болмауы керек. Сырт кеудешені әзірлеу үшін тартуды қолдану жақсырақ. Қолғаптар жеңіл, қалың, шаңғы таяқтарын ұстағанда олар тартылмайтындай бос және жылы қолғаптар оңай киілетіндей болу керек. Сонымен бірге жүннен тоғылған бас киім немесе ішкі бас киім, ал қатты аязға арналған бет маскасы қажет.
Аяқ-киім тік бойындағы жазығында майысқақ және кӛлденең-тігінен аяқты қатаң бекітіп тұруы керек. Ол ылғалды аз ғана сіңіретін мүмкіншілігі бар. Мұндай талаптарға шаңғы тебуге арналған жылуы жоқ бауы бар аяқ-киімдер, қоныш буындарын қысып тұратын, жоғарғы бӛлігі жеңіл және табаны теріден жасалған майысқақ сәйкес келеді. Аяқ-киім жүннен тоқылған екі-үш қос шұлып және жай бір қос шұлып киетіндей бос болу керек. Аяқ-киімнің ұлтарақтары киізден жасалады. Жаңа СРГЮНЛ дейін аяқ-киім алдын-ала екі-үш рет майланған және құрғақ жерде сақталады.
...