SOL-21 осьтердi жұйесiндегi жолдық датчиктердi магниттелуден корғау құрылғысын зерттеу
Автор: kasymova_79 • Июль 30, 2021 • Статья • 965 Слов (4 Страниц) • 473 Просмотры
А.Е. Касымова1, a, М.Б. Елубаева2, b
Логистика және көлік академиясы,
Алматы, Қазақстан
akasymova_79@mail.ru, bmakon.elubaeva@gmail.com
SOL-21 ОСЬТЕРДІ САНАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖОЛДЫҚ ДАТЧИКТЕРДІ МАГНИТТЕЛУДЕН ҚОРҒАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЗЕРТТЕУ
Қазіргі таңда, рельс тізбектерінің бірқатар кемшіліктері белгілі болғаннан кейін, оларды осьтерді электронды санау жүйесімен алмастыру жұмыстары кеңінен жүргізілуде [1].
Осьтерді санау жүйелеріндегі негізгі аппаратура – жолдық датчиктер. Бұл құрылғыларды орнату аймағы – ашық кеңістік болғандықтан, оларға қойылатын техникалық талаптар жоғары, себебі жолдық датчиктердің қалыпты, әрі сенімді жұмысы арқылы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі сақталады [2].
Қазақстан Республикасы темір жол желісінде осьтерді электронды санау жүйелерінің бірнеше түрлері қолданылады, солардың ішінде, бұл мақалада SOL-21 (Bombardier TS) жүйесіне назар аударамыз. Бұл жүйе EBILOCK-950 және Р-ПҚИРЖ жүйелерінің (өндірушісі – Bombardier TS) кешенінде телімнің бос немесе бос еместігі бойынша ақпарат беретін негізгі құрылғы болып табылдады [3].
Алайда, эксплуатацияда қолдану барысында, SOL-21 жүйесінде, соның ішінде оның құрамдас бөлігі болып табылатын ELS-95 типті жолдық датчиктерінде істен шығулар байқалды. Бұл істен шығулар – аталмыш жолдық датчиктерінің үстімен мотовоздар және дрезина жүрісі барысында датчиктердің магниттелуі байқалған. Датчиктер магниттелу процессінің барысында толықтай істен шығып, ал пойыз диспетчері сол телім бойынша жолдың бос немесе бос еместігі туралы ақпарат ала алмайтын мүмкіндікке ұшыраған.
Жол телімдерінің бос немесе бос еместігін анықтайтын SOL-21 осьтерді санау жүйесі жол телімдерінің, қоймалық жолдардың, тұйық жолдардың, «Bombardier Transportation (ZWUS) Polska Sp. z o.o.» фирмасы өндіретін ELS-95 доңғалақ датчиктері арқылы орындайды. ELS-95 жолдық датчиктерінің қабылдағыш және таратқыш блоктарының орналасу өлшемдері 1 суретте көрсетілген [4].
[pic 1]
Сурет 1 – ELS-95 жолдық датчиктерінің қабылдағыш және таратқыш блоктарының орналасу өлшемдері
ELS-95 типті дөңгелек жұптарын санауға және тіркеуге арналған датчик – Польша мемлекеті, Bombardier Transportation (ZWUS) Polska компаниясымен өндіріліп шығарылады. Бұл компания келесідей дөңгелек жұптарын санауға арналған датчик типтерін өндіріп шығарады [4]:
- ELS-9501 типті CAN таратқыш типті датчик;
- ELS-9503 типті FSK таратқыш типті датчик.
Датчик кешенінің құрамына келесідей құрылғылар мен бөлшектер кіреді:
- EFM-2405 – жолдық датчиктің негізі;
- ELP-80/1 – барлық рельс типтеріне арналған, жолдық датчиктің негізін бекіткіш;
- EDS-5211 – ELS-9501 жолдық датчигі үшін арналған кассеталы жинақ;
- EDS-5213 – ELS-9503 жолдық датчигі үшін арналған кассеталы жинақ;
Дөңгелек жұптарын санауға және тіркеуге арналған датчикті орнату барысында жобаланған бекет немесе аралықтың географикалық орналасуын қатаң ескеру керек. Ең негізгі назарды рельстің оң жақ және сол жақ бөліктерін ескере отырып, жолдық датчиктің негізін және оны басқаруға арналған жолдық датчиктің алаңдық электроникасын дұрыс орнату керек.
Жоғарыда айтылған аса маңызды кемшіліктерді жою үшін, жолдық датчиктердің магниттелу қасиетін жоюға арналған арнайы екі құрылғының жұмысы зерттеледі [5]:
Бірінші нұсқадағы жолдық датчиктердің магниттену қасиетін жоюға арналған құрылғы мотовоз астына ілуге арналған. Ал екіншісі өздігінен қызмет атқаратын, яғни адамның қолымен немесе мотовозбен қосалқы жүргізілетін құрылғы түрі болып табылады. Екінші нұсқадағы жолдық датчиктің магниттену қасиетін жоюға арналған құрылғының негізгі ерекшелігі, ол – мотовоздағы арнайы жүргізілітен мойынтірекке бекітіліп, қажет болған жағдайда жүргізілуі.
...