Крандардың жүккөтергіштігі бойынша көтеру және түсіру мерзіміндегі шығырдың гидродискілі тежегіштің параметрлерін есептеу
Автор: Tanat123 • Февраль 23, 2022 • Дипломная работа • 16,579 Слов (67 Страниц) • 332 Просмотры
[pic 1]
ҚР АМПК 1014023 ДЖ ТМ | Бет | |||||
А. Құлман | ||||||
Өл | Бет | Құжат № | Қолы | Күні |
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
- Жалпы мағлұматтар
Мұнаралы кран — вертикаль орналасқан мұнараның жоғары бөлігінде бекітілген жебелі типті бұрылмалы кран түрі.Машиналар паркінде олардың үлесі — 18 % құрайды.
Қазіргі заманғы бірінші мұнаралы кранның түрі 1913 жылы пайда болды: кран, Юлиус Вольфоммен құрастырылған,мұнараның жоғары бөлігінде орналасқан бұрылмалы платформаға ие.15 жыл өткеннен кейін, 1928 жылы, алғашқы балкалы жебелі мұнаралы кран жобаланып құрастырылған,ал 1952 жылы — көтергішті кран жобаланған.
Мұнаралы крандар мемлекеттің құрылыс алаңдарында алғашқы бесжылдықтан бастап қолданыла бастады. Бірінші кеңестік мұнарлы крандар 1936 жылы дайындалды. Ұлы Отан соғысы жылдарына дейін КСРО-дағы мұнаралы крандардың паркі 200 бірлікті құраған,ал олардың жыл сайынғы шығарымы бірнеше ондаған кранды құраған.
Соғыстан кейін КСРО-дағы барлық мұнаралы крандардың 75 % -тен артығын 1946 жылдың ақпан айында ашылған Наркомстройдормаш заводы шығарды
1960 жылға дейін крандар,негізінен, мамандандырылмаған өндірістік орындармен шығарыла бастады,ол өз кезегінде машиналы парктің әртүрлі болуына әкеп соқты.1960 жылы, сол периодтағы бар болған мұнаралы кранның 80 моделі, ВНИИСтройдормаш басты өндірістік институтпен сегіз базалы типөлшемнен унификацияланған крандар қатары жобаланады.
Сондай-ақ арнайыландырылған кранқұрастырушы кәсіпорындарда унификацияланған механизмдерді шығару үшін жоспарлы организация іске асырыла бастады. Ол бір мезетте мүмкіндік береді:
25 — 50 %жұмыс сенімділігін арттыруға.
10 — 25 % шығару бағасын төмендетуге.
Жөндеу үшін элементті әдісті қолдануға.
Жобалық мерзімді қысқартуға.
Кран құрылымы әрдайым жетілдіріліп отырды,жаңа модельдер пайда болды,сипаттамалары жақсартылды,мұнаралы крандардың қолданылу аясы кеңейді. Егер бірінші шыққан крандар жүккөтергіштігі 0,5 т-дан 1,5 т-ға дейін, көтеру биіктігі 20-дан 30 м-ге дейін болса,1980 жылы жүккөтергіштігі 50 т-ға дейінгі,көтеру биіктігі 150 м-ге дейінгі крандар пайда болды.1976 жылдан 1980 жылға дейінгі периодта бесінші алтыншы өлшемді топты крандар пайда болды (КБ-504, КБ-674, КБ-675, КБ-676), жоғары техникалық сипаттамаларға ие болды.1980 жылдың орта тұсында елде модульді крандар ретін өңдеуге дайындық басталды (КБМ-301, КБМ-401, КБМ-571).
1980 жылдың басында елде 28 арнайыландырылған кранқұрастырушы кәсіпорындар жұмыс істеді, РСФСР, УССР мен Грузин ССР-де орналасты.Жекелеген партиялармен Қазақ ССР-да крандар жасалды.
Жыл сайын 1980 жылдың басында краноқұрастырушы кәсіпорындар 3 мыңға дейін кран шығарды, ал 1985 жылы — 4 мыңға дейін шығарды. Құрылыс өндірісінің қажеттілігі шығару көлемінен мың данаға артық болды. Эксплуатацияда Кеңестік Одақтың аумағында әртүрлі 120 үлгідегі шамамен 50 мың мұнаралы кран болды.
Қайта құру аяқталған,КСРО құлап және кран өндірісі саласы мен құрылыс саласында экономикалық реформалардың басталысымен қиын уақыттар бастан өтті: бір крандар сақтау базаларына апарылса,енді біреулері — консервацияланды,ал үшіншілері — металлоломға жіберілді.Кран дайындаушылардың санымен бірге оларды шығару көлемі де азайды. Тек тамыздағы экономикалық кризистен кейін ресей өндірісінде мұнаралы крандардың тұрақты өсімі байқалды.
2004 жылдың жағдайы бойынша Ресейде сегіз мұнаралы кран өндірісі жұмыс істеді, ал келесі жылы — жеті. 2007 жылы өндірушілер саны тоғызға дейін артты. Соңғы уақыттары шетелден келетін импорт крандардың саны артты (Германия, Франция, Испания, Италия, ҚХР және басқалары),олардың ресей нарығындағы үлесі 2005 жылы 40 % құрады(олардың төрттен бір бөлігі — жаңа).
Госгорпромнадзор мәліметтеріне сәйкес, Украинада ( 2008 жылдың 1 қаңтардағы қабілеті бойынша) 5336 мұнаралы кран эксплуатацияланды,оның үлкен бөлігі кеңестік дәуірде жасалған. Ресей аумағына 2000 жылдың бас жағында 24477 мұнаралы кран тіркелген.
...