Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмыстық сұйықтың айналым жүесі

Автор:   •  Июнь 4, 2019  •  Реферат  •  754 Слов (4 Страниц)  •  617 Просмотры

Страница 1 из 4

                             Жұмыстық сұйықтың айналым жүесі.

Гидрожетектер жұмыстық сұйығының айналымына қарай

 1.тұйықталған  және

2.тұйықталмаған  болып бөлінеді.

1.Тұйықталмаған айналым жүйесі

Тұйықталмаған айналым жүйесінде  (25а-сурет) насос (2) бактан (13) сұйықты сорады және оны гидроцилиндрге 6 береді, бұдан кейін істен шыққан сұйық гидробакка келіп құйылады. Гидробакта сұйық айналымы  тазартылады. Өте жоғары қысым болған жағдайда сақтандырғыш клапан 11 жұмыс істейді және арындық желідегі 4 сұйық осы бакқа келіп құйылады.

[pic 1]

26-сурет. Насостық гидрожетектің принципиальды  сұлбасы.

Гидроүлестіргіштің  5 белгіленген орнында (бұл орынды шартты түрде бірінші позиция деп есептейміз) сұйық қысым арқылы гидроцилиндрдің (7) поршенді жолағына келіп түседі, гидроцилиндрдің шығушы  звеносы (шток) төмен қарай орын ауыстырады  және штокты жолақта (8) ығыстырылған сұйық құймалы желі (9) мен сүзгі (10) (кондиционер) арқылы бакқа құйылады.

Гидроқозғалтқыштың шығушы звеносының  қозғалысы  жоғары болуы үшін басқа позицияда гидроүлестіргішке  жауып-реттеуші элементті басқа позициясына орнату қажет (26б-сурет) орнында (бұл орынды шартты түрде екінші позиция деп есептейміз). Сонда оның аралықтарын (каналдарын) гидроцилиндрдің  штокты жолағы арындық жолақпен жалғайды, ал поршенді  жолақ- құймалы жолақпен жалғасады.

 Үшінші позицияда (26в-сурет) гидроқозғалтқыштың шығушы звеносын қажетті орынға келтіруі /фиксация/ көрсетілген. Бұл жағдайда  сұйық поршенді және штокты жолақтарда гидроүлестіргіштің жабық аралықтарымен бекітілген, ал арындық жолақ құймалы жолаққа жалғанады, бұл насосты жүктеуден босатады, яғни жұмыс істеп тұрған насос гидроцилиндр жүктемесінен босатылады және арындық жолақтағы жұмыстың сұйық гидробакқа еркін құйылып отырады.

Шығушы звеносы ілгерлемелі қозғалыс жасайтын гидрожетектің қарастырылып отырған сұлбасында (26а – сурет) гидроцилиндр штогының жылдамдығын реттеу ағын реттегіші (3) (дросельді реттегіш) арқылы іске асырады, мұнда гидробакқа сұйық бөліктерін жеткізу арқылы гидроцилиндрдегі сұйық шығынын өзгертіп отырады /артығын гидробакқа жібереді/.

2.Тұйықталған айналым жүйесі

Тұйықталған айналым жүйесінде  (27-сурет) насос (1) және гидроқозғалтғыш (6) (гидромотор) сақиналы /кольцевая/ гидрожеліге қосылған, мұнда сұйық кез-келген бағытта айналым жасай алады. Гидроқозғалтқыштағы істен шыққан сұйық гидробак (7) желісі соқпай тікелей насосқа түседі.

[pic 2]

27-сурет. Сұйық айналымы тұйықталған  гидрожетек  сұлбасы.

Кез-келген  жартылай сақина сорушы және арындық желісі бола алатын мүмкіншілігі бар, сол себептен толтыру жүйесінде екі кері  толтырушы клапан  (3) орнатылады. 

11-ші құйма клапанына сәйкес келетін реттеуіштер артық қысымды қажет ететін сорушы желі арқылы іске асырылады.

Гидро жетекті артық  жүктемеден сақтау (қорғау)  үшін сорушы гидрожеліге сәйкес  сұйықты жіберіп  отыратын екі сақтандырғыш клапан (2) жұмыс істейді.

Әрбір айналым  жүйесінің

 өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар.

1.Тұйықталмаған айналым жүйесінің артықшылығы мен кемшілігі

Артықшылығы: 

1.жұмыстық сұйық жағдайын бақылау ыңғайлылығы,

2. оның суыту және тұнба алуының ыңғайлығы,

3.қарапайымдылығы.

...

Скачать:   txt (10.3 Kb)   pdf (169.6 Kb)   docx (19.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club