Сұйықтың физикалық қасиеттерін зерттеу
Автор: Аружан Пернебай • Октябрь 2, 2022 • Реферат • 1,920 Слов (8 Страниц) • 424 Просмотры
[pic 1] | |
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасы | Сәйкес номері 11беттіңбеті |
Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар |
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
СҰЙЫҚТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Пәні: Химиялық және фармацевтикалық өндірістің процестері мен аппараттары-1
Пән коды: PAHFP 2201-1
БББ атауы: «6В0720100 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Оқыту сағаттарының/кредиттердің көлемі: 180/6
Курс және оқу семестрі: 2 курс және 3 семестр
Зертханалық (семинар) сабақтары: 30 сағат
Шымкент, 2022
Сұйықтардың физикалық қасиеттерін зерттеу бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар «Химиялық және фармацевтикалық өндірістің процестері мен аппараттары-1» пәнінің жұмыс бағдарламасына (силлабус) сәйкес әзірленіп, кафедра отырысында талқыланды
Хаттама №__ «__»___2022 ж
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., м.а профессор _____________ К.Е. Арыстанбаев
1-тақырып: Сұйықтың физикалық қасиеттерін зерттеу
Мақсаты: Сұйықтардың тығыздығын, термиялық кеңеюін, тұтқырлығын және беттік керілуін өлшеу әдістемелерін меңгеру.
Оқыту мақсаты:
Студент білу керек:
- сұйықтың негізгі физикалық қасиеттерін;
- сұйықтың тығыздығын анықтау әдістерін;
- термиялық кеңею коэффициентін анықтау әдістерін;
- тұтқырлық коэффициентін анықтау әдістерін;
- беттік керілу коэффициентін анықтау әдістерін.
Студент істей алуға тиіс:
- сұйықтықтың тығыздығын өлшеу;
- термиялық кеңею коэффициентін өлшеу;
- тұтқырлық коэффициенттерін өлшеу;
- беттік керілу коэффициентін өлшеу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Сұйықтықтың негізгі физикалық қасиеттері.
- Сұйықтың физикалық қасиеттерін анықтау әдістері.
- Сұйықтың физикалық қасиеттерін анықтауға арналған құрылғылар.
Білім берудің және оқытудың әдістері:
Студенттер «Капелька» зертханалық қондырғысында сұйықтықтың негізгі физикалық қасиеттерін танысуы керек. Қондырғыда:
Термометриялық сұйықтықтың термиялық кеңею коэффициентін анықтаңыз
- Ареометрмен сұйықтың тығыздығын өлшеңіздер
- Стокс вискозиметрімен сұйықтықтың тұтқырлығын анықтаңыздар
- Капиллярлық вискозиметрмен сұйықтықтың тұтқырлығын өлшеңіздер
- Сталагмометрмен сұйықтың беттік керілу коэффициентін өлшеңіздер
- Алынған эксперименттік мәліметтерді олардың кестелік мәндерімен салыстырыңыз.
1.1 Теориялық мәліметтер.
Сұйықтар – аққыштығы бар физикалық денелер, яғни өте аз күштердің әсерінен ағып кету мүмкіндігі. Ағындық процесс – сұйық қабаттарының салыстырмалы сырғуы (ығысу деформациясы). Сұйықтар екі топқа бөлінеді: аз мөлшерде (су, май) тамшы пішіні тәрізді тамшылайтын, және газ тәрізді (ауа, газдар).
Сұйықтың негізгі сипаттамаларына тығыздық, сығылғыштық, термиялық кеңею, тұтқырлық және беттік керілу жатады.
Тығыздық ρ – сұйықтың массасының 𝑚 көлемінің 𝑊 мөлшеріне, ал γ үлес салмағы сұйықтық көлемінің бірлік G салмағына қатынасы:
ρ = 𝑚⁄𝑊; γ = 𝐺⁄𝑊 = ρ𝑔 ,
мұндағы 𝑔 – ауырлық күшінің үдеуі.
Сығылғыштық – қысым кезінде сұйықтықтың көлемін азайту қасиеті. Ол қысымның 𝑝 бірлігіне ұлғаюымен сұйықтық көлемінің салыстырмалы азаюын көрсететін β𝑝 сығылу коэффициентімен бағаланады:
β𝑝= −(ΔW⁄𝑊)⁄Δ 𝑝.
β𝑝 кері шамасы сұйықтықтың көлемдік серпімділік модулі деп аталады
...