Қиыршық тас химиялық қалдықтар негізінде
Автор: aidan-ka97 • Сентябрь 11, 2018 • Курсовая работа • 4,230 Слов (17 Страниц) • 1,085 Просмотры
Кіріспе
Қиыршық тас – сұранысқа ие болып табылатын құрылыс материалдардың бір түрі. Көптеген кәсіпорындар оның өндірісімен айналысады.
Жоғары бәсекелестік – өнім құнының төмендеу жолдарын табудың керемет стимулы болып табылады. Жасанды түрде жасалынған қымбат емес материалдың керемет үлгісі – қожды қиыршық тас. Қож қиыршық тасты металлургиялық қожды ұсақтаумен немесе отты-сұйық қожды балқытпалардың арнайы өңдеуімен алады.
Бетонға арналған толтырғыштармен құрылыс индустриясын қамтамасыз етудің айтарлықтай қоры металлургиялық қож болып табылады.
Металлургиялық өнеркәсіп жыл сайын шамамен 332 мың т. қождар береді, ал үйінділерде олар шамамен 400 мың т. жиналды. Бұл негізінен домна қождары, сондай-ақ мартеновтық, вагронкалық және басқалары. Онда шойынды балқытқанда негізгі өнімнің әр бір тоннасынан 0,5-1 т. қож алады. Егер шығысты массамен емес көлеммен есептесек қож шойынға қарағанда 2-3 есе көп алынады. Сондықтан қождарды қалдық деп атау шартты. Шын мәнінде бұл қалдық емес, осындай бағалы жол бойы алынған өнім.
Тау жыныстарынан жасалған шағылға қарағанда қож қиыршық тасының физика-механикалық қасиеттері аса кең аралықта өзгереді. Ол шикізаттық материалдың сапасы және технологиялық параметрлердің ауытқуымен шартталады.
Құрылыс материалдарын өндіру өнертабысқа жатады: бетонға, теміржолдарға және автожолдардың құрылысына, дренаждық қабаттардың қалыптасуына және тағы да басқаларына толтырғыш ретінде пайдаланылуы мүмкін қиыршық тас өндіреді.
Қиыршық тасқа қойылатын талаптар оны қолдану бағыттары бойынша айқындалады. Маңызды көрсеткіштердің бірі – мұздату және еріту циклдерінің саны алынған қиыршық тастың аязға төзімділігі, суды қаныққан қиыршық тасты оның беріктігін өзгертпестен төтеп беру.
Метталлургиялық қождарды жеткіліксіз қолдану ұтысты алмауға ғана емес, сонымен негізгі метталургиялық өнімнің қожды шығаруға және өте үлкен шығындар есебінен қымбаттауға алып келеді.
Сондықтан әртүрлі технологиялық өнеркәсіп қалдықтарыннан алынған қож басқа өнімнің өндірісі құрамы болып табылады.
Бұл курстық жұмыста көрсетілген технология Қазақстанның Шығыс өңірінде металлургия қалдығы негізіндігі қиыршықтастың өндірісі келтірілген.
1 Шығарылатын өнімнің номенклатурасы
Қиыршықтас тас – бейорганикалық, түйіршікті, өлшемі 5 мм-ден аса (еуропалық үлгі бойынша 3 мм-ден аса) дәндері бар сусыма материал. Қиыршық тасының сыртқы көрінісі 1-суретте көрсетілген.
Бетонға арналған толтырғыштармен құрылыс индустриясын қамтамасыз етудің айтарлықтай қоры металлургиялық қож болып табылады. Себу кезіндегі тығыздығының мөлшері бойынша қожды толтырғыштар ауыр (ρ0> 1000 кг/м3) және жеңіл (ρ0 <=1000 кг/м3), ал түйіршіктердің ірілігі бойынша – ұсақ (< 5 мм) және ірі (> 5 мм). Қож қиыршық тасының сыртқы көрінісі 1 суретте көрсетілген.
[pic 1]
1 сурет – Қож қиыршық тасының сыртқы көрінісі
Қож қиыршық тасты металлургиялық қожды ұсақтаумен немесе отты-сұйық қожды балқытпалардың арнайы өңдеуімен алады. Шағылды өңдеу үшін, негізінен, үйінді қождарды, түсті металлургияның болат балқытатын (шағылға өңдеу үшін жарамды), сонымен қатар мыс қорытатын, никельді және басқа қождарын қолданады. Физика-механикалық қасиеттері бойынша тығыз табиғи тасты материалдардың ұсақталған өнімдеріне дес бермейтін бетон толтырғыштарының әсерлі ауыр түрлеріне құйма қож қиыршық тас жатады. Құйма қож қиыршық тастың физика-механикалық қасиеттері 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте – Құйма қож қиыршық тастың физика-механикалық қасиеттері
Қасиеті | Өлшемі |
Кесектердің орташа тығыздығы, кг/м3 | 2200-2800 |
Нақты тығыздығы, кг/м3 | 2900-3000 |
Қысуға беріктік шегі, МПа | 60-100 |
Су сіңіру, % масс. | 1-5 |
Шағылдың үймелік тығыздығы, кг/м3 | 1200-1500 |
Түйіршіктердің ірілігіне тәуелді қиыршық тас келесі фракцияларға бөлінеді: 5-10, 10-20, 20-40, 40-70, 70-120 мм. Қож шақпатастың төзімділігі оның таңбасымен (марка) сипатталады. Ауыр бетонның толтырғышы ретінде пайдаланылатын домна қожынан жасалған шағыл үшін төзімділігі бойынша бес таңба (марка) орнатылды. Құйма қож қиыршық тастың көрсеткіштері 2 кестеде көрсетілген.
...