Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Торлы жоспарлау туралы жалпы түсінік

Автор:   •  Февраль 15, 2018  •  Лекция  •  2,661 Слов (11 Страниц)  •  1,282 Просмотры

Страница 1 из 11

11- Дәріс

Тақырыбы - «Торлы жоспарлау туралы жалпы түсінік»

Дәрістің жоспары: 

  1. Торлы жоспарлаудың классификациясы

                    2.  Құрылыстағы торлы графикті есептеу

Дәрістің мақсаты:  Торлы жобалау мен ұйымдастырудың басты шарты құрылыс мерзімін кеміту, ал ол өз кезегінде құрылысты салу шығындарын азайтатынын көрсету.

 Негізігі және қосымша әдебиеттер:/3,60-89/,/4,б.37-38/,/8,б.126-127,

                                                             /10,193-209/

          Торлы моделдеу өндірісті оперативті баскару үшін қолданылады.

          Ең алғаш ол 1956-1957 жылдары АКШ-та колданылады. 1962 жылы Германия, Италия, Англияда, ал 1964 жылы Советтер одағында колданыла бастады.

            МЕСТ 3.01.01-85 бойынша кұрылысты ұйымдастыруда торлы жобалау күрделі және комплексті нысандарда колданылады.

Жүйенің торлы жоспарлау және басқару негізі болып саналатын торлы график, бұл барлық операцияларды технологиялық және ұйымдасқан түрде көрсететін жобалауда, құрылыста және басқа да жағдайларда орындалатын жұмыстардың графикалық моделі.

Құрылыста қолданылатын торлы жоспарлау және басқару жүйесі  торлар саны, торлы модельдің мөлшері, жоспарланатын және басқарылатын көрсеткіштер, жұмыстың уақытша бағасының сипаттамасы, ресурстар бойынша шектеу, жұмысты қамту белгілері бойынша классификацияланады.

Құрылыста немесе жобалау практикасында бір торлы графикпен сипатталатын бірторлы жүйе кеңінен таралған.

Күрделі көліктік кешендердің құрылысы  мен жобалауында торлы графиктерді жасауда қиындықтар туындайды, сондықтан оны бір – бірімен байланыстыра отырып, жеке бөлімшелер немесе нысандарға жасайды. Өзіндік графиктермен сипатталатын нысандағы жұмыстар кешені мен өзара байланыста орындалатын жұмыстардың мерзімі бір – бірімен байланысты болса жүйе көпторлы деп аталады. Мысалы: әртүрлі негізгі мердігерлердің  құрылыс ұйымдары жүргізетін жұмыстарында, жаңа темір жол немесе автокөлік жолдарының жеке бөлімшелері үшін өзіндік торлы графиктер жасалынуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда жұмысты тез аяқтау үшін уақытша қозғалысты ашатын тек бір график жасаған тиімді, ал кейін екіншісі – желіні тұрақты пайдалануға беру үшін жасалады. Жұмыстың санына қарай торлы модельдерді үлкен (10 мың. жоғары жұмыс), орташа (1,5-нан 10 мың. жұмыс) және кіші (1,5-ға дейін) мөлшердегі болып бөлінеді.

Торлы графиктерді соңғы өнімді алу мақсатының саны бойынша бір мақсатты және көп мақсатты деп бөледі. Бір нысанды жобалауда немесе құрылысында торлы графиктің тек бір мақсаты болады, ол нысанның құрылысын немесе жобалауын аяқтаумен анықталады. Көп мақсатты ТЖБ бірқатар өзіндік нысандардың жобалауы мен құрылысын тек бір жұмыс күшімен орындағанда және торлы график бірқатар нысандардың жұмысын қамтығанда жасалады.

Қазіргі кезеңде құрылыста кеңінен тараған ТЖБ жүйесі, ол өндірістегі жұмыстың ешбір шығынсыз және уақытылы орындалуын бақылайды.

ТЖБ жүйесі сонымен қатар жобалауға немесе құрылысқа кететін шығындарды да бақылайды.

 Торлы графиктегі жұмыстың орындалу мерзімі детерминдік болады, егер мүмкіндік белгілі бір диапазонда өзгеріп отырса. Құрылыста көбінде детерминдік бағалы торлы график қолданылады. Практикада күрделі көліктік кешенді жобалауда мүмкіндікті бағалы графикті қолдану тиімді болуы мүмкін.

Жұмысты қамтуына қарай графиктері: кешенді, жеке және алғашқы (локальды) деп бөледі. Кешенді торлы графиктер әртүрлі ұйымдармен, бөлімдермен, топтармен орындалатын нысандағы құрылыс және жобалау жұмыстарын біріктіреді. Жобаның немесе нысанның бір бөлігі болып, жеке ұйымдармен орындалатын жұмыстар жеке торлы графиктермен қамтылады. Жеке жауапты атқарушылармен орындалатын жұмыстарды локальды графиктер біріктіреді.

...

Скачать:   txt (22.6 Kb)   pdf (174.8 Kb)   docx (22.2 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club