Статистика туралы жалпы тҥсінік
Автор: mukhtar.magzhan • Декабрь 13, 2021 • Контрольная работа • 2,600 Слов (11 Страниц) • 409 Просмотры
«Статистика» курсы экономикалық жоғары оқу орындарының кӛптеген мамандықтары үшін базалық пән болып саналады. Мұның ӛзі статистикалық мәліметтермен жұмыс істейтін экономика маманы статистикалық әдістердің маңызын түсініп, оларды әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттегенде қолдана білуі керектігін кӛрсетеді.
Қоғам ӛміріндегі статистиканың маңызын И. Ильф пен Е. Петровтың «12 орындық» романындағы «Статистика бәрін біледі» деген ел арасына кӛп тараған сӛзі-ақ білдіреді. Қазіргі кезде статистиканы қолданбайтын экономикалық әрекет түрін табу қиын. Статистикасыз шаруашылық субъектісінің де, жеке бір елдің де экономикалық әрекетінің нәтижесін сипаттау мүмкін емес. Экономикалық білім жүйесінде статистикалық білімнің рӛлі әлемнің барлық елдерінде ӛсуде. Оған саясат, экономика, басқа да салаларда белгілі бір шешімді қабылдау үшін статистикалық ақпаратты қолдана білу қажеттілігінің ӛсуі бірден-бір себеп болуда, Сондықтан бүгінгі күні еңбек рыногында бәсекеге қабілетті болу үшін экономика, қаржы, маркетинг, менеджмент салаларының мамандары статистикалық әдіснаманы, яғни мәліметтерді жинау, ӛңдеу, талдау әдістерін білуі және оларды ӛз мамандығы аясында қолдана алуы қажет.
Статистика ғылым ретінде статистика теориясы, экономикалық статистика, әлеуметтік-демографиялық статистика сияқты пәндердің біртұтас жүйесін құрайды. Статистика теориясы – әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы принциптері мен статистикалық әдістері туралы ғылым, ол бұқаралық қоғамдық құбылыстарды статистикалық тұрғыдан зерттеудің әдістемесін әзірлейді. Сондықтан статистика теориясы барлық салалық статистиканың әдістемелік негізі болып саналады.
Экономикалық статистиканың негізгі міндеттері ретінде ұлттық экономиканың даму қарқынын, құрылымын, салалардың ӛзара байланысын сипаттайтын кӛрсеткіштерді есептеу және талдау әдістемесін әзірлеу, сол сияқты ұлттық шоттар жүйесі негізінде макроэкономикалық статистикалық үлгіні құруды атауға болады.
Әлеуметтік-демографиялық статистика халықтың ӛмір салтын, әлеуметтік қатынастардың сан алуан жақтарын сипаттайтын кӛрсеткіштер жүйесін қалыптастырады.
Басқа ғылымдар сияқты статистиканы оқып үйрену үшін оның ӛзіне тән арнайы әдістері қолданылады. Статистикалық әдістерді экономиканың кезкелген саласында қолдануға болады. Ол туралы ағылшынның атақты экономисті Артур Боули ӛзінің «Статистика элементтері» атты еңбегінде жазған. Оның «Статистиканы білу – шет тілдерді немесе алгебраны білу сияқты, ол кез келген уақытта, кез келген жағдайда қажет болады» деген сӛздері статистикалық әдістердің әмбебап екендігін кӛрсетеді.
Ұсынылып отырған оқулықта статистикалық бақылау, топтау, жинақтау, абсолютті, қатысты, орташа шамалар, ішінара бақылау, динамикалық қатарлар, индекстер, корреляциялық-регрессиялық талдау сияқты статистикалық әдістер, сонымен қатар халық және еңбек ресурстары статистикасы, ұлттық шоттар жүйесі, халықтың тұрмыс деңгейі статистикасы қарастырылған. Теориялық материал статистикалық жинақтардағы нақты мәліметтер негізінде құрылған мысалдармен толықтырылған. Әр тарау соңында қысқаша қорытынды жасалып, тақырып бойынша сұрақтар, тест тапсырмалары, есептер берілген. Сонымен қатар оқулықта глоссарий, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңы, қосымшалар ретінде әр түрлі математикалықстатистикалық кестелер, 2009 жылы Қазақстанда ӛткізілген ұлттық санақтың санақ парақтары кӛрсетілген.
Оқулықта автордың 2010 жылы баспадан жарық кӛрген «Статистика теориясы» оқу құралы қайта ӛңделіп, типтік оқу бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық статистиканың тарауларымен толықтырылған. Оқулық экономика мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының студенттерiне, оқытушыларға
...