Металл конструкциялардың қосылыстары. Жалпы сипаттама. Дәнекерленген қосылыстар
Автор: Zhansaya25 • Март 3, 2022 • Контрольная работа • 1,441 Слов (6 Страниц) • 596 Просмотры
Дәріс№2. Металл конструкциялардың қосылыстары. Жалпы сипаттама. Дәнекерленген қосылыстар. Дәнекерленген жіктердің есебі. Дәнекерленген қосылыстардың түрлері. Конструктивтік талаптар.
Жалпы сипаттама
Металл конструкциялардың қосылыстары жеке элементтердің бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылады. Зауыттарда МК бөлек элементтерден (парақты болат және прокатты профильдер) дайындайды. Осы элементтерді әртүрлі қосылыстармен бір-біріне қосады. Қосылыстың түрлері келесі факторларға байланысты: конструкцияның түрлеріне, жүктердің түріне және мөлшеріне, элементтердің кернеулі күйіне, жұмыс жағдайына, дайындау технологиясына және т.б.
МК-да қазіргі кезде дәнекерленген, болтты және тойтарма шегелі қосылыстар қолданылады.
Дәнекерленген қосылыстар – ең көп таралған қосылыстар. МК-дың 90% дәнекерленген болып жасалынады. Дәнекерленген қосылыстар басқа қосылыстарға қарағанда металл шығыны мен уақытты аз талап етеді. Бұл қосылыстардың беріктігі және жіктердің сапасы өте жоғары болады. Дәнекерленген қосылыстардың ерекшелігі су-газ өткізбеу қасиеті. Кемшілігі – ішкі кернеулердің пайда болуы қосылыстың морт қирауына ықпал етуі мүмкін.
Болтты қосылыстар да МК-рында кең қолданылады. Олар монтажды құрастыратын немесе ажыратылатын конструкцияларда қолданылады. Болтты қосылыстардың артықшылығы: қарапайымдылығы мен қосылыстың сенімділігі. Кемшілігі – қосылатын конструкцияларда тесіктерді дайындауына байланысты металлдың шығыны пайда болады; қосылыстағы болт пен тесіктің арасындағы саңылауда ығысу күштері артады. Қазіргі кезде қосылыстарда жоғары берікті болттарды қолдануына байланысты олардың деформациялануын азайтуға болады.
Тойтарма шегелі қосылыстардың қолдануы қазіргі кезде азайтылды, себебі олар жоғарыдағы қосылыстарға қарағанда қымбат және күрделі. Бірақ шегенді қосылыстар өте жоғары сенімділігіне байланысты таңбалары әртүрлі және тербермелі жүктер әсер ететін, ауыр режимде жұмыс істейтін конструкцияларда қолданылады (теміржол көпірлері және т.б.).
Дәнекерленген қосылыстар
Құрылыс конструкцияларында негізінен электрдоғалы дәнекерлеу қолданылады: қолмен, жартылай автоматты, автоматты және электршлакты. Газбен дәнекерлеу сирек қолданылады.
Электрдоғалы дәнекерлеу процессінде дәнекерленетін детальдардың арасында электрлік доға пайда болады. Соның себебінен детальдар сұйықты күйге дейін жергілікті қыздырылады және осыдан кейін детальдар бір-біріне қосылады. Пісіріп дәнекерленген металлдың негізгі металлға еңіп кеткен тереңдігін ерітіп дәнекерлену тереңдігі деп атайды (провар).
Автоматты электрдоғалы дәнекерленудің еңбек өнімділігі және қосылыстардың сапасы жоғары болады. Жартылай автоматты электрдоғалы дәнекерленуде еңбек өнімділігі және қосылыстардың сапасы төмендеу. Ал қол доғалы дәнекерленудің сапасы пісіруші жұмысшының тәжірибесіне байланысты, ал еңбек өнімділігі одан да төмен.
Пісіріп дәнекерленген кезде металлдарға зиянды қоспаларды (оттегі, азот) кіргізуге жол бермеу үшін және дәнекерленуді сапалы жүргізу үшін автоматты және жартылай автоматты дәнекерлеу флюс материалының астында жасайды (сусымалы материал). Ал қол доғалы дәнекерленуді электрод арқылы жасайды.
Пісіріп дәнекерленген кезде флюс және электрод материалы еріп шлак және газ пайда болады, олар дәнекерленген жікті қорғап оның сапасын қамтамасыз етеді.
ГОСТ 9467-75 бойынша қол доғалы дәнекерлеуде қолданылатын электродтар келесі түрлерге бөлінеді:
- Э38, Э42, Э46, Э50 – беріктік шегі 500 МПа-ға дейінгі көміртекті және аз легирленген болаттарды дәнекерленуге арналған (электродтың түрлерінде көрсетілген сан жік металының беріктік шегін көрсетеді, өлшемі кг/м2);
- Э42А, Э46А, Э50А – жоғарғы аталған болаттардың пластикалық және соққы тұтқырлық қасиеттеріне жоғары қойылғанда қолданылатын электродтар.
- Э70, Э85, Э150 – беріктік шегі 600 МПа-дан жоғары легирленген болаттарды дәнекерленуге арналған.
Алюминий қорытпалардын дәнекерлеу үшін арнайы электрод және флюстар қолданылады және дәнекерлену жұмысы инертті газ (аргон) ортасында өтеді.
...