Грегариналардың құрылысымен даму циклі
Автор: Akkumis Urinbasarova • Октябрь 16, 2020 • Реферат • 890 Слов (4 Страниц) • 1,340 Просмотры
№3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Грегариналардың құрылысымен даму циклі.
Патшалық тармағы Protozoa – Қарапайымдылар.
Тип Sporozoa - Споралылар
Класс Gregarinina - Грегариналар
Отряд Eugregarinida – Нағыз грегариналар
Өкілі Hyrmocystis sp.
Класс Coccidiomorpha – Кокцидия тәрізділер
Класс тармағы Coccidiida - Кокцидиялар
Өкілі: Eimeria sp. – Эймерия
Отряд Haemosporidia – Қанды споралылар
Өкілі Plasmodium sp. Безгек плазмодиясы
Мақсаты: Грегариналардың құрысылымен және даму циклімен танысу. Споралылардың даму циклімен танысу.
Құралдар: Ұн қоңызының личинкаларындағы тірі грегариналары. Тұрақты гистологиялық препараттар (безгек плазмодиясы бар қан тамшысының жағындысы, қоянның кокцидиялар мен зақымданған ішегінің кесіндісі).
Тапсырмалар:
- Қара тарақан немесе ұн қоңызының дәрнәсілін сойып, ішек заттарынан препарат жасап, грегаринаны табу.
- Табылған грегаринаның дене құрылысын анықтап ажыратып, оны сипаттап жазу, тұрақты препаратпен немесе кітаптағы схемасымен салыстыру.
- Грегаринаның дене құрылысынан паразиттік тіршілікке бейімделу белгілерін анықтау. Грегаринаның көбею, даму циклін анықтап оқып, схемасын сызу.
- Омыртқалы жануарлардың ішкі клетка паразиттерімен танысу. Олардың клеткалық құрылысын анықтау.
- Кокцидиялардың даму циклдерін талдау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу.
Жалпы сипаттама:
Sporozoa типі тек қана паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Тіршілік циклында жыныссыз көбею жынысты процесс және спорогония алмасып отырады. Жыныссыз көбею бірден көп санға бөліну – шизогония жолымен немесе кейбір спораларда екіге бөліну арқылы жүреді.
Грегариналар – омыртқасыз жануарлардың түрлі топтарының паразиттері, әсіресе, буынаяқтыларда көп. Тіршілік циклінің көп бөлімінде – дене қуысының немесе ішектің клетка сырты паразиті, сирек – жыныс бездерінің паразиті. Көпшілік грегариналар бір клеткадан тұрғанымен үш буынды болады (эпи-, прото- және дейтомерит).
Ауыз тесігі мен қылаулатқышы және жиырылғыш вакуолі болмайды. Қоректенуі мен тыныс алуы бүкіл денесімен жүреді.
Кокцидиялар – клетка ішілік паразит. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішегінің, бауырының, бүйректерінің және басқа мүшелерінің эпителий клеткаларында паразитті тіршілік етеді. Пішіні дөңгелек және дейтомеритке бөлінбеген. Дұрыс алмасып отыратын жынысты және жыныссыз көбею әдістері тән. Жыныссыз көбею бірден көп санға бөліну немесе екіге ерекше бөліну жолдарымен жүзеге асады. Көпшілік кокцидияларға бір ғана ие болады да, спорогония сыртқы ортада жүреді. Басқалары иесін ауыстырып жүреді. Оларда жыныссыз көбею бір иеде, ал жынысты көбею мен спорогония екінші иесінде өтеді. Сонымен кокцидияның тіршілік циклдары әртүрлі.
Eimeris туысының көп түрлері әр түрлі омыртқалыларда, яғни үй қояндарында, ірі қарада және үй құстарында паразитті тіршілік етіп, шаруашылыққа көп зиян келтіреді. Ооцистамен бірге иесіне келіп түскен спорозонттар ішектің клеткаларына барып, өсе бастайды да шизогония жолымен жыныссыз көбейеді, пайда болған шизонт көп ядролы. Сонан кейін шизонттың денесі ұсақ бір ядролы құрт тәрізді клеткалар – мерозоиттар тобына ажырайды: мерозоиттар ішекке түсіп активті түрде көрші клеткаларға барып, шизонттарға айналады.
Тапсырмаға түсініктеме: Уақытша препаратты дайындау әдісі: ұн қоңызының личинкасының басын және артқы денесінің ұшын кесіп, пинцетпен ішегін шығарып алып, әйнекке салу керек. Ішекті ұзындығынан жарып, су тамшысын тамызып, жапқыш әйнекпен жауып, микроскоп арқылы грегариналарды табу керек.
Грегариналардың құрылысымен танысып, трофозоид және сизигий кезеңдерінің суретін салу. Грегариналардың даму циклін анықтап оқып, схемасын сызу.
Тұрақты препаратты пайдаланып, қоянның зақымданған ішегінен кокцидияларды тауып, кокцидияның даму кезеңімен танысып, суретін салу (шизогония, гаметогония, спорогония). Даму циклінің жалпы схемасын салу.
...