Бетон беріктігіне күл қоспасының әсері
Автор: assandu • Ноябрь 29, 2018 • Реферат • 1,380 Слов (6 Страниц) • 898 Просмотры
Бетонның беріктілігіне күл қоспасының әсері
Жұмысының мақсаты: Бетон құрамын есептегенде ең негізгі көп тараған тәсіл – абсолюттік көлемінде есептеу әдісін үйреніп оны жұмыста қолдану.Бетон жасағанда қолданылатын шикізаттар, бетон араласпасының қасиеті және қатайған бетондар төмендегі құжаттардың талаптарын орындау қажет:
МС/ГОСТ | 10178-85 | Портландцемент және шлакопортландцемент. Техникалық шарттары. |
МС | 10268-80 | Ауыр бетон. Толтырғыштарға қойылатын техникалық шарттар. |
МС | 7473-76 | Бетондарға және ерітіндіге жұмсалатын су. Техникалық шарттар. |
МС | 7473-76 | Бетон араласпаларына қойылатын техникалық шарттар. |
МС | 110181.1-81 | Бетон араласпаларының жайылып төселгіштігін анықтайтын тәсіл. |
МС | 25485-82 | Бетондардың класқа бөлінуі және қойылатын жалпы техникалық талаптар. |
Берілген мөлшерде есептелініп алынған байланыстырғышпен, толтырғыштармен және сумен араласып қалыпталынып қатайған жасанды тас материалын бетон деп атайды.
Бетон жасағанда байланыстырғыш зат ретінде цемент, әк, гипс, битум және полимерлер қолданылады.
Толтырғыштар ретінде табиғи тас жыныстарынан (известняк тасы – гранит т.б.) ұстау арқылы алынған жарықшақ (шебень) тас, қиыршық тас (гравий) және құм пайдаланылады.
Бетон араласпалары жылжымалы және қатты (тұтқырлы) болып келеді. Жылжымалығын бетон араласпаларынан жасалынған конустың шөгіну шамасымен анықтайды (к.ш.см), қаттылығын (жесткость) аспаптағы қалыпта алдын-ала жасалынған (тұрғызғын) конус пішіні сілкіп-тербетілгенде (вибрация) қалыпта беті тегістеліп жайылғанға кеткен уақытымен сипатталады (секунд).
Бетонның негізгі қасиеті (сипаттамасы) – маркісі (класс) көлем мөлшері 15х15х15 см пішіні бар бетон стандарт тәсілімен қалыпталып және 28 күнде қатайғанда сынаған беріктік шек көрсеткіші. Ауыр бетон үшін 100 (В 7,5), 150 (В 10), 200 (В 15), 300 (В 25), 400 (В 30), 500 (В 40), және 500 (В 45) маркілері енгізілген.
Тәжірибе жұмысы кезінде студенттер бетонның құрамын еспетейді және іріктейді, үлгіні дайындап сынайды да беріктігіне қарай маркісін анықтайды.
Бетонды есептеп іріктеу төменгі сатыдан тұрады:
1. Бетон құрамын есептеу,
2. Бақылау араласпасын дайындау және араласпаның талапқа сай жылжымалығын (консистенциясын) алу,
3. Үлгіні дайындау, сынау және талапқа сай беріктігін анықтап маркілеу.
Бетон құрамын жобалап есептеу үшін келесі негізгі көрсеткіштер (плакаты) берілген:
- бетон маркісі
- бетон араласпасының жайылғыштығы
- толтырғыштың түрлері және қасиеттері
- толтырғыштың және цементтің құрғақ күйіндегі тығыздығы, цементтің беріктігі, құмның ірілік модулі, ірі толтырғыштардың қуыстық көлемі және толтырғыштардың ылғалдылығы.
Бетон құрамын есептеу
Абсолюттік көлем тәсілі бойынша 1 м3 бетон құрамын есептеу төмендегідей жолмен жүргізіледі:
1. Берілген бетон маркасын алу үшін бетон беріктігінің формуласы арқылы цементтің суға қатынасының мөлшерін анықтау қажет. Бетон беріктігінің формуласының түрлері:
кәдімгі бетон үшін [pic 1] болғанда:
[pic 2] (1)
жоғары беріктіліктегі бетон үшін [pic 3] болғанда:
[pic 4] [pic 5] (2)
мұнда, R28 - , берілген маркісі; МПА «кгс/см2); см2; Rц- цементтің маркісі (активтілігі) МПА (кгс) см2); с – цемент пен судың бетон құрамындағы шығыны, кг: А1А1 – материал сапасын еске ала отырып алынатын коэффициент, 23 кестеде берілген (қосымшаны қара).
Бірінші формула бетон араласпаларының жылжымалығы едәуір және де [pic 6]болғанда, ал басқа кездерде екінші формуламен есептейді.
...