Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін дамыту жолдары
Автор: salika777 • Март 22, 2019 • Курсовая работа • 10,921 Слов (44 Страниц) • 678 Просмотры
Жоспар:
Кіріспе
1 ТАРАУ. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәнінің теориялық аспектілері
1.1. Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні,
белгілері, функциялары
1.2. Тәуекел сақтандырудың негізі ретінде
1.3. Сақтандырудың ролі, қолданылу саласы
2 ТАРАУ. Қазақстанда сақтандыру рыногын ұйымдастыру ерекшеліктері
- Сақтандыру рыногының даму кезеңдері
- Сақтандыру ісін құқықтық мемлекеттік реттеу
2.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының қаржылық жағдайын талдау
3 ТАРАУ. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін дамыту жолдары
3.1. Сақтандырудың шетелдік тәжірибесі
3.2. Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногын дамыту проблемалары, перспективалары, басымдықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Экономикалық өсудің тұрақты және өспелі қарқындарына жету қаржы саласының дамуының негізгі тенденцияларын анықтамайынша мүмкін емес. Мұнда сақтандыру ісіне зор назар аударылады.
Сақтандыру макроэкономикалық тұрақтандыру үшін қажетті қаржылық резервтерді қалыптастыра отырып, техногендік және экологиялық оқиғаларда өндірістік күштерді қалпына келтіруге және дамытуға ықпал етеді, инфляциялық фактор әсерін төмендетеді, тауарлар мен қызметтер сұранысы мен ұсынысының ара қатынасын оңтайландырады. Сонымен қатар, сақтандыру институтын дамытуды ынталандыру келесі себептерге байланысты қажет болып табылады.
Біріншіден, сақтандыру мемлекет тарапынан қарастырылған шаралар сипатына және көлеміне тәуелсіз халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазір табиғи және техногендік апаттарды жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы мемлекеттік бюджетке жүктелген.
Екіншіден, қазіргі жағдайларда сақтандыру тетігін пайдалану еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына ықпал етеді. Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелдерді, кәсіпкерлердің азаматтық жауаптылығын, өндірістік мүлікті сақтық қорғау кәсіпкерлік қызметтің үздіксіздігін, зиянсыздығын, қаржылық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді, себебі сақтық жағдайда шығындар сақтандырушы резервтері есебінен өтеледі. Сақтандыру кәсіпкерлерді өзінің меншікті көп сақтық ақшалай қорларын құрудан, күрделі қаражаттарының тұрып қалуынан толық немесе ішінара босатады. Егер кәсіпкер банктен несие алғысы келсе, банк үшін сақтық полис кепіл болады. Сақтандыру кәсіпкерлер үшін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін ескерту шараларын ұйымдастыруга себепші болады. Үшіншіден, сақтандырушылар сақтандыру жарналарының (сыйақыларын) көп сомаларын жұмылдырады. Осы жарналардың бір бөлігін капитал жинақтау үрдісіне белсенді қатыса отырып, халық шаруашылығының түрлі салаларына инвестициялайды. Уақытша бос ақша қаражаттарын ұлттық шаруашылыққа инвестициялай отырып, сақтандырушылар елдің экономикасын несиелеу бойынша банктердің қызметтерін атқарады. Сақтық фирмалардың күрделі резервтері банктік резервтерге қарағанда ұзақ мерзімді, өйткені сақтандырушылар
клиенттермен бір және одан көп жылдарға келісім шартқа отырады.
Қазақстан үшін банк капиталына қарағанда сақтық капиталдың артықшылығы ұлттық шаруашылық үшін ұзақ мерзімді несиелердің тапшылығы жағдайында өте актуалды болады.
Төртіншіден, сақтандырушылардың ұлғаймалы ұдайы өндіріске, оны несиелеуге белсенді қатысуы сақтандырушы-кәсіпорындарда жұмыс орындарын сақтайды, экономиканы ұзақ мерзімді несиелеу және өз қызметін кеңейту жолымен жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, ғылыми-техникалық революция жетістіктерін және бәсекелестікті есепке алып, құрылымды қайта құруды қаржыландырады.
...