Қазақстан Республикасындағы алқабилер сотының қызметін жетілдірудің теориялық мәселелері
Автор: Aibol888 • Февраль 21, 2023 • Курсовая работа • 34,544 Слов (139 Страниц) • 207 Просмотры
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында қылмыстық сот өндірісіне алқабилердің қатысудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін жан-жақты ашылып, зерттелді. Сонымен қатар алқабилердің қатысуымен қараталын қылмыстық істердің түрлері бойынша тұжырымдалып, ұсыныстар пайымдалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қaзaқстaн Pеспубликaсы тәуелсіздік aлғaн сәттен бaстaп зaң ғылымындa қылмыстық іс жүpгізу сaлaсы жaңaшa бaғыттa дaму үстінде. Қазақстан Республикасының Конституциясының 75 бабы бойынша Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады [1].
Aтaлғaн қaғидa негізінде мемлекет пен қoғaмның бapлық сaлaлapындa туындaйтын қoғaмдық қaтынaстapды pеттейтін нopмaтивтік-құқықтықaктілеp қaлыптaсты. Қoғaм өміpінде, aдaмдapapaсындaғы қaтынaстapapaкідік шиеленіскен сипaтқa ие бoлaды. Нәтижесінде құқық бұзушылық, қылмыстық іс-әpекеттеp туындaйды. Opын aлғaн қылмыс зaңды негізде қapaлып, тиісті түpде шешілуі кеpек.
Қылмыс жaсaлғaннaн кейін біpнеше құқықтық қaтынaстap туындaйды. Қазіргі уақыттағы еліміздің экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлі жаңа кезең Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру бойынша күн тәртібіндегі мәселені табысты шешуде шартты түрде бөлінген және өзара тығыз байланысқан кезеңдерден тұратын, тиісті соттық құқық қолданушылық актіні қабылдау мақсатында нақты қылмыстық істерді шешуге бағытталған күрделі процесс түрінде түсіндірілетін соттардың қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданушылығының, онымен бірге құқық қорғаушылық қызметінің мәні артып отыр [2, 45].
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексі 632 бабы бойынша, алқабилер қатысатын сот құрамы белгіленген. Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилер қатысатын сот бiр судьяның және он алқабидiң құрамында әрекет етедi [3].
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі елімізде жүргізіліп отырған саяси-құқықтық реформалардың нәтижесінде қоғам өмірінің түбірімен өзгерген уақытта жаңадан қалыптасқан жағдайлар адамның ажырамас құқықтарының кепілдігін, сот әділдігін, қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтарын соттық қорғаудың тиімді механизмдерін қалыптастыру мақсатында қылмыстық заң нормасын соттық қолдану сияқты күрделі әлеуметтік-заңды құбылысты жаңадан ғылыми түсіндіру мен бағалауды талап етуімен байланыстырылған.
Сол себептіде Қылмыстық сот өндірісіне алқабилердің қатысуы:теориялық және тәжірибелік мәселелеріне байланысты проблемалардың өзектілігі бұрынғыданда арта түсуде. Айтылған жағдайлардың барлығы диссертация тақырыбының қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді деген пікірдеміз.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасында сот жүйесінде алқабилердің қылмыстық істерге қатысу нормаларды қолдануына арналған арнайы кешенді зерттеу жоспарлаған. Осы диссертациялық зерттеудің пән аралық сипаты әр түрлі құқық салаларының теориялық материалдарын негізге алуды қажет етті.
Қазақстан Республикасының заң ғылымының дамуына отанымыздың маңызды тарихи бөлігі ретінде, кеңестік заң ғылымы елеулі ықпалын тигізгендігі белгілі.
Сот билігі мен сот жүйесін жетілдіру және реформалау жағдайында сот билігі және сот органдарының құқық қолданушылық өзекті мәселелерін зерттеуге елеулі үлес қосып келе жатқан мынадай қазақстандық заң ғылымдарының өкілдерін атауға болады: Қ.А. Мами, М.С. Нәрікбаев,О. Қопабаев, Б.Ж. Мақұлбеков, С.З. Зиманов, С.Н.Сабикенов, Е.М. Абайдельдинов, Е.Б. Абдрасулов, Б.Ж. Абдраимов, М.Т. Алимбеков, А.Т. Ашитов, Ж.Н. Баишев, Д.К. Қанафин, Е.Қ. Қаржаубаев, Т.Р. Мирзаев, Н.А.Нысанбаев, С.М. Рахметов, Т.И.Отческая, Г.С. Сапарғалиев, С.А. Табанов, Б.Т. Тұрғараев, С.Т. Тыныбеков, К.Х. Халықов, Р.Н.Юрченко, C.Ф. Ударцев және тағы басқалар. Қазақстандық заңгер ғалымдарымыздың сот билігі мен соттардық құқықтық мәртебесін зерттеуге арналған құнды ғылыми еңбектерiнде қаралған.
...