Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шикізатты жеткізудегі экспордтық бағыттары және КПО шикізатын тұтынушылары

Автор:   •  Апрель 30, 2021  •  Курсовая работа  •  1,857 Слов (8 Страниц)  •  354 Просмотры

Страница 1 из 8

«Ғ.ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Пәні:  Өндірістік практика

Мамандығы: 6B07108 – Автоматтандыру және басқару

Тақырыбы:

Орындаған: Сарсек Рахат

Тобы: АУк-19-4                                              

Қабылдаған:

            _____________  __________   «______»  __________2020ж.                                                                                                                                                                      

                    (бағасы)                  (қолы)

 

        

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.....................................................................................................................3

1.КПО мұнай шикізатын өңдіруші орындары.....................................................4

  1.1 Қарашығанақ  өңдеу кешені..........................................................................4

  1.2 Газды кешенді тазарту қондырғылары........................................................5

2. Шикізатты жеткізудегі экспордтық бағыттары  және КПО шикізатын тұтынушылары.......................................................................................................6

  2.1 «Қарашығанақ-Атырау» тасымалдау жүйесі..............................................7

  2.2 Каспий құбыр консорциумы.........................................................................7

  2.3 «Қарашығынық-Орынбор» тасымалдау жүйесі..........................................8

  2.4 Атырау - Самара құбыржолы........................................................................8

Қорытынды.............................................................................................................9

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................10


Кіріспе

        КПО еліміздегі батыс өңірдегі ең үлкен мұнай шығаратын компания болып табылады. Ол шет елдік  инвесторлардың қатысуымен пайда болған үлкен проект деседе болады. Қазақстан әзірге шикізат өңдеуші емес, шикізат өңдіруші болып табылатындықтан, КПО-да шикізат өңдіруші болып табылады. Қарашығанақ кен орнында мұнай-газ өндіру және өңдеу үш технологиялық қондырғыда жүргізіледі және біздің өнім  үш негізгі бағыт арқылы экспортталады. Бұл мұнай мен газды экспорттау кезінде нарықтық жағдаяттың өзгеруіне КПО-ның анағұрлым икемді әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Кен орнын игеру кезінде компания ең озық, ал кейбір жағдайларда инновациялық технологияларды қолданады. Мәселен, шикі газды жоғары қысыммен қабатқа кері айдау инновациялық сызбасы алғаш рет дәл осы Қарашығанақта әзірленген және қолданылған. Бұл сызба көмірсутек өндіру көлемін ұлғайту бойынша өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеп, республика үшін экономикалық тиімді болып шықты. Бұдан басқа, КПО Қазақстандағы ең терең және технологиялық күрделі ұңғымаларды, оның ішінде ең терең көп оқпанды ұңғымаларды да бұрғылады.

1. Қарашығанақ мұнай шикізатын өңдіруші орындары

1.1Қарашығанақ  өңдеу кешені

Қарашығанақ  өңдеу кешені (ҚӨК) 44 өндіруші ұңғымадан келетін мұнай конденсатын, сонымен қатар  Газды кешенді тазартудың 2-ші қондырғысынан(ГКТҚ-2) тасымалданатын бастапқы шикізатты өңдейді. Мұнай мен газ бастапқы сепарация қондырғысында бөлінеді. Мұнай төрт тұрақтандырғыш технологиялық желі арқылы беріліп, халықаралық нарықтарда сату үшін Атырау экспорттық құбырына айдалады.

[pic 1]

1-сурет. Қарашығанақ  өңдеу кешені

Сұйық көмірсутектерді тұрақтандырудың және тазартудың төртінші технологиялық желісі конденсатты тұрақтандыру мен тазартудың қосымша желісін, Қарашығанақ  өңдеу кешенінің (ҚӨК) қазіргі кіру құрылыстарын ұлғайтуды, шамамен 13 ұңғыманы, шикі газды кері айдау қосымша компрессорын,  конденсаттың бустерлік сорғылары мен конденсатты кері айдау сорғыларының қосымша жинағын және ГКТҚ-3-ге тиісті оймалары бар екі ішкі құбыр мен ерте мұнай өндіру сателлитін қамтиды.

...

Скачать:   txt (24.4 Kb)   pdf (639.9 Kb)   docx (367.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club