Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Технологиялық процесс туралы жалпы мәлімет

Автор:   •  Май 29, 2018  •  Курсовая работа  •  7,975 Слов (32 Страниц)  •  1,061 Просмотры

Страница 1 из 32

КІРІСПЕ

Курстық жобаның өзектілігі: Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас саласы. Сондықтан бұл саланы әлі де болса автоматтандыру қажет.

Металлургия дегеніміз –ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқада металдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Негізінен металлургияның бірнеше түрі бар. Соның ішінде қара металлургияға токтала кететін болсам, ол - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас саласы. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.

Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат —темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы. Біз күнделікті өмірге қажетті болатты шойыннан аламыз. Шойыннан болат алу үшін оны конвертерге апарады.

Конвертер деп іші отқа төзімді кірпішпен астарланған болат ортаны айтады. Бастапқыда конвертер әдісі бойынша болат алғанда, конвертерге құйылған сұйық шойынды астынан ауамен үрлеген.Ауадағы оттегімен әрекеттесіп, шойындағы көміртегі кремний, марганец т.б. қоспалар тотығып, бөлініп шығып шойын болатқа айналады.

Көміртегі кремний, марганец т.б. қоспалар тотыққанда, қосымша көп жылу бөлініп шығады. Сондықтан бұл әдіс отынды қажет етпейді. Қазіргі заманда ауаның орнына техникалық оттегі қолданылады. Бұл әдіс оттегі конвертерлік әдіс деп аталады. Зауыттардың көбінде түбі жабық доломит немесе хром-магнезит кірпішімен астарланған көлемі 250-400 тонналық конвертерлер қолданылады. Конвертер цехы 1970 жылы 18 сәуірде пайдалануға берілді. Конвертерлердің бастапқы сыйымдылығы 250т болды. Цехта негізінен үш конвертер бар, олардың екеуі жұмыс істеп, біреуі резерате тұрады.Қазіргі таңда оттегі конвертерлі процес кеңінен тараған. Конвертер пешінің өнімділігі жоғары 20 минутта 350т-ға дейін болатты балқытады.Оттегі конверторы болаттан жасалған, отқа төзімді кірпіштен жасалады.

Болат өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганецкремнийкүкіртфосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпақұрамына хромникельмолибденванадий, вольфрам марганец,  кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.

Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.

...

Скачать:   txt (70.1 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (2 Mb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club