Логистикадағы штрих кодтарды сканерлеуді қолдану
Автор: Admin15 • Октябрь 20, 2020 • Лекция • 1,118 Слов (5 Страниц) • 710 Просмотры
Логистикадағы штрих кодтарды сканерлеуді қолдану
Логистикадағы материалдық ағымдарды сипаттайтын параметрлердің (материалды ресурстардың номенклатурасы, дайын салмақты өнім номенклатурасы, ассортимент, габариті және сипаттар, тұтынушылық қасиеттер, қолданылатын ыдыс пен орау түрлері және т.б.) көп болуы өнімді, ыдысты, орауды, жүк бірліктерін және т.б. автоматты идентификациялау қажеттілігін тудырады, ол қазіргі уақытта логистикалық ақпараттық жүйеде штрих кодтарды сканерлеу арқылы жүргізіледі.
Машина оқитын штрих код (bar-code) бұл компьютерлік техниканы қолдана отырып, тауар жөніндегі ақпаратты кодтауға, есептеуге және анықтауға мүмкіндік беретін күңгірт және ашық жолақтардың белгілі бір жиыны.
Логистикалық операциялар мен функцияларды орындау үрдісінде өнімнің штрих кодтарын автоматты сканерлеу келесі негізгі артықшылықтарға жетуге мүмкіндік береді:
- өнім туралы толық және шынайы ақпаратты тез алуға (сондай-ақ тауар, ыдысы, орамы, жүк бірлігі, сақтау бірлігі және т.б. туралы);
-тауар өндірушісі, жүк жіберуші, жүк алушы,логистикалық делдалдар туралы ақпарат алу;
- логистикалық тізбектің (арна, тордың) кез келген учаскісінде әр өнім бірлігін жылжытқаннан кейін ақпараттық-компьютерлік жүйелер арқылы бақылау және мониторинг жүргізу;
- логистикалық менеджметтегі тауарлы-тасымалдау, қаржы және басқа да құжаттарды автоматты электронды өңдеу,
-қоймаларда, өндірістік учаскілерде және логистикалық жүйенің басқа бөлімшелеріндегі материалдық ресурстардың, дайын өнімнің болуын,шығындалуын және қозғалуын автоматты есептеуді қамтамасыз ету;
-шығындарды азайту, тұтынушылардың тапсырыстарын жинау, өңдеу және орындау процедураларын, өндіріс пен өткізудегі өнімдер қорларын басқару процедураларын қарапайымдандыру және тездету;
- материалдық ағымдар туралы логистикалық ақпараттардың дәлдігін және шынайылығын қамтамасыз ету;
-өнім мен логистикалық қызмет сапаларын бақылау процедураларының тиімділігін жоғарылату;
-берілген тауарлар ассортименті үшін сұраныс пен нарықты маркетингтік талдау процедураларын жеңілдету.
Логистикадағы штрих кодтарды қолданудың негізгі мәселелері мен аспектілерін қарастырайық.
Халықаралық сауда саласындағы батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша, қағаз құжаттарды өңдеумен байланысты шығындар тауар бағасының 3,5-15% құрайды. Штрих-кодтарды сканерлеу негізінде автоматтандырылған индикация жүйелерін енгізу бұл шығындарды 0,5-3% дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Мұндай сканерлеуді шетел фирмаларындағы логистикалық менеджмент персоналы "Direct Product Profitability" (DPP)"өнімнің тікелей пайдалылығы" атты концепциясында кеңінен пайдаланады. Бұл қазіргі концепция нақты тауарды соңғы тұтынушыға сатқаннан алатын тікелей пайданы анықтайды, яғни өндіруші кәсіпорынның дайын өнім қоймасынан соңғы тұтынушы - сатып алушыға дейінгі өнімнің қосымша құнының барлық элементтерін есептеуге негізделген.
Сонымен DPP концепциясында ақпараттық-компьютерлік технологиялар тауарлардың штрих кодтарын сканерлеу арқылы әр логистикалық делдалдың қосымша құнының құрамдас бөлігін және тауарларды өндіруші фирмалардың жалпы пайдасын бақылауға болады. Шетел фирмалары жүргізген талдау көрсеткендей, бөлшек дүкендердегі шығындардың 76% тауарларды өңдеуге кетеді. DPP DPP технологиясын штрих кодтарды сканерлеуді қолдану әр логистикалық шығындарды шынайы бағалап, оларды төмендетудің жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
DPP технологиясы мен сканерлеу "Product Management" деп аталатын ең жаңа логистикалық концепциялар салынған, оны көптеген батыс сарапшылары "Логистикадағы келесі революция" деп атайды.
Штрихтық кодтау ақпараттық технологиясын енгізу 70-ші жылдардың басына жатады, бұл кезде АҚШ-та өнеркәсіпте де, саудада да қолдануға жарамды ИРС әмбебап тауарлы коды қабылданды. Жалпы АҚШ штрих кодтарды пайдалану бойынша лидер болып табылады.
1977 ж. ең алдымен европалық континентте, содан кейін басқа континенттерде Европалық кодтау жүйесі EAN (European Article Numbering) бекітілді. Қазіргі уақытта көптеген қазақстандық кәсіпорындар EAN кодын кеңінен пайдаланды. Сарапшылардың бағалаулары көрсеткендей, тауарлар орамдарында штрих-кодтарды қолдану шығындарды оның құнының 10-15% дейін төмендетеді.
...