Ас қорыту процессінің қасиеттері және ерешеліктері
Автор: 750506401982 • Февраль 22, 2019 • Творческая работа • 1,593 Слов (7 Страниц) • 775 Просмотры
Жамбыл облысы Меркі ауданы №9 Меркі колледжі
0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы
Тобы: №27 ІІ курс
Пәні : «Санитария , физиология және гигиена негіздері»
Пән оқытушысыі: Ошақбаева Гульназ Токтагуловна
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту процессінің қасиеттері және ерешеліктері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге дұрыс тамақтану ережелерін үйрету, адам ағзасындағы ас қорыту мүшелер жүйесінің құрылысы, зат алмасу жұмыстары, ауыз қуысында , қарында ішектерде астың қорытылуына толық талдау жасай отырып түсіндіру
Сабақтың білімділік міндеті: Дәрумендер және олардың маңызы мен құрылысы туралы өткен сабақтар бойынша білімдерін тереңдете және тексере отырып ас қорыту процесінің ерешеліктері туралы оқытып үйрету
Сабақтың дамытушылық міндеті: Қоректілік заттардың ас қорыту мүшелерінде қорытылуы туралы биология сабағын байланыстыра отырып, студенттердің танымдылық ой-өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік міндеті: Денсаулық сақтау мен нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жүйелі тамақтану мен күн тәртібін, гигиеналық талаптарды орындауға дағдыладыру.
Оқыту технологиясы: Ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану
Сабақтың түрі: аралас , ойын сабағы
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру
Құралдар: интерактивті тақта, компьютер, суреттер
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, слайды көрсетілімдер
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, арнайы технология
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу .
- Тізім бойынша тексеру
- Сабаққа даярлығын тексеру
- Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Есте сақтау...
- Ойлан да тап...
- Кім жылдам?
- Дәрумендердің тәулік нормасын білесің бе?
- Терминдер сайысы
1 – кезең : Есте сақтау....(есте сақтау қабілеттерін тексеру мақсатында өтетін кезеде білімгерлер алдында тақтадағы көрсетілген дәрумендер ұяшығы 5 сек жабылады. Аталған тағамдарда қандай дәрумендер бар екенін айтын береді. )
2 – кезең : Ойлан да тап... (Сұрақ-жауап)
- Санитария,физиология және гигиена қандай ғылым?
өндірісте орындау ережелері және жеке тазалығы;
- Дәрумендердің ашылу тарихы
1880 жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады
- Тағам даярлау кезінде дәрумендер, ереже бойынша сақталса, бұл процесс қалай аталады?
биологиялық реттеуіш
- Тағамдағы негізгі дәрумен тобын атап , сипаттама беріңіз?
Авитаминоз, гиповитаминоз,гиповитаминоз
- Адам ағзасында жүйке жүйесін реттейтін дәрумен?
В1 дәрумені
- Бұл дәрумен құрамында өте көп ферменттер орналасқан,өсімдік және жануар өнімдерінде мол ?
РР никотин қышқылы
- Адам қысымын қалпына келтіретін дәрумен тобы?
В9 – фолиев қықылы. Көк өсімдіктерінде болады
- Жүйкенің жұмысын жақсартатын дәрумен?
В15 – пангамов қышқылы
- Қандай дәруменсіз адам “анемия” ауруына шалдығады?
В12 “каболамин”.Жануар азығында мол
- Қандай дәрумен тобы кулинарлық өңдеу кезінде толығымен сақталады?
«В» дәрумені
3 – кезең : Кім жылдам?
Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
...