Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндірістік іс-тәжірибесі бойынша

Автор:   •  Июнь 16, 2022  •  Отчет по практике  •  2,135 Слов (9 Страниц)  •  355 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ғ.ДӘУКЕЕВ атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Жылу энергетика және басқару жүйелері институты

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

Өндірістік іс-тәжірибесі бойынша

ЕСЕП

Мамандығы: 6В07108 – Автоматтандыру және басқару

Орындаған: Аманжолқызы А                                   Тобы: АУк-19-7

Тексерген:

_______________           ____________         «_____»   ______________2021 ж.

 (бағасы)                                                  (қолы)                                (күні)

Оқытушы, магистр ___________________________ Қуанышбаева Ә.Т.

«_____»   ______________2021 ж.

Аға оқытушы, магистр ___________________________ Тлеубаева Ж.С.

«_____»   ______________2021 ж.

Аға оқытушы, магистр __________________________ Маркабаева Ж.С.

«_____»   ______________2021 ж.

Алматы, 2021ж.

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Өндірістік және технологиялық процестің сипаттамасы
  2. Функционалдық сұлба
  3. Өндірістегі қауіпсіздік
  1. Қорытынды
  2. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өндірістік тәжірибе нақты өндіріс жағдайында цифрлық басқару жүйелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық дағдыларды алудың негізі болып табылады, сонымен қатар сандық өлшеу құралдары мен жүйелерін талдау және синтездеу әдістерін одан әрі зерттеудің бастапқы нүктесі болып табылады.

Өндірістік тәжірибе  - студенттерге таңдап алған мамандығы бойынша, практикалық білім мен дағдыларды үйрету мақсатын көздейтін, жоғары арнаулы орта оқу орындарындағы мамандар даярлаудың басты құрамды бөлігі. Тәжірибе студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.

Электр станциясы - қандай да бір энергияны электрліге айналдыруда қызмет ететін энергетиеалық құрылғы . Электр станциясының түрі ең алдымен энерготасымалдаушысының түрімен анықталады . Органикалық отынды ( көмір , мұнай , газ және т.б ) жағуда бөлінетін жылу энергиясы қолданылатын жылу электр станциялары ( ЖЭС ) кең қолданыс тапты .

Жылу электр станциясының ( ЖЭС ) түрі – Жылу энерго орталығы          ( ЖЭО ) болып табылады , ЖЭО - тек электр энергиясын ғана емес , сонымен қатар батареядан жылу желісі арқылы өтетін ыстық су түріндегі жылуды бөлетін жылу электр станциясы болып табылады.

ЖЭО-ның  негізгі жұмысы  -  зауыттың технологиялық цехтары мен қазандықтарын, қалдықтарды өңдейтін цехтарды   үздіксіз электрмен  және  жылумен, құралдар және техникалық ауамен, химиялық тазарту  және қоректік сумен  қамтамасыз ету болып табылады. Жылу электр орталықтарының ( ЖЭО ) артықшылықтары болып табылады : турбинада жұмсалынған бу немесе ыстық су жылытуда , өндірістік және коммуналдық ортаны ыстық сумен қамтамасыз етуде қайтадан қолданылады. ЖЭО сәйкесінше ірі қалаларда салынады . Одан бөлек , Жылу жоғалтуды азайту үшін , ЖЭО -н тұтынушыға жақын орналасатын шағын станциялармен толықтырып отыру қажет . ЖЭО барлық көрсетілген кемшіліктерінен жылу және электрэнергиясының комбинирленген өндірісі бойынша құрылғыларды көрсетеді.

Негізгі бөлім

Жылу электр орталығы (ЖЭО) – тұтынушыларға бір мезгілде электр энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу (газ) турбиналы электр стансасы. ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе ыстық су түрінде таратылады.  

 ЖЭО-ның басты міндеті - энергияны үнемдеу жолымен өндіру. Сондықтан жылу мен электр энергиясының аралас өндірісі балама әдістерге қарағанда арзан болуы керек. Өндірістің әр түрлі нұсқаларының пайдалылығы электр станциясының жұмыс істеу мерзімі үшін алдын-ала бағалануы керек. ЖЭО әдеттегі электр қуатын өндіретін технологияларға қарағанда үлкен инвестицияларды қажет етеді, бірақ ол отынды аз пайдаланады.

...

Скачать:   txt (30 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club