Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Роман және замана шындығы

Автор:   •  Февраль 11, 2018  •  Реферат  •  8,895 Слов (36 Страниц)  •  1,393 Просмотры

Страница 1 из 36

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................3

1 Роман  және  замана шындығы.........................................................................5

2 «Таңбалы  жарғақтың  құпиясы»  романындағы  көркем  бейне

жасау  тәсілдері.....................................................................................................16

Қорытынды............................................................................................................27

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі.....................................................................29

Кіріспе

Қазақ әдебиетінің тарихында 80-жылдардың соңын ала жазылған эпикалық шығармалардың маңызы зор. Тоталитарлық жүйенің тоңы жібіп, қайта құру өзгерістері ене бастаған тұста қазақ қаламгерлері де өздерін толғандырған өзекті мәселелерге назар аударды. Белгілі қаламгерлер Д.Исабеков, Т.Әбдіков, Қ.Ысқақов, О.Бөкеев, Ә.Сараев, Р.Тоқтаров т.б. өз шығармаларында замана тынысын дөп басып, адам атты күрделі жаратылыстың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, танытуға баса назар аударды.

Адамзат атаулы пайда болғаннан бастап, толассыз жалғасып келе жатқан жақсылық пен жамандықтың, әділеттілік пен зұлымдықтың, ізгілік пен зорлықтың бітіспес күресі – қай қоғамда болса да орын алатындығы адам мінезінде, табиғатында біте қайнасып жататындығы осынау авторлардың шығармаларында көрініс тауып жатты.

Адам баласының өз жаратылысына, өзін аялап өсірген жер-ана – табиғатқа, тіпті өзінің түп-тамырына балта шабуы – эпикалық туындылардың негізгі арқауына айналды. Осы үрдістен біз шығармашылығын талдап отырған Р.Тоқтаров та тыс қалмаған.

Р.Тоқтаров француз тілінің маманы бола тұра, жастайынан әдебиетке құмарлығының арқасында М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсында оқып, білімін жетілдірген. 1960-жылдардан әңгіме, повестер жазып, әдебиет әлеміне құлаш ұрған. Алғашқыда, әдебиетке үлкен талап қойып, зор талғампаздықпен келген Р.Тоқтаров сын саласында да жемісті еңбек еткен. Алпысыншы жылдардың басында «Бақыт» атты романын оқырман қауымға ұсынып үлгерген қаламгер іле-шала роман жанрында жемісті еңбек етіп, «Ертіс мұхитқа құяды» роман диологиясын, «Тұлпардың сыны», «Жердің үлгісі», «Ғасыр наны», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы», «Абайдың жұмбағы» сияқты көлемді романдарымен көпшілік қауымға кеңінен танымал болды. Алайда, Р.Тоқтаров шығармашылығы өз тұсында сыншылардың қызу талқылауын туғыза қойған жоқ. Реті келгенде, белгілі сыншылар С.Әшімбаев, Т.Тоқбергенов зерттеулерінде шет жағалап пікір-сын айтылып келді. Дегенмен, соңғы жылдары автордың «Абайдың жұмбағы» романы оқырман қауымды селт еткізіп, еріксіз сыншылар назарын өзіне аудартты. «Абайдың жұмбағы» қызу талқыға түсіп, ғасыр соңындағы қазақ прозасының табысына баланды. Автор дүниеден өткен соң да оның артында қалдырған мол мұрасы жаңаша көзқарас тұрғысынан сарапталып, зерттеу үстінде.

Р.Тоқтаров өз тұсындағы қаламгерлермен салыстырғанда өнімді еңбек етіп, мол туындылар қалдырған жазушы. Жазушы романдарының басым бөлігі бүгінгі өмір тақырыбына, өзі өмір сүріп отырған ортаны танытуға арналған.

Шындығына келгенде, бүгінгі өмір тақырыбына шығарма жазу – аса мол тәжірибені, өмірлік мол мағлұматты, асқан шеберлікті талап етеді. Р.Тоқтаров осы межеден шыға білді. Біз осы курстық жұмысымызға автордың 80-жылдардың соңын ала жазылған күрделі туындысы – «Таңбалы жарғақтың құпиясы» романындағы кейіпкерлер әлемін» талдауды негіз етіп алдық. Басты мақсатымыз – автордың замандастар образын қай деңгейде, қай тұрғыдан ашып бере алғандығын, қоғамдағы, әлеуметтік тұрмыстағы шешуін күткен проблемаларды қалай шеше алғандығын саралау, салмақтау болмақ.

Р.Тоқтаровтың тұтас шығармашылығын былай қойғанда, біз қарастырып отырған «Таңбалы жарғақтың құпиясы» романы жөнінде жазылған арнайы зерттеу еңбектер, ғылыми мақалалар, сыни пікірлер жоққа тән. Осы тараптан келгенде, біз қарастырып отырған тақырыптың жаңашылдық әрі өзектілік сипаты басым байқалады.

1 Роман  және  замана  шындығы

Әдебиеттегі әрбір қаламгердің шығармашылдығына зер салғанда, ең әуелі оның туып-өсу жолына қысқаша тоқталу керек сияқты. Ол тұрғыдан алғанда бұл тарауды біз қарастырып отырған «Таңбалы жарғақтың құпиясы» атты романның авторы Рамазан Тоқтаровтың өмір жолы және шығармашылығынан бастағанды жөн көрдік.

...

Скачать:   txt (111.5 Kb)   pdf (270.4 Kb)   docx (44.3 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club