Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Етістік туралы жалпы түсінік

Автор:   •  Март 27, 2020  •  Курсовая работа  •  8,996 Слов (36 Страниц)  •  1,164 Просмотры

Страница 1 из 36

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................

3

1

ЕТІСТІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК............................................

6

1.1

Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты..................................

6

1.2

Етістіктің морфологиялық сипаттары..............................................

10

1.3

Етістіктің синтаксистік ерекшеліктері..............................................

14

2

ЕТІСТІК ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ.............................

18

2.1

Етістіктің грамматикалык категориялары......................................

18

2.2

Етістіктің зерттелуі және ғалымдардың көзқарасы.......................

20

2.3

Диплом алды іс-тәжірибеде етістікті оқыту жолдары....................

23

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................

28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

30


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.Заттың іс - қимылын, әрекетін, күйін, белгінің, көңіл - күйдің, қарым қатынастың қимыл түрінде өзгеруін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістіктер семантикалық жағынан қимылдың, іс-әрекетті, әртүрлі өзгеріс, құбылыстарды білдіреді. Сөздерді таптастырудың лексика семантикалық, морфологиялық және синтаксистік қағидаттарының белгілері етістік сөздердің өн бойынан табылатындықтан, етістіктің жеке сөз табы ретінде танылуы еш күмән тудырмайды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық.

Міндеттері: жұмыстың алдына қойылған міндеттерді осы бағыттарда анықтаймыз:

  • Етістіктің лексика – грамматикалық, морфологиялық сипатын айқындау;
  • Етістіктің синтаксистік ерекшеліктерін анықтау;
  • Етістіктің зерттелуі және ғалымдардың көзқарастарын салыстыру;
  • Диплом алды іс-тәжірибеде етістікті оқыту жолдарының ұйымдастырылуы.

Курстық жұмыстың нысаны: Етістіктің қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайы, оның лексика - грамматикалық сипаты алынды.

Курстық жұмыстың деректік негізі: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері мен қосымша әдебиеттері.

Курстық жұмыстың методологиялық негізі: Әлеуметтік-педагогика-лық (ғылыми-әдістемелік,ғылыми теориялық еңбектерді талдау); тәжірибелік бақылау жүргізу, анкеталар тарату, пікір алмасулар, әнгімелесу; статистика-лық, тест әдістері, салыстырулар, тәжірибелік жұмыс нәтижелеріне талдау, қорытындылар жасау.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Етістіктердің сөз табы ретіндегі қалыптасу тарихында кейінгі іргелі зерттеулерге негіз болған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Исаев, Н. Оралбай, А. Қалыбаева т. б ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор [1]. Қазақ тілінде грамматикатанушы ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографиялар жариялаған. Етістікті әрі сөз табы ретінде, әрі мағыналық сипатын қоса талдаған зерттеулерден А.Қалыбаева (Хасенова), Ы.Е.Маманов, А.Ысқақов, Н.Оралбаева еңбектерін ерекше атаған жөн [2]. А.Хасенова «Қазақ тілі грамматикасында» түбір етістік дейтін межеге сыйдыруға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан қарастырып, оларды бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөлуге болатынын атап көрсетеді [3]. Ұйымдастыру, жорғала, мияула, шырылда сиқты туынды етістіктер де лексика-семантикалық топтардың құрамына енгізілген. Жұмыста басқа түркі тілдерінде қалыптаспаған жаңа үлгіде топтастыру да ұсынылған, алайда бөлудің принциптері ашып көрсетілмеген [4]. М.Оразов 1983 жылы «Семантика казахского глагола» тақырыбында жазылған докторлық диссертациясында етістіктің 12 лексика-семантикалық тобын көрсетеді [5]. Ғалым етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде сөйлесу етістіктерін семантикалық жағынан бөлгенімен, морфологиялық белгілерін де негізге алып отырған. А.Ысқақов оқулығында етістіктер лексика-семантикалық топтарға жіктелгенімен, оларды бөлудің ғылыми принциптері көрсетілмеген (1991) [6]. Ы.Мамановтың етістіктерді басты ерекшеліктері жағынан бірнеше топқа бөлуінде басқа ғалымдармен салыстырғанда алшақтықтар бар [7]. Ғалым түбір етістіктерді семантикалық топтастырудағы ұстанған принципі Г.А.Золотова, А.В.Бондарко, З.Ахметжанованың функционалды грамматика теориясына байланысты теорияларымен үйлесіп жатыр [8]. Әсіресе, ғалымның «негізгі түбір етістіктерді семантикалық жақтан мағыналық топтарға жіктеуге келмейді, морфологиялық және синтаксистік тәсілдерінің белсенді қатысуының арқасында ғана түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге болады» деген тұжырымы қазіргі функционалды семантиканың негізгі принципі. Ы.Маманов қазақ тілінде етістікті лексика-семантикалық топтарға жіктеп көрсеткен ғалымдардың бірі [9]. Қазіргі кезде етістіктің жекелеген лексика-семантикалық тобы арнайы зерттелуде. Профессор С.А.Аманжолов қазақ тіл білімінде бірінші рет сөйлемнің болымсыз түрін атайды [10]. М.Балақаев, Т.Қордабаев авторлығымен шыққан «Қазіргі қазақ тілі» (синтаксис) еңбегінде (1966) хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерге ортақ болатын сөйлемнің түрі болым-ды, болымсыз деп бөлініп, болымсыз сөйлемнің жасалу жолы, оның негізінен баяндауыш формасына қатысты екені көрсетіледі [11]. Т.Әбдіғалиева «Қазақ тіліндегі болымсыздық мағына және оның берілу жолдары» атты мақаласында (1975) етістіктің болымсыздық түрі туралы Ы.Маманов еңбектерінде толығырақ мәлімет берілгендігін атап көрсетеді [12].

...

Скачать:   txt (126 Kb)   pdf (424.2 Kb)   docx (46.8 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club