«Ана тілі», «Түркістан», «Айқын», «Жас Алаш» газеттері бірінің апталық материалдарына шолу жасау
Автор: chameshnurai • Апрель 18, 2021 • Реферат • 628 Слов (3 Страниц) • 591 Просмотры
Чамеш Нұрай, 104 топ
«Ана тілі», «Түркістан», «Айқын», «Жас Алаш» газеттері бірінің апталық материалдарына шолу жасау.
«Ана тілі» газетінің 2018 жылғы № 15 санын түгелдей дерлік оқып, талдап шықтым. Газеттің бас мақадласы ретінде «Ел ертеңі – жастар» деген атаумен мақала жарияланған. Қысқаша тоқталып өтсем, бұл мақалада Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» пртиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдап, «Жас Отан» жастар қанатының ІV сьезінің қорытындылары туралы баяндалады. Жалпы Елбасының жастар саясаты тұрғысынан жүргізіп отырған саясаты, қоғам дамуының кілті - жастарда екенін ескере отырып, осы тұрғыда жасалып жатқан жұмыстарға өте жақсы баға берілген.
Бұл санда жарияланған келесі тағы бір мақала ««Ақыртас» сарай кешені: елімізде туризм саласын дамыту қалай жүзеге аспақ?» деген атаумен жарияланған. Бұл мақалада Жамбыл облысындағы «Ақыртас» сарай кешенінің негізінде Елбасының Жолдауын іске асыру аясында туризмді дамыту мәселелеріне арналған жиынның өткендігі жайлы, ол жерде БАҚ өкілдері сонымен қатар туризм саласының мамандары да қатысқаны айтылады. Мемлекет тарапынан туризм саласын дамытуға қандай жұмыстар жасалып жатқандығын, қандай жұмыстар жасалатындығын айтып қана қоймай, жасалған жұмыстардың берген нәтижесіне де жіті тоқталып өткен. Сонымен қатар жиын барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жиын қатысушылары толығымен жауап беріп, туризм саласындағы сан түрлі мәселені қамтып өткендігі жайлы жазылған.
Сонымен қатар газетке жарияланған тағы бір мақала «Іргесі берік елдің – еңсесі биік» деп атлған. Бұл мақалада Алматы облысына қарасты Райымбек ауданының орталығы енді Нарынқол ауылы болып бекітілгенін, ал Кеген ауылы жеке аудан болып қайта құрылғаны жайында жазылған. Алматы облсының әкімі Амандық Баталовтың елді мекенге сапары жайлы, қарапайым халықтың мемлекет тарапынан қабылданып отырған шешімге ризашылықтары туралы сөз қозғалған. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Елбасы тапсырмасын көп күттірмей бірден кірісіп кеткендіген, келешекте бұл өңірде қандай жұмыстар жұргізілетіндігіне тоқталып өткен. Әкімнің Кеген ауылының әкімдік үйінде жұртшылықпен кездесу өткендігін, ел көкейіндегі сауалдарға жауап бергені айтылған.
«Шәкәрімтану: әлемге ашылған жол» атты мақалада Еуразия Ұлттық Университеті ректоры Ерлан Сыдықовтың Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде өзінің тарихты жаңа санамен, жаңа концепциямен безбендей отырып «Жамбыл», «Шәкәрім» қатарлы монография мен көптеген ғылыми еңбектер жарияланғаны айтылып келіп, сәуірдің 2-ші жұлдызы күні Аспан асты елінің ежелгі астанасы Си-ань қаласында Ерлан Сыдықовтың «Қазақ даласының рухы: Шәкәрім» атты қытай тілінде жарық көрген жаңа еңбегінің тұсаукесері өткендігі айтылады. Жалпы, бұндай еңбектердің шет тілдерге аударылуында қандай маңыз бар екендігі, оның қоғам үшін, мемлекет үшін пайдасы жайлы айтылады. Өте орынды жазылған, көпшіл қауым аса назар аудара бермейтін дегенмен өте актуалды дүниені жариялаған деп ойлаймын.
...