Спорт ойындары
Автор: Togjan123456 • Декабрь 5, 2023 • Реферат • 1,224 Слов (5 Страниц) • 124 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
«САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Спорт ойындары
Факультеті: Мұнай және газ
Тобы: ПЭНГ-23 типо қ/б
Орындаған: Тұрарбекұлы Еркебұлан
Тексерген: Кариев Азамат Балтабаевич
Атырау 2023
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Спорт ойындары
- Баскетбол
- Футбол
- Шаңғы спорты
- Суда жүзу
- Суға секіру
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Спорт ойындары
Ойынға тән белгілі бір қимыл – қозғалыс әрекеттерін нақты ереже бойынша орындауды спорт ойындары деп атайды.Спорт ойындарына әр түрлі спорт құралдары пайдаланылады.Мұндай ойындар өте қызықты болумен қатар,адамның қимыл – қозғалысын жетілдіріп,ақыл – ойын өсіреді.
1928 жылы Қазақстанда спорт ойындары бойынша алғаш рет жарыстар өткізілді. Олардың негізгілері футбол, баскетбол, волейбол болды.
1948 жылдан бері баскетбол командаларының арасында республикалық біріншіліктер өткізіліп келеді.
Волейбол
Волейбол ойынын ортасына биік тор керілген алаңда әрқайсысының құрамында алты ойыншысы бар екі команда ойнайды.
Қай команданың ойыншылары волейбол добын бір – біріне бере отырып,қарсыласының алаңына көп доп түсірсе, сол команда жеңіске жеткен болып есептеледі. Команда ойыншылары допты бір – біріне екі – ақ рет бере алады.Үшінші ойыншы допты міндетті түрде тордан асыруы керек.
Бастауыш сынып оқушылары волейбол ойынының жеңіл түрі – пионербол ойынын ойнайды.
Баскетбол
Баскетбол ойынында арнаулы алаңдағы екі команданың қайсысы қарсыласының себетіне көп доп түсірсе, сол жеңіске жетеді.
Ойынның аты – ағылшын сөзі.Баскет – себет,бол доп дегенді білдіреді.
Баскетбол ойынының қазіргі ережесі 1894 жылы Америка Құрама Штатында басылып, жарияланғандықтан, бұл спорт ойынының Отаны Америка болып есептеледі.
Баскетбол ойыны ойыншының күшін молайтып, ептілігін, төзімділігін шыңдайтын болғандықтан,ол бүкіл дүние жүзіне тараған.
Біздің елімізде баскетбол ойыны балабақшадан бастап арнаулы дене шынықтыру құралы және спорт ойындарының бірі ретінде пайдаланып келеді.
Бұл ойынды ұлдар бөлек, қыздар бөлек ойнайды.
Баскетболшы болу үшін бала жақсы секіретін,епті,денесін еркін билейтін болуы керек. Сонымен бірге бұл ойын адамды жалқау емес, еңбекқор, сергек болуға баулиды.
Футбол
Футбол – дүние жүзіне ең кең тараған спорт ойыны. Оның ережесі 1862 жылы Англияда бекітілген. Сондықтан футболдың шыққан жері Англия болып есептеледі.
Футбол командасының ойыншылары шабуылшылар, қорғаушылар және қақпашы болып үшке бөлінеді.
Қазақстанда 1913 жылы тұңғыш рет “Жарыс” фубол командасы құрылды. Оны ұйымдастырушылардың және команда ойыншыларының бірі Мұхтар Әуезов болды.
Қазір бізде балалар футбол ойынын балабақшадан бастап ойнайды.
Қазақстан футболының намысын көптеген жылдар бойы “Қайрат” командасы қорғап келді. Келешекте еліміздегі футбол спортының даңқын шығару – қазіргі оқушы жастардың міндеті.
Шаңғы спорты
Шаңғыны адам баласы ерте замандардан бастап пайдаланып келеді. Тарихи деректер бойынша шаңғы Алтай өңірінен шығып, кейіннен дүние жүзіндегі басқа елдерге тарады деген де жорамал бар.
...