Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Автор: zarinaasimbekova • Февраль 22, 2021 • Эссе • 302 Слов (2 Страниц) • 793 Просмотры
«Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы»
Паразиттер туралы сөз қозғағанда, адамның ол туралы есіне алатын ақпарат бір, және де адамдар паразиттердің 3-4 түрі болады деп ой-тұжырымдайды. Алайда, паразиттердің түрлері,шығу-тегі, олардың экологияға тигзетін пайдасы мен зияны туралы адамдардың тең жартысы біле бермейді.Осыдан туындайтын сұрақ: Паразиттердің экологияға тигізетін пайдасы бар ма? Себебі, қоғамда паразит тек бір нәрсемен ассоциацияға ұшырайды, ол –қауіп-қатер.
Паразит сөзі –грек тілінен аударғанда арамтамақ деген мағынаны білдіреді. Жоғарыда айтқанымдай, адамдар паразиттердің тек 3-4 түрі болады деп ойлайды. Дегенімен, паразиттер жануарлар,адамдар,өсімдіктер әлеміне байланысты бірнеше топқа жіктеледі. Олар бірнеше топқа жіктеліп,әр түрлі ортада өмір сүргенімен, паразиттердің атқаратын қызметтері бір.
Паразиттердің бөлінуі олардың қоршаған ортасына ғана емес, сонымен қатар олардың дамуына тікелей байланысты. Бұлардың пайда болу, және де даму тарихына үнілетін болсақ, ең алғаш Гиппократ, Аристотель, Авицена өз жазба деректерінде бірінші рет паразиттер туралы жазған болатын.Осыған орай, біз мына заңдылықты байқаймыз : паразиттердің қоршаған ортамен интеграциясы нақты ортада өмір сүруіне, не өз иесі есебіне өмір сүруімен байланысты болады. Яғни, паразиттердің эволюциялық дамуы, ағзаны мекен-жайы секілді қолдана отырып,сыртқы ортамен тікелей әрекет етіп, экологиялық бейімделуді меңзейді. Әрине, ол паразитизмнің жаңа сатыға өтуіне ең қолайлы жағдай.
Ие мен паразиттердің интеграциясы нәтижесінде, паразиттер ресурсты қоректенуден, оны өзіне
...