Әлемдік қаржы нарықтары және институттары
Автор: анна иванова • Сентябрь 21, 2021 • Реферат • 1,399 Слов (6 Страниц) • 417 Просмотры
15 тақырып.
Әлемдік қаржы нарықтары және институттары
Халықаралық қаржы нарығы – қарыздық капиталдың оның барлық түрлігіндегі – ақша нарығы мен несие нарығының, бағалы қағаздар нарығы немесе тар мағынадағы қаржы нарығының өзінің интернационализациялаудың формасы. Әлемдік масштабта нақты қайта өндірістік процесстің бейнесі бола тұра, бұл нарық өзінің ерекше заңдылықтарына бағынған біршама жеке дара өмірімен тіршілік етеді. Ол өндіріс процессіне ұлттық та, әлемдік шаруашылық та деңгейлерінде өте үлкен кері ықпал көрсетеді. Әлемдік қаржы нарығының құрылымы 25-ші суретте келтірілген.
Ірі қарыз алушылар мен эмитенттердің көбі үшін - ресми де, корпоративтілері де үшін халықаралық қаржы нарығы мемлекеттің, олардың аймақтарының, ірі қалаларының халық шаруашылығының экономикалық пен әлеуметтік құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыру үшін, сонымен қатар корпорациялар мен қаржылық институттардың (банктердің, сақтандыру компанияларының) әрекетін кеңейту үшін ұзақ мерзімді қаражаттарды алудың маңызды ортасына айналды. Сол уақытта халықаралық инвестициялар мен несиелер халықаралық деңгейде ұзақмерзімді капиталды қайта бөлудің, халықаралық масштабтың ішінде қаржылық құралдарды мобилизациялаудың, бұл процесске бір уақытта әлемнің көптеген елдерінен потенциалды инвесторлар мен кредиторлардың кең ауқымын тартудың маңызды каналы болды. Бағалы қағаздардың халықаралық деңгейде қаржылық ресурстарды мобилизациялаудың құралы ретіндегі маңызы ерекше тез үлкейді.
Халықаралық бағалы қағаздар нарығы бұл халықаралық эмиссия мен шетелдік эмиссияның жиынтығы ретінде қарастырылады, басқаша айтқанда бағалы қағаздарды басқа елдердің ұлттық нарығында шетелдік эмитенттермен шығару. Қазіргі уақытта халықаралық бағалы қағаздар нарығы акциялар нарығын да, облигациялар нарығын да өзіне қосады. Бірақ халықаралық деңгейде басымды болып облигациялар нарығы саналады. Сол облигациялар ғана халықаралық деңгейде эмитенттелетін және айналымда жүретін бағалы қағаздардың негізгі және басым түрі болып келеді.
Халықаралық облигациялар нарығын шарттылықтың белгілі бір үлесімен екі сектордың: бұл шетел облигациялар нарығы мен еврооблигациялар нарығы («евробонд») деп аталатын халықаралық облигациялар нарығының жиынтығы ретінде көрсетуге болады. Шетел облигациялар нарығы – бұл ең алдымен, жергілікті инвесторлардың капиталын мобилизациялау мақсатымен, шетелдік қарыз алушылармен ұлттық облигациялық нарықтарда шығарылатын бағалы қағаздар нарығы.
[pic 1]
Сурет 1 – Әлемдік қаржы нарығының құрылымы
Шетел облигациялар нарықтары өркендеу кезеңіне ХХ ғ. алғашқы үш жылдығында жетті, ал содан кейін олардың ролі кенет түсіп қалды, бірақ 60-шы жылдардан бастап қайтадан өсе бастады. Бұл халықаралық облигациялар қарыз алушылармен, халықаралық банктік консорциумдардың біреуі арқылы шығарылады және олар евровалюталармен өрнектеледі. Шетел облигациялар нарығы көбінесе кредиторлардың қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етеді, бірақ сол уақытта еврооблигациялар нарығындағы белсенділік қарыз алушылардың қажеттіліктерімен анықталады. Шаруашылық өмірдің интернационализациялануының өсуі бойынша бағалы қағаздардың айналымы халықаралық сипатты иемденеді. Халықаралық эмиссиялардың маңызды бөлігі бағалы қағаздарда жүзеге асады, олар содан кейін белгілі бір дәрежеде екінші дәрежедегі нарықтарда сату мен сатып алу объектісі болып табылады. Жалпы халықаралық сипаттағы бағалы қағаздардың сауда көлемі дамыған елдердің биржаларында салыстырмалы үлкен.
Халықаралық сипаттағы бағалы қағаздардың саудасы әр-түрлі ұлттық қаржылық нарықтары арасында байланысты қолдаудың маңызды формасы болып табылады. 80-ші жж. бағалы қағаздардың әлемдік нарығының қызмет етуінде белгілі бір сапалы өзгерістер пайда болды. Бұл өзгерістер ұлттық және халықаралық нарықтар арасындағы айырмашылықтардың елеулі өзгерісімен байланысты, ол барлық өзінің құрамдас бөліктерімен байланысқан ірі глобальді нарықты құруда көрінеді. Ұлттық нарықтар біртіндеп халықтан тыс аса ірі нарықтың бөлігі болады. Бірақ та бұл процесс қосалқы нарық деңгейінде байқалады, онда бағалы қағаздардың орталықтандырылған саудасы әлемнің үш ірі биржаларында – Токиялық, Нью-Йорктік және Лондондық биржаларда шоғырландырылады, олардың үлесіне әлемдік барлық биржаларында котировка жасалынатын бағалы қағаздардың нарықтық құнының жартысынан көбі келеді. Осындай процесс алғашқы да, қосалқы да бағалы қағаздар нарығының жалпы интернационализациялау жағдайында болып жатыр, ол бірнеше факторлар қатарымен шарттандырылған:
...