Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жауап алудың түсінігі және оның маңызы

Автор:   •  Февраль 22, 2018  •  Реферат  •  5,036 Слов (21 Страниц)  •  677 Просмотры

Страница 1 из 21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА» КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

КЕЙС

Тақырыбы:

Жауап алудың түсінігі және оның маңызы.

Орындаған: Ашыкбаева Г.Т.

Тобы: ЮМ-15-1к2

Қабылдаған: Ақшабай М.Б.

Шымкент 2018 ж.

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жауап алудың түсінігі және оның маңызы
  2. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
  3. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары

III. Тест сұрақтары

IV. Глоссария

V. Ситуациялық жағдайлар

VI. Кроссворд

Кіріспе

Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғандықтан, оның ең қымбатты қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.Елімізде тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіп пен жан- жақты тәуелділіктен кейін қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы маңызды заң қабылданғаны белгілі. Осыған сәйкес қоғам, мемлекет және жеке адам тіршілігінде орын алатын негізгі қағидалар бекітіп берді. Мәселен, кінәлі азаматтар мен айып тартылған қылмыскердің құқықтарын қорғау басты мәселе болып табылады. Көрсетілген конституциялық құқықтар мемлекеттің барлық салаларына маңызы зор.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзектілігін түсіне отырып, қылмыстық сот ісін жүргізу өрісінде маңыздылығы арта түскенін білеміз. Жасалған қылмыс үшін тұлғаны айыпты деп тану, тек сот құзыретінде
болса да, істің сотта әділетті шешілуі, алдын ала тергеудің жан-жақты дұрыс
өтуіне байланысты. Қазіргі таңда, істі тергеуде, тергеушілерге идеологиялық
ғана емес, сонымен қатар, саяси және әлеуметтік факторлар әсер етеді.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының қылмыс жағдайы едәуір
өсуде. Тіркелген қылмыстар саны алты пайызға дейін көтерілді. Әсіресе,
қасақана қылмыстар, қарақшылық, пәтерлік тонау және басқа да ауыр қылмыстар көтерілуде. Нашақорлыққа байланысты қылмыс үш есе өсуде.
Алдын ала тергеу жұмыстарының сапалы өтуі қарастырылған
мәселелердің өзектілігі болып табылады. Прокурорлық қадағалау кезінде,
прокурордың істі қайта қарастыруға жіберу мәселесі, тергеу органдарының
квалификациялық жағдайын айқын көрсетеді. Тергеуде істің мән – жайларының дұрыс ашылуы, сот отырысында істің әділетті түрде шешілуін қамтамассыз етеді. Осы мәселелерді шешу үшін, құқық қорғау органдарының алдын ала тергеу жұмыстарының күнделікті теориялық және практикалық өтілдерін квалификациялауда жаңа әдістер қолдану қажет.

Жауап алудың түсінігі және оның маңызы.

Бүгінгі күні қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер куәлардың,
жәбірленушінің берген жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттеріне мұқият назар аудару қерек.
Жауап алудың тарихы ертеден бастау алған. Әрине ол замандарда жауап
алудың тәртібі заңмен реттелмеген, бірақ адамзат тарихының дамуы барысында барлық қоғамдық қатынастар, сонымен қатар жауап алу да заңмен реттелуді қажет еткен. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінде жауап алудың процессуалдық негіздері, түсінігі, мақсаттары мен түрлері айқын көрсетілген.

Жауап алу тергеу әрекеті дәлелдемелерді жинаудың ең көп таралған
тәсілі және жауап алу күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады: оны
жұргізу тергеушіден жалпы және кәсіби мәдениеттілікті, адамдардың
психологиясын білуді, жауап алудың тактикалық тәсілдерін жоғары деңгейде
меңгеруін талап етеді. Жауап алу арқылы жасалынған қылмыстың мән жайлары жөнінде қажетті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашу мақсатында пайдалынады. Іс жүргізу мақсатына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудын сан алуан айла тәсілдері бар, бірақ жауап алу қатаң түрде заңда көрсетілген тәсіл бойынша жұргізілуі тиіс.Қылмыстық іс бойынша мұмкіндігінше неғүрлым әрі барынша көп, әрі маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру ұшін жауап алғанда барынша тиімді, ыңғайлы тактикалық тәсілдер қолданылып жүргізіледі.Дегенмен ол қаншалықты тиімді болғанымен заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі тиіс. Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол
арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (75.7 Kb)   pdf (301.5 Kb)   docx (84.1 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club