Ұйымдасқан топ қылмысына жалпы сипаттама
Автор: duhara • Ноябрь 25, 2018 • Курсовая работа • 6,853 Слов (28 Страниц) • 883 Просмотры
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- Қылмысқа қатысудың бір нысаны ретінде ұйымдасқан топ немесе қылмыстық құқық (қылмыстық ұйым)
1.1. Қылмысқа қатысудың түсінігі
1.2. Әр түрлі рольдер орындау арқылы қылмысқа қатысу
1.3. Қылмыстық қауымдастық
2. Ұйымдасқан топ қылмысына жалпы сипаттама
2.1. Ұйымдасқан топ қылмысының құрамы
2.2. Ұйымдасқан топ қылмысының ұқсас қылмыстардан айырмашылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді.
1995-ші жылы 30 сәуірде бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1-ші бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретівде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықгары мен бостандықтары" дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тікелей тыйым салады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президеңт өзінің мазмұнды баяндамасында "еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады",-деді.
Ж. А. Тұяқбаев "нарықтық қатынастардың басталуы қоғамның келбетін, азаматтардың психологиясын түпкілікті өзгертіп жіберді, қатынастарды реттейтін заң толық жасалмай, ол заңдар күш алма ұйымдасқан қылмыстылықпен жемқорлықты басу туралы айтып керегі жоқ",- деді.
Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, оның бағдарламасын жасау, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мені Қаулылары шықты. Мемлекет басшысының осындай Жарлықтары мен қаулыларының ішінен атап айтар болсақ: "Коррупциямен және ұйымдасқан түрдегі қылмыстылықпен күресуді күшейтудің шаралары жөніндегі" 1992 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Кеңес құру туралы" 1994 жылғы 11 ақпандағы Президенттің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы" 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, "Заңдылықпен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1994 ж. 9 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, "Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия құру туралы" 1994 ж. 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі тұңғъш шаралар туралы" 1995 ж. 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1995 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасыньщ Президентінің Жарлығы бойынша қылмысқа қатысушылық нысандары анықталып және алғашқы рет арнайы жеке бапта көрсетілді. Сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен құқық қорғау органдарының жетекшілері ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу туралы арнайы заң қабылдау туралы ұсыныстар да білдіруде. Бұған заңды негіз туындады. Себебі елдің нарықтық қатынастарғакөшуіне байланысты ұйымдасқан қылмыстылықтың әртүрлі көріністері пайда болып, қарқын ала бастады.
- Қылмысқа қатысудың бір нысаны ретінде ұйымдасқан топ немесе қылмыстық құқық (қылмыстық ұйым)
Топ адамдар жасаған қылмыста алдын-ала келісім болуы да, болмауы да мүмкін.
Әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан алғанда қылмысты топ күйінде жасау кәмелетке толмағандардың және жастардың қылмыстылығына тән. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының екі тобын келтіруге болады. Біріншісі, тек кәмелетке толмағандардан тұратын және біріңғай орындаушылар болатын топ, екіншісі ересек адамдар да араласатын топтар. Қалалы жерде жас өспірімдермен жасалатын қылмыстардың 80% топ күйінде жасалады.
...