Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі, құрылымы және оның әлеуметтік мәні

Автор:   •  Апрель 12, 2020  •  Реферат  •  2,828 Слов (12 Страниц)  •  100 Просмотры

Страница 1 из 12

МАЗМҰНЫ

 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі.

2.1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі, құрылымы және оның әлеуметтік мәні.

2.2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері және қылмыс санаттары.

3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың түрлері

3.1.Қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері.

3.2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да құқықтық бұзушылықтардан айырмашылығы.

3.3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою жолдары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі мен түрлері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп:

  1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі, құрылымы және оның әлеуметтік мәні,
  2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері,
  3. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері,
  4. Қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да құқықтық бұзушылықтардан айырмашылығы,
  5. Қылмыстық құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою жолдарын қарастырдым.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына 28 жыл болды. Алғаш рет тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі 1997 жылдың 16 шілдесінде қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.

Аталған Кодексте адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жан-жақты сараланып, қолданылатын шаралар көрсетілген. Осы мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық құқық бұзушылықтың жауаптылық негiздерi белгiленіп, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қандай қауiптi іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс қылықтар болып табылатыны айқындалды, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленген.

Экономика мен әлеуметтік қоғамның, гуманистік құндылықтардың даму үрдісіне сәйкес 2014, 2018, 2019, 2020 жылдары қылмыстық Кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлеріне талдау жасау, себептерін ашып көрсету және оны жоюда жүргізіліп жатқан шаралардың мақсатын, қағидаларын толығырақ ашып көрсетіп, атқарылып жатқан іс-шараларға сипаттама беру.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері.

2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі.

2.1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі, құрылымы және оның әлеуметтік мәні.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша бiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн ешкiмді де қылмыстық жауаптылыққа қайталап тартуға болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға тыйым жасалған.

...

Скачать:   txt (43.8 Kb)   pdf (155.9 Kb)   docx (18.2 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club