Қылмыстық саясат және оның мемлекеттің саяси жүйесіндегі орны
Автор: Kastiel1997 • Ноябрь 16, 2022 • Творческая работа • 28,574 Слов (115 Страниц) • 249 Просмотры
Қылмыстық саясат және оның мемлекеттің саяси жүйесіндегі орны
Қылмыстық әлеммен мәмілеге келмеу басты парызымыз. Адам бостандығын қамтамасыз етудегі кедергілерді жою, құқықтық кеңістіктегі заңсыздықтарға деген қоғам қарсылығын заңмен көтермелеу бір жолға қойылып келеді. Қылмыстық саясат арқылы қоғамды қауіпсіздендіру, мемлекеттің қылмыстық саясаты және оның әлемдік құқықтық кеңістіктің талаптарына сай жүргізілуі, отанымыздың ЕЫҚҰ төрағалығын табысты аяқтауы - басқа да маңызды құқықтық шараларды іске асыруға тікелей негіз болып отырғандығы ақиқат. Ал, адам қауіпсіздігін сақтау – қылмыстық саясаттағы басты міндет. Осы жағдай бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру қарсаңындағы күшті құқық қорғау құрылымдары мен қоғам мүшесін қылмыстан сақтандырудың қалыпты жүйесін жасауымызға негіз болмақ. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халықтық Референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыздың 1- бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген [1]. Осы бап талаптарын көздей жүргізілген саясат мемлекет басшылығының - қылмыстық саясатқа қатысты ұстанып отырған бағытын көрсетеді.
Біз назар аударатын мәселе – қылмыстық құқықтық және криминологиялық зерттеудің басым бағыттары. Қылмыстық саясат пен сақтандырудың қажеттілігі мен маңызы – экономикалық, саяси, рухани, қылмыстық – құқықтық, заңдық тұрғыдағы мына жұмыстарды жүйелі атқару мен құқықтық түсініктерді беруден байқалады:
а) қылмыстан сақтандырудың экономикалық сипаты дегеніміз – экономикалық және әлеуметтік мәселелерді ұдайы шешу арқылы қылмыстылықтың деңгейін бақылауда ұстау;
ә) қылмыстан сақтандыру – саяси тұрғыда мемлекеттің қылмыстық саясатының құрамды бөлігі болып табылады және жеке сипат пен бағытқа ие;
б) рухани тұрғыдағы қылмыстан сақтандыру дегеніміз – азаматтардың санасына құқықтық сенім мен әлеуметтік әділеттілікті жасауға деген ынтаны жеткілікті қалыптастырудан көрініс табады; оның үстіне «бүгінде адамдардың көпшілігі білетін бағыттарынан айырылған, адасқандар сияқты өмір кешуде» [2, 3 б].
в) қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі ретіндегі қылмыстан сақтандырудың методологиясы да Қазақстан халқының қоғамдық сипатына сәйкес үлкен өзгеріске ұшырады. Негізгі методологиялық қағидалар да түрлі көзқарастар әсерінен өркениетті түрдегі жаңа сипатқа ие болды. Заңдық әдебиетте қалыптасқан қасаңдықтан арылған «Қылмыстан сақтандыруға қатысты ғалымдардың жаңа тұжырымдамалар тобы» пайда болды. Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат тотаритарлы мемлекет мүддесіне қызмет етіп, тұлғаны қорғаудың орнына көп жағдайда басып жаншыды;
г) қылмыстан сақтандырудың заңдық негізгі қалыбы – Қылмыстық заң да үлкен өзгеріске ұшырады. Жаңа қабылданған қылмыстық заң – ҚазССР - нің ескі қылмыстық кодексінің көп кемшіліктерін жоюмен қатар, қылмыстық – құқықтық қатынастарды реттеудің мүлде жаңа нысанын қалыптастырды. Қылмыстық заң – қылмыстық саясаттың объектісі ретінде қылмыс және онымен күрестің құқықтық негізгі болып табылатын бірден – бір құқықтық акт;
ғ) қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық сақтандырудың түсінігі мен пәні, құрылымы, бағыты туралы біртұтас түсінік жоқ. Қылмыстан сақтандыру мен қылмыстық саясаттың өзектілігі туралы жазылған көптеген ғылыми еңбектер мемлекеттегі қылмыстық саясат басқа мәнге ие болған кезеңде жазылған болатын. Кеңестік кезеңнің ғылыми – құқықтық әдебиеттерінің басым көпшілігінің тәуелсіз Қазақстанның қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясатының мәнін ашуға теориялық қабілеттілігі болмады. Қазақстанның құқықтық жүйесі мен құқықтық саясаты КСРО құқықтық жүйесіне толығымен кереғар сипатқа ие болды;
...