Задача по "Уголовному праву"
Автор: balzia7890 • Февраль 26, 2019 • Задача • 472 Слов (2 Страниц) • 684 Просмотры
Нұрқұс Балзия
Есеп
Қаскелен қаласының тұрғыны азамат Рүстемов Алишер Нартайұлы кәмелеттік жасқа толмаған 11.01.2006 жылы туылған №3 орта мектептің 7 сынып оқушысы, осы қаланың орталығындағы, «Арслан» әмбебап базарының маңайында, салмағы 160 гр (әрқайсысы 40гр-нан 4 пакет) есірткі зат марихуана, аңыз бойынша сатып алушы болып келген жедел іздестіру қызметкерлеріне сатқан кезінде ұсталған. (Жедел іздестіру қызметкеріне келіп түскен ақпаратқа сай полиция капитаны Нағашбаев сатып алушы болып жедел іздестіру амалдарымен ойластырылған). Бұған дейін целлофан пакеттеріне қапшықталған салмағы 120 гр (әрқайсысы 40гр-нан 3 пакет) есірткі затын сатқаны анықталған. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу амалдарымен кәмелетке толмаған Рүстемовтың сатып жүрген есірткі заты марихуананы, оған шала таныс Сержо есімді, кейін мәліметтер алынған Асан Серік Қайсарұлының, 1992 жылы туылған, жалдап тұрған Ростова көшесі 19 үй 27 пәтерінде тінту жүргізу барысында тағы да жалпы мөлшері 560 гр қапқа салынған марихуана табылған. Серік салмағы 1 кг марихуананы 1 ай бұрын Тараз қаласының автобекетінің маңайында өзіне бейтаныс, көрінісі Кавказ ұлтты 2 азаматтан сатып алған.Кәмелетке толмаған Рүстемовтың ұялы телефонға қызығушылығын байқаған Серік оған есірткі затын шөп дәрі деп көрсетіп, оны сатуын ұсынған және әр сатқан пакеттен 1000 тг табыс табатынын айтқан.
Сұрақ:
1) Қандай қылмыс құрамы бар?
2) Кәмелетке толмаған Рүстемов қылмыстық жауаптылыққа жата ма?
3) Серіктің іс әрекетін талдаңыз?
Бұл есепке талдау жасайтын болсам бірінші әрекет, оның ішінде заңсыз әрекет орын алып отыр. Яғни заңмен тыйым салынған әрекетті жасауына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық орын алып отыр. Бұл қатынас қылмыстық құқықтық қатынас болғандықтан ҚР Қылмыстық кодекс нормаларымен реттеледі, қолданылады.
Жауап:
1) Бұл есепте ҚР ҚК-нің 132-баптық 1-ші бөлігі және 297-баптың 2-ші бөлігіндегі қылмыс құрамдары бар.
132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту
1. Он сегiз жасқа толған адамның кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартуы –
297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу
2. Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
2) Кәмелетке толмаған Рүстемов жасы 13-те болуына байланысты қылмыстық жауаптылық жасына толмаған. Сол себепті ол қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
3) Серіктің іс-әрекеті жоғарыда көрсетілген 2-кі қылмыс құрамы бойынша сараланады және көрсетілген баптардың санкцияларына сәйкес жауаптылыққа жатады.
...