Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам өмірі мен денсаулығы

Автор:   •  Апрель 10, 2020  •  Курсовая работа  •  7,092 Слов (29 Страниц)  •  529 Просмотры

Страница 1 из 29

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 АДАМ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ…………………………….......................……………........….5

1.1 Адам өмірі мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар...........……………………...…..................……………….........….5

2 АДАМ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ............…........................……….9

2.1 Адам өмірі мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік белгілері..............................................................….9

2.2 Адам өмірі мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік белгілері.................................................…........…16

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................…………23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................25

КІРІСПЕ

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституциясының 1 бабында» ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп жарияланған [1]. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары оның ішінде Қылмыстық құқықта адам қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар беріледі [2].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кұқығы  Ерекше бөлімінде 18-тараудан тұрады. Қылмыстық кодексте 1-тарауы Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үлкен алты топқа бөлінеді. Тікелей объектісіне қарай  жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар келесі түрлерге бөлінеді:

1. Өмірге қарсы   қылмыстық құқық бұзушылықтар; ( ҚК-тің 99-105баптары)

2. Денсаулыққа  қарсы   қылмыстық құқық бұзушылықтар;( ҚК-тің 105-112 баптары)

3. Адам өмірі мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар ( ҚК-тің 113-119 баптары)

4. Адамның жыныстық дербестігіне және жыныстық тиіспеушілігіне қарсы   қылмыстық құқық бұзушылықтар;( ҚК-тің 120-124 баптары)

5 Адамға және азаматтың жеке бас бостандығына қарсы   қылмыстық құқық бұзушылықтар;( ҚК-тің 125-129баптары)

6. Адамның ар-намысына қадір-қасиетіне қарсы   қылмыстық құқық бұзушылықтар.( ҚК-тің 130-131 баптары)

Жоғарыда атап өткен тікелей объектісіне бөлінген  бір түріне тоқталам-  адам өмірі мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Адам өмірі менденсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың  қоғамға қауіптілігі – бұл қылмыстық құқық бұзушылықтарды  жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді  жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады.Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі – адам өмірі мен денсаулыққа қарсы қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтарды объектісін,объективтік жағын, субъектісін субъективтік жағын қарастыру.

Осы курстық жұмыстың мақсаты: адамның өмірі мен денсаулығының маңыздылығын ашып көрсету және оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру, яғни адам өмір мен денсаулығын қылмыстық құқықтық қорғау обьектісі ретінде сипаттап, оған қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға құқықтық сипаттама беру және оларды дәрежелеу мәселелеріне аса маңызды назар аудару.

...

Скачать:   txt (101.2 Kb)   pdf (272.4 Kb)   docx (34.7 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club