Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам өлтіру қылмысына жаза тағайындау негіздері

Автор:   •  Апрель 17, 2022  •  Реферат  •  1,422 Слов (6 Страниц)  •  267 Просмотры

Страница 1 из 6

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті

«Тарих, экономика және құқық» факультеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Адам өлтіру қылмысына жаза тағайындау негіздері

Орындаған: Абдуллаева Ақжан

Тобы: ЮП-20-3

Тексерген: Самуратова Айгул

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................

  1. Адам өлтіру қылмысына жаза тағайындау негіздері........................................
  2. Адам өлтіру  қылмысының статистикасы..........................................................

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне кіретін құқықтың жеке саласы болып табылады. Ол негізінен белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын, мемлекет мақұлдаған және санкцияланған, егер ол оларды сақтамаса, оның жазаларын растайтын ережелер жиынтығын құрайды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімі «Жеке адамға қарсы  қылмыс» деген тараумен басталады. Жеке адамға қарсы  қылмыс деп адамның өмірі мен  денсулығына, жыныстық дербес құқығына, бостандығына, абыройы мен ар-намысына қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекет танылады. Осы «Жеке адамға қарсы қылмыс» тарауының алғашқы баптары адам өлтіруден басталады. Адам өлтіру –адамға қарсы жасалынатын қылмыстың ең қауіптісі болып табылады.

Адам өлтіру құқықтық саралауды және жаза тағайындауды қарау кезінде біраз қиындықтар тудырады. Осы қиындықтар негізінде қылмыстар жасау барысындағы әртүрлі ситуациялармен кездесіп, оларды салыстыра отырып қылмыстардың нақты белгілерін түсінеді. Сонымен қатар адам өлтіру түрінің әртүрлі құрамының белгілерін ескере отырып, қылмыстық заңдарды дұрыс қолдану

Түрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып, адам өлтіру туралы білімдерді жүйелеп терендету, бұл қылмыстың заңдылық жауаптылығын және оны ауырлататын мән-жайларды қарастыру, адам өлтірудің түрлерін саралау, сондай-ақ кәзіргі кездегі қылмыстықтың ішінде адам өлтірудің үлесі мен динамикасын анықтау,сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы 2019 және 2020 жылдардың 1 тоқсанындағы адам өлтіру деңгейін анықтау.Жоба жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің ресми мәтіндері, оларға берілген түсініктемелер, басқа да нормативтік құқықтық актілер, адам өлтіру мәселесіне арналған ғылыми еңбектер, қазақтардың көне құқығының әдет-ғұрып ережелері, қылмыстық құқық, криминология,криминалистика пәндерінен оқу-әдістемелік әдебиеттер, құқықтық статистика деректемелер қолданылды.

Адам өлтіру қылмысына жаза тағайындау негіздері

Ата заңымызға сәйкес әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің де адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ.

Өмір сүру құқығы - әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкімнің де өмірі еріксіз қиылуға тиіс емес. Бұл тұжырым Азаматтық және құқықтар туралы саяси халықаралық пактінің 6 бабында көрсетілген. Адам өлтіру - жеке адамға қарсы қылмыстың ең ауыры, басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру.

Әрекет, яғни адамды күш қоданып жарақаттау, улау немесе тұншықтыру, қорқытып, үрейлендіріп, жалған жала жабу болмаса тағы да басқа психикалық ықпал жасау арқылы да адам өмірінен айыруға болады. Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру - өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамау нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы.

Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы және аяққы кезеңдерін анықтау қажет.

Адамның өмірі биологиялық көзқарас жағынан, заттар, тағам және бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі осы сөздің биологиялық ұғымы адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу процессінің басталуымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиғи және заңды құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі танылады.

...

Скачать:   txt (21.2 Kb)   pdf (132 Kb)   docx (45.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club