ҚР Еңбек құқығының қағидалары
Автор: dayanaaaa • Декабрь 10, 2023 • Лекция • 1,964 Слов (8 Страниц) • 206 Просмотры
ҚР Еңбек құқығының қағидалары
Жоспар
2.1 Еңбек құқығының жүйесі
2.2 Еңбек құқығының қағидалары
2.3 Еңбек құқығының қайнар көздері
- Еңбек құқығының жүйесі
Өзара байланысты құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын еңбек құқығы күрделі ішкі құрылымға ие.
Еңбек құқығының жүйесі оның құрылымын еңбек құқығы пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың ерекшелігіне байланысты бөлімшелерге (институттарға) топтастырылған, белгілі бір тәртіпте орналасқан құқықтық нормалар жиынтығы ретінде ұсынады.
Сала ретінде еңбек құқығының жүйесінен оның қайнар көздерінің жүйесін (еңбек туралы заңнаманың жүйесін) және еңбек құқығы ғылымының жүйесін ажырата білу қажет.
Еңбек құқығы саласының жүйесі – бұл бірыңғай топтардағы (институт) пәні бойынша оның норамаларын жіктеу және саланың ішкі құрылымында орналасқан жүйелілік.
Еңбек құқығының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.
Еңбек құқығының жалпы бөлімі, басқа құқық салалары сияқты еңбек құқығы жүйесінде туындайтын, барлық қоғамдық қатынастарға таратылатын әрекеттерді, жалпы сипаттағы нормаларды біріктіреді.
Осы жүйеге құқықтық реттеудің негізгі қағидалары мен міндеттерін, жұмыскерлердің негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтайтын барлық қатынастар жатады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, еңбек құқығының жалпы бөлімі өзіне Еңбек кодексінде бекітілген еңбек қатынастарын реттейтін конституциялық нормаларды қосады деп тұжырымдауға болады.
Еңбек құқығының ерекше бөлімі реттейтін институттардан немесе еңбек қатынастарының дербес тараптарынан (еңбек шарты институты, жұмыс уақыты институты, демалыс уақыты, еңбекке ақы төлеу, еңбекті қорғау және т.б.) не болмаса еңбекпен тікелей байланысты қатынастарды реттейтін институттар нормасынан (әлеуметтік әріптестік институты, жұмысқа орналасу, еңбек заңнамасын орындалуын, еңбекті қорғауды бақылау және қадағалау, еңбек дауларын шешу, жұмыскерлердің кәсіподақ ұйымына қатысуы) құралады.
- Еңбек құқығының қағидалары
Құқық қағидасы деп оның мазмұны, мәні және қоғамдағы орны түсініледі.
Осы анықтамадан құқық қағидаларын жіктеу салалардың әрекеттеріне байланысты құралады деп тұжырым жасауға болады. Еңбек құқығында қағидаларды жіктеу келесі түрлерге бөлінеді:
- ҚР Констиуциясында бекітілген барлық құқық саласына, мемлекет жүйесіне тән жалпы құқықтық әдістер (заңдылық, әділеттілік, заң мен сот алдында теңдігі, демократизм қағидалары және т.б.);
- Салааралық (азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқығындағы жарыспалылық қағидасы, еңбек дауларын шешудегі жариялылық қағидасы);
- Салалық (еңбек қатынастарын құқықтық реттеумен тікелей байланысты, еңбек саласындағы қатынастарды реттейтін прогрессивті өзгерістерді ескере отырып, одан әрі жетілдіру жолдарын және еңбек құқығының нормаларының мазмұнын анықтайтын қағидалар);
- Ішкісалалық (жұмыскерлердің еңбекақысын реттеу қағидасы, жалақыны толық көлемде және өз уақытында алу құқығының қағидасы).
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу қағидасының және онымен тығыз байланысты қатынастардың құрамы еңбек саласындағы әлеуметтік экономикалық және техникалық өзгерістердің әсерінен біртіндеп өзгереді.
Осындай өзгерістерге нарықтық экономикаға өтуді, технологиямен байланысты жаңа техниканы, ішінара, виртуалды еңбек қатынастарын туындататын ақпаратты енгізуді жатқызуға болады.
Сондықтан, еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидаларының және онымен тығыз байланысты қатынастардың мәні:
- Еңбек саласындағы мемлекеттік саясатпен байланысты еңбек заңнамасын, еңбек құқығы жүйесінің мазмұнын сипаттаудан;
- еңбек заңнамасының одан əрі дамуына, жетілуіне бағыт беруден;
- Еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек беріп, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы басшылыққа алудан;
- жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік беруден;
- еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерін жəне олардың кепілдіктерін көрсетуден анықталады.
- Еңбек құқығының қайнар көздері
«Қайнар көз» түсінігі құқық ғылымында әр түрлі аспектіде қарастырылады. Әдетте, материалды және формальды құқықтың қайнар көздерін ажырату қабылданған.
Құқықтың қайнар көзі материалдық мағынада құқықты құраушы күшті, бәрінен бұрын мемлекеттік билікті, ал заңды мағынада қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекеттік билікті (қабылдау және бекіту) білдіретін әр түрлі нысандар.
Қайнар көз арқылы заңды мағынада мемлекет еркі қолжетімділік және жалпыға белгілі, жалпыға міндетті түрде құқықтық нормаларда көрініс табады.
...