Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құқық нормалары және нысандары

Автор:   •  Сентябрь 29, 2022  •  Контрольная работа  •  2,280 Слов (10 Страниц)  •  211 Просмотры

Страница 1 из 10

                                      Құқық нормалары және нысандары

                                                                            Тапсырманы орындаған: Сериков Мирас

Құқықтық нормаларының құрылымы (структурасы)

Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы бо­лады. Құқықтық нормалардың құрылымы танудың теорияға және тәжірибеге мәні өте зор. Оны меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде қеңінен пайдаланады.

Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз қисынды мағанамен оның ішкі мазмұнының элементтерін айқындап көрсету. Құқықтық нормалардың құрылымы мынандай элементтерден тұрады:

Гипотеза (шарт, жағдай)

Диспозиция (мінез-құлық)

Санкция (жаза)

Гипотеза — өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы. Негізінде «Егер» деген мағынамен қамтылады. Гипотеза құрамдық мағынасына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

Жай (жұпыны) гипотеза бір ғана жағдай болғанда құқықтық норманың дипозициясы іс жүзіне асырылады, немесе қолданылады.

Күрделі гипотеза екі немесе бірнеше жағдайлар арқылы диспозиция қолданылады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңының 3-мынандай күрделі гипотезаңы бекітеді: «Республика Президентің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізеді». Бапта көрсетілгендей сайлаудың өтуі үшін бірнеше жағдайлар, шарттар бекітілген.

Дәрежелі кесімділік сипаты бойынша болжамдар абсолюттік-кесімді жене салыстырмалы кесімді болып бөлінеді.

Абсолюттік-кесімді гипотеза өзінің мәтінінде құқықтық норманы қолданудың және іс жүзіне асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттарын көрсетеді. Мысалы, «Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының» 11-бабы абсолюттік-кесімді гипотезаға жатады:

«Некеге тұруға;

1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немересінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастарының);

3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;

4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді».

Немесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық  іс жүргізу кодексінің 249-бабы абсолюттік кесімді нормалар санатына жатады: «сот егер :

1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;

2) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

3) арызға қол койған және оны берген адамның арызға қол коюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;

4) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;

5) тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылык білдірсе;

6) өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;

7) өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;

8) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;

9) талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;

10) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе, арызды қараусыз қалдырады». Осы көрсетілген шартгардың бірі анықталатын болса сот арызды қараусыз қалдырады, яғни диспозиция өзінің құқықтық күшіне енеді.

...

Скачать:   txt (34.9 Kb)   pdf (68.7 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club