Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стоматологиялық нысандар құрылысының инженерлік және медициналық жабдықтарына қойылатын талаптар

Автор:   •  Март 9, 2023  •  Доклад  •  581 Слов (3 Страниц)  •  212 Просмотры

Страница 1 из 3

Стоматологиялық нысандар құрылысының инженерлік және медициналық жабдықтарына қойылатын талаптар - пациенттер мен қызметкер жайлылығы мен денсаулықтарына негізделген ережелер. Ережелердің мұқият сақталуына қарай стоматологиялық нысандардың санитарлы-эпидемиологиялық, гигиеналық тұрғыда болашақтағы талап, заң бұзушылық пен қателіктерді болдырмауға жұмыс істейді. Бұл эссе стоматологиялық нысандағы негізгі жабдықтар тобымен таныстырып, жабдықталуы бойынша ҚР-ның “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы” туралы Заңына сәйкес негізгі талаптар мен ережелерді ұсынып, сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды қамтиды.

 Негізінен, стоматологиялық кабинетті жабдықтау үшін көптеген жабдықтар қажет және оларды белгілі бір топтарға бөліп, қарастыруға болады:

  • Стоматологиялық процедураларды тікелей орындау үшін қажетті жабдықтар мен құралдар. Олардың негізгі жабдық-стоматологиялық қондырғылары, яғни стоматологиялық орындық, дәрігер креслосы, ассистент креслосы, дәрігердің стоматологиялық үстелі және қосалқы белгілі бір медициналық немесе диагностикалық манипуляцияларды орындауға арналған жабдықтар, айта кетсек: электродонтодиагностикалық құрылғы, диатермокоагулятор, апекс-локатор, фотополимерлеу шамы, амальгам араластырғыштар жатады.
  • Арнайы зарарсыздандыру, стерильдеу және дезинфекциялау жабдықтары: құралдарды зарарсыздандыруға арналған құрғақ жылыту стерилизаторы, шағын құралдарды зарарсыздандыруға арналған шыны моншақтары бар стерилизатор, стерильді құралдар үстелі, бөлмедегі ауаны дезинфекциялауға арналған кварц шамы, амальгамамен жұмыс істегенде сорғыштар жатады.
  • Медбике, тіс дәрігері жабдықтары: үстел, компьютер (электрондық жазбалар үшін, пациенттерді қарау, тіркеу), орындық, жазбаларды сақтауға арналған сейф немесе шкаф және электрондық сақтық көшірмелер.
  • Арнайы тіс дәрігері жабдықтары: аумағы 1,0 X 0,7 метр болатын тiс технигiнiң арнайы үстелi; өзiнiң жеке шаң сорғышы бар жылтыратқыш электрлi машина; газ келетiн түтiк.
  • Қолды жуып және зарарсыздандыруға арналған жабдық: қолды жууға арналған раковина, дезинфекциялық және жуғыш ерітінділері бар арнайы ыдыстар.
  • Медициналық жиһаздар тобы: жергілікті шаң сорғышы бар электр тегістеу машинасы, дәрі-дәрмектерді, құралдарды, пломбалық сақтауға арналған көп деңгейлі шкаф; улы  және күшті заттарға арналған әрқашанда құлыптаулы шкаф, алғашқы және жедел медициналық көмек қобдишасы, диван, пациенттерге арналған креслолар, санитарлық жабдықтарға арналған шкаф болулары қажет.

Бұл жазылған жабдықтар төменде қарастырылатын жабдықтану талаптарының негізі болады.

Бірінішіден, бұл параметрлік жабдықтануға қойылатын ең басты талап: кабинеттегі барлық жабдықтар дәрігер мен ассистент немесе медбикенің қажетсіз қозғалыстар жасамайтындай етіп орналастырылуы керек. Сонымен қатар, жиһаз бен жабдық бөлек стерильді және стерильді емес аймақтар болатындай етіп орналастырылуы керек, мысалы: креслоларға жақындаған науқастар стерильді үстелден өтпеуі керек және т. б. Оған, қоса, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға сәйкес жабдықтардың бір-біріне қатысты ориентациялық жағынан дұрыс орналастырылуы қажет:

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (56.5 Kb)   docx (199.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club