Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Республикалық басқару формасы. Мемлекеттік құрылыстың унитарлық формасы

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  487 Слов (2 Страниц)  •  954 Просмотры

Страница 1 из 2

Нархоз Университетінің Экономикалық Колледжі

БАЯНДАМА

Республикалық басқару формасы. Мемлекеттік құрылыстың унитарлық формасы

Орындаған: Ахметбек Мадия

Тексерген: Кенесариева Акерке

Алматы, 2021

Мемлекеттік басқару формасы — Мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементерінің бірі.

Басқару формасы, тар мағынада — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді. Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы — бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.

Басқару нысанын анықтау критерийлері:

  • билікті беру әдісі (мұрагерлік немесе сайлау арқылы);
  • жоғары мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігі (монархияда мемлекет басшысы республикадағы мемлекет басшысынан айырмашылығы заңды жауап бермейді);
  • мемлекеттік билік органдары арасындағы билік өкілеттіктерінің аражігін ажырату.

Негізгі басқару формалары:

  1. Монархия;
  2. Республика.

Республика (лат. res publіka – халық игілігі, қоғамдық іс) — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы. Бұл басқару формасында жоғарғы органдар сайлаушылардың алдында барлық жауапкершлікті алады. Республиканың басқару нысаны ретіндегі маңызды ерекшелігі - мемлекет басшысының сайлануы мен ауысуы, көп жағдайда билікті берудің тұқым қуалайтын немесе басқа, сайланбаған әдісін жоққа шығарады.

Республиканың ерекшеліктері:

  • әрдайым бірнеше билік органдары болады, сондай-ақ органдардың арасындағы өкілеттілік жеке-жеке бөлінеді, яғни белгілі орган басқа бір органнан тәуелсіз;
  • Мемлекет басшысы — Президент;
  • биліктің жоғарғы органдары және лауазым иелері халық алдында жауапкершілік көтереді.

Республика түрлері:

  • Президенттік республикалар — бұл мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады. Үкіметті тарату немесе құру тікелеу президенттің қолында болып саналады, бұл жағдайда парламент үкіметке әлеулі әсер тигізе алмайды (Қазақстан, АҚШ, Эквадор).
  • Парламенттік республикалар — бұл мемлекеттерде мемлекеттік басқару билігіндегі елеулі орында парламент алады. Парламент үкіметті құрып, кез-келген уақытта таратуға құқылы. Бұндай мемлекеттердің президенттері елеулі өкілеттілікке ие емес (Израиль, Грекия, ГФР).
  • Аралас республика — бұндай басқару формасы бар елдерде президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде болады, сондай-ақ президенттің әр бір атқарған ісі, үкіметті құруы немесе таратуы міндетті түрде парламенттің қатысуымен жүргізілуі қажет (Ресей, Украина, Португалия, Франция).

Мемлекеттік құрылыстың формасы - мемлекетті немесе одақ құратын мемлекеттерді аумақтық ұйымдастыру тәсілі. Мемлекеттің ішкі құрылымын, оның құрамдас бөліктерге (аумақтарға) бөлінуін және олардың өзара қарым-қатынасының принциптерін анықтайды.

Мемлекеттің құрамдас бөліктерінде егемендіктің болуына немесе болмауына байланысты мемлекеттік құрылым бөлінеді:

  1. Қарапайым форма (унитарлық мемлекет);
  2. Күрделі форма (федерация, конфедерация).

Унитарлық мемлекет (лат. «unitas» — бірлік) — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (79.7 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club