Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекет және құқық теориясы

Автор:   •  Январь 4, 2024  •  Тест  •  3,371 Слов (14 Страниц)  •  133 Просмотры

Страница 1 из 14

Пән

Мемлекет және құқық теориясы

ОП

6В04201 Юриспруденция, о/о, о/со (2023, каз)

1

Қай ғылым құқықтанудың негізін қалаушы ғылымы болып табылады?

  1. конституциялық құқық
  2. мемлекет және құқық теориясы
  3. әкімшілік құқық
  4. саяси және құқықтық ілімдер тарихы
  5. азаматтық құқық

3

Мемлекет нысаны туралы ұай жиынтықта айтылған?

  1. Қаржы мен басқару
  2. теорритория мен тұрғындар
  3. экономика және саясат
  4. билік пен идеология
  5. басқару нысаны, аумақтық құрылым нысаны, саяси режим нысаны

4

Билікті ұйымдастырудың амал-тәслдерінің жиынтығы нені сипаттайды?

  1. мемлекет мәнін
  2. басқару нысаны
  3. билік нысаны
  4. мемлекет құрылымын
  5.  мемлекет түрін

5

Басқару нысанының түрлерін көрсетіңіз:

  1. унитарлы және федеративтік
  2. демократия және депотия
  3. күрделі және жай
  4. республика және монархия
  5. орталық және жергілікті

6

Монархиялық мемлекеттерді атаңыз:

  1. Аргентина, Конго
  2. Австрия, Италия
  3. Дания, Жапония
  4. Въетнам, Қытай
  5. Португалия, Үндістан

7

Република түрі:

  1. абсолюттік
  2. конституциялық
  3. парламенттік
  4. дуалистік
  5. шектеулі

8

Унитарлы мемлекетке тән белгіні көрсетіңіз:

  1. Президентті Парламент тағайындайды
  2. Президент – заң шығарушы биліктің басшысы
  3. Президент – атқарушы биліктің басшысы
  4. Президент билігінің мерзімі болмайды
  5. Билік мұра ретінде беріледі

9

Мемлекеттік құрылым нысанының қандай түрлері бар?

  1. монархия мен республика
  2. унитарлы және федеративтік
  3. жай және күрделі
  4. мемлекеттік және мемлекет аралық
  5. тирандық және деспоттық

10

Ғылымға «құқықтық мемлекет» терминін кім енгізді?

  1. Цицерон
  2. Кант
  3. Гегель
  4. Роберт фон Моль
  5. Руссо

11

ҚР Президентінің  Қазақстан халқына жолдаған 2021 жылғы жолдауы қалай аталады?

  1.  Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі
  2.  Жаңа  жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі
  3.  Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі
  4.  Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру
  5.  Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

12

Құқықтық мемлекеттің қай белгісі оны азаматтық қоғамға жақындатады?

  1. биліктің бөлінуі
  2. сот беделінің артуы
  3. адамды, оның құқығы мен бостандығын жоғары құндылық деп растауы
  4. халықаралық құқыққа жақындауы
  5. заң үстемдігі

13

Құқықтық мемлекеттің экономикалық мақсаты қандай?

  1. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
  2. сайлауды ұйымдастыру
  3. Конституцияның үстемдігі
  4. Монополизмді болдырмау
  5. Ішкі және сыртқы егемендік

14

Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік мақсаты қандай?

  1. қоғамдағы жеке бостандық қағидатын жүзеге асыру
  2. экологиялық қауіпсіздік
  3. тууды жоғарылату
  4. демократия
  5. қоғамдық қатынастарда әлеуметтік теңдік қағидасына сүйену

15

Зайырлы мемлекет пен діни бірлестіктер өзара қалай әрекет етеді?

  1.  дінді қиратып талқандайды
  2.  адамдардың мінез-құлқын әлеуметтік реттеудегі оның маңызын растайды
  3.  шіркеуге жәрдемдеседі
  4.  заңды өкілеттіктер береді
  5.  діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салады

   

16

Мына аталған жалпы адамзаттық құндылықтар ішінде қайсысы құқықтық мемлекет белгісін құрайды?

  1. еңбек
  2. бостандық, теңдік, әділеттілік
  3. отбасы
  4. дін
  5. ар-ұят, абырой

17

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатынасы қандай?

  1. бөлік және бүтін
  2. жалпы және ерекше
  3. нысан және мазмұн
  4. себеп және салдар
  5. қажеттілік пен құрал

18

ҚР Конституциясының қай бабы Қазақстан Республикасындағы демократия негіздерін құрайды?

  1. 5-бап
  2. 8-бап
  3. 37-бап
  4. 40-бап
  5. 45-бап

19

ҚР Конституциясының қай бабында халықтың егемендігі және биліктің бөлінуі бекітілген?

  1. 1-бабында
  2. 9-бабында
  3. 4-бабында
  4. 3-бабында
  5. 6-бабында

20

Қазақстанда ұлттық құқық пен халықаралық құқықтың арақатынасы бір-біріне сайма сай болуы қандай жолмен жүзеге асырылады?

  1. үлгі актілерді пайдаланумен
  2. халықаралық кездесулермен
  3. Конвенцияларға қосылуымен
  4. Үкіметтік қызметпен
  5. Парламенттік тыңдаулармен

21

ҚР Президентінің қай актісі қылмыстық заңнаманы гуманизациялауға бағытталған?

  1. Кешірім жасау туралы
  2. Рақымшылық жасау туралы
  3. Өлім жазасына мораторий жариялау туралы
  4. Зейнетақыны жоғарылату туралы
  5. Тәрбиелеу мекемелерін құру туралы

22

Қандай қатынастар құқықтың пайда болуының алғы шарттары болып табылады?

  1. идеологиялық
  2. қандық туысқандық
  3. айырбас, тауар-ақша
  4. саяси қарым-қатынастар
  5. әскери

23

Құқыққа ғана тән белгіні табыңыз:

  1. қоғаммен байланыстылығы
  2. тыйым салушылықтарға ғана құрылуы
  3. бір реттік қолданылуы
  4. жақсылық пен жамандық туралы түсінікті білдіреді
  5. көп мәрте қолданылуы

24

«Құқықтың формальды анықталғандығы» белгісі нені білдіреді?

  1. Құқықтық нормалардың заңдық күшіне қарай бөлінуін
  2. Құқық нормаларын қоғам белгілейді
  3. Құқық нормаларының нақты жазбаша түрде тұжырымдалғанын және бекітілгенін
  4. Құқық нормаларының орындалуын мемлекет қамтамасыз етіледі
  5. Құқық нормалары нақты күннен бастап әрекет етеді

25

Құқықтың пайда болуының теологиялық теориясының мәні не де?

  1. Құдай жаратты
  2. адамның табиғаттан туындайтынын білдіреді
  3. ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып туындайды
  4. құқық өздігінен туындайды
  5. адамдардың психикасынан туындайды

26

Тарихи мектепке сай құқық қалай туындаған?

  1. адам табиғатынан
  2. байқалмай, стихиялы түрде
  3. құдайдың жаратуымен
  4. адамдардың психикасынан
  5. діннен

27

Таптық теорияға сәйкес құқық қалай пайда болған?

  1. құқықтық идеялардан
  2. мемлекет белгілейді
  3. заңдық практикадан
  4. мононормалардан
  5. құқықтық сезімдерден

28

«Құқық - құқықтық нормалардың пирамидасы» деген анықтамадан құқықты түсіндірудің қай теориясы туралы айтылғандығын көруге болады?

  1. психологиялық
  2. әлеуметтік
  3. табиғи құқықтық
  4. нормативистік
  5. тарихи

29

Құқықты түсіндірудің қай теориясының негізінде таптық амал-тәсіл қаланған?

  1. табиғи құқық
  2. марксистік
  3. әлеуметтік
  4. нормативистік
  5. психологиялық

30

Құқықты түсіндірудің қай теориясы құқық пен моральды біріктіреді?

  1. табиғи құқық
  2. әлеуметтік
  3. нормативистік
  4. таптық
  5. тарихи

31

Құқықты түсіндірудің қай мектебі құқықтың негізін құқықтық әдет-ғұрыптар құрайды деп санайды?

  1. табиғи құқық
  2. әлеуметтік
  3. нормативистік
  4. таптық
  5. тарихи

32

Құқықты түсіндірудің қай теориясы құқық пен құқықтық тәртіпті біріктіреді?

  1. табиғи құқық
  2. марксистік
  3. әлеуметтік
  4. нормативистік
  5. психологиялық

33

«Құқық өздігінен өмір сүреді, табиғаттан туындайды» деп құқықты түсіндірудің қай теориясы ұйғарады?

  1. табиғи құқық
  2. марксистік
  3. әлеуметтік
  4. нормативистік
  5. психологиялық

34

Субъекттің мүмкін және қажетті мінез-құлықтарының өлшемін қандай заңды ұғымдармен білдіруге болады?

  1. позитивтік құқық
  2. субъективтік, жеке бас құқығы
  3. объективтік, табиғи құқық
  4. субъективтік, объективтік құқық
  5. табиғи, әрекет ету құқық

35

Құқықты зерттеушілер субъективтік құқықты қандай түсініктермен байланыстырады?

  1. Бостандық, міндеттеу, мәжбүрлеу
  2. Бостандық, рұқсат ету, құқық беру
  3. Бостандық, тыйым салу. Мәжбүрлеу
  4. Заң, мемлекет, мәжбүрлеу
  5. Мәжбүрлеу, билік, мемлекет

36

Құқықты зерттеушілер объективтік құқықты қандай түсініктермен байланыстырады?

  1. Бостандық, рұқсат берушілік, құқық беру
  2. Бостандық, шектеулер, билік
  3. Мүмкіндік, сұраныс, мүдде
  4. Бостандық, ерекше, стихиялық
  5. Жалпыға бірдейлік, жалпыға міндеттілік, мәжбүрлеу

37

Құқық функциясы дегеніміз – бұл...

  1. Құқықтың негізгі бастаулары
  2. Құқықтың негізгі идеялары
  3. Қызмет етудің негізгі бағыттары
  4. Құқықтық ықпал етудің негізгі бағыттары
  5. Құқықты дамытудың сұраныстары

38

Кең және тар мағынасында құқық функциялары қандай түрлерге бөлуге болады?

  1. тұрақты, уақытша
  2. заңды, әлеуметтік
  3. негізгі, қосымша
  4. позитивтік, әрекет етуші
  5. субъективтік, объективтік

39

Қандай функциялар арнайы (заңдық) функцияларға жатады?

  1. реттеуші, қорғаушы
  2. үгіт-насихат, тәрбиелік
  3. психологиялық
  4. идеологиялық
  5. ақпараттық

40

Тыйым салушылықтар қай функция арқылы жүзеге асырылады?

  1. әлеуметтік
  2. саяси
  3. экономикалық
  4. қорғаушы
  5. идеологиялық

41

Міндеттеу, рұқсат беру құқықтың функциясының қай түрімен жүзеге асырылады?

  1. үгіт-насихат
  2. психологиялық
  3. реттеуші
  4. идеологиялық
  5. ақпараттық

42

Жалпы әлеуметтік функцияны тауып көрсетіңіз:

  1. тәрбие
  2. жазалау
  3. мәжбүрлеу
  4. реттеуші
  5. қорғаушы

43

Тұрақты, жалпы, құқыққа тән белгілердің жиынтығы – бұл...

  1. құқық нысаны
  2. құқық типі
  3. құқық функциясы
  4. құқықтық топ
  5. құқықтың мазмұны

44

Құқықты экономикалық факторларды негізге ала отырып, қай амал-тәсіл бөледі?

  1. ұлттық
  2. идеологиялық
  3. формациялық
  4. салт-дәстүрлік
  5. діни

45

Құқықтың қандай типтері тарихи типтерге жатады?

  1. ұлттық
  2. діни
  3. географиялық
  4. құл иеленушілік, феодалдық
  5. заңды

46

«Құқық» және «құқықтық жүйе» ұғымдарының арақатынасы қандай?

  1. нысан және мазмұн
  2. жалпы және ерекше
  3. бүтін және бөлік
  4. тип және түр
  5. бөлік және бүтін

47

Құқықтық жүйе құрылымының негізгі элементі:

  1. Заңнама, заңдық практика, құқықтық идеология
  2. Құқық нормасы, құқық институты, құқық саласы
  3. Бап, бөлім, тарау
  4. Жалпы бөлім, Ерекше бөлім
  5. Құқықтық идеология мен құқықтық психология

48

Құқықтық жүйенің элементтері:

  1. Бір-бірінен бөлек әрекет етеді
  2. Бір-бірімен өзара әрекет етеді
  3. Біріншісі екіншісінен бөлек
  4. Бірінші орында заңдық техника
  5. Бірінші орында моральдық жүйе

49

Қай мемлекеттердің құқықтық жүйелері англо-саксондық құқықтық жүйеге кіреді?

  1. Франция, Ұлыбритания, Қазақстан
  2. Ұлыбритания, Украина, Берлин
  3. Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Канада
  4. АҚШ, Австралия, Перу
  5. Канада. Мексика, Жапония

50

Қай мемлекеттердің құқықтық жүйлері романо-германдық құқықтық мемлекеттердің жүйелеріне кіреді?

  1. Испания, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия
  2. Испания, Италия, Франция
  3. Испания, Ұлыбритания, Канада
  4. Испания, Жаңа Зеландия, Канада
  5. Испания, АҚШ, Австралия

51

Мұсылман құқығы жүйесіне қай мемлекеттердің құқықтың жүйелері кіреді?

  1. Перу, Чили, Мексика
  2. Иран, Ирак, Пәкістан
  3. Жапония, Үндістан, КАмерун
  4. АҚШ, Түркіменстан, Татарстан
  5. Өзбекстан, Қазақстан, Армения

52

Салт-дәстүрлік құқықтық жүйе қай жерлерде сақталып қалды?

  1. Еуропа, Гренландия, Австралия
  2. Жапония, Еуропа, Арктика
  3. Солтүстік Америка, Жапония, Исландия
  4. Оңтүстік Америка, Индонезия, Океания
  5. Еуропа, Солтүстік Америка, Солтүстік Африка

53

Англо-саксондық құқықтық жүйенің ерекше белгісі:

  1. Құқықтың қайнар көзі – нормативтік құқықтық акт
  2. Нормативтік құқықтық актілердің негізгісі – Конституция
  3. Басты құқықты шығарушылар – заң шығарушылар
  4. Құқық саласының басында – кодекс
  5. Салалық кодекстер болмайды

54

Романо-германдық құқықтық жүйенің ерекше белгісі:

  1. Заңды прецеденттердің жеке, дара сипаты
  2. Жария (бұқаралық) құқық және жеке құқық салаларына бөлінеді
  3. Іс жүргізушілік құқық материалды құқыққа ықпал етеді
  4. Құқық жария және жеке құқықтар болып бөлінбейтіндігі
  5. Салалық кодекстардың болмауы

55

Мұсылман құқығы жүйесінің ерекше белгісі:

  1. Құқықтың қайнар көзі – сот прецеденті
  2. Әділсоттылықты абыздар жүзеге асырады
  3. Ауыр қылмыстарда кек алушылық
  4. Құқықты Құдайдың жаратқанын мойындау
  5. Сот практикасының маңызды рөлі

56

Салт-дәстүрлік құқықтық жүйенің ерекшеліктері:

  1. Мұсылман қайраткерлерінің доктринасының асқан беделінің болуы
  2. Құқықтың қайнар көзі-нормативтік құқықтық акт
  3. Құқықтың қайнар көзі – сот прецеденті
  4. Әдет құқығының негізі- Рим құқығы
  5. Құқықтың ауызша сипатта болуы

57

Қай елдің құқықтық жүйесінде кодификацияланған құқық ислам дінінің қағидаттарымен бірге әрекет етеді?

  1. Исландияның
  2. Венесуэланың
  3. Үндістанның
  4. Сауд Арабиясының
  5. Перудің

58

Қай құқықтық жүйеде топ мүшесінің құқық бұзушылық жасағаны үшін топтың ұжымдық жауапкершілігі қарастырылған?

  1. Әдет құқығы (салт-дәстүрлік)
  2. Романо-германдық
  3. Социалистік
  4. Жалпы құқықта
  5. Мұсылмандық құқықта

59

Қай елде тайпаларға өз әдет-ғұрыптарына сүйене отырып, әділдікті жүзеге асыруға құқық берілген?

  1. Шотландияда
  2. Люксембургте
  3. Өзбекстанда
  4. Канадада
  5. Бразилияда

60

Қай құқықтық жүйеде адам құқығы мен бостандығына қарағанда міндеттеу мен тыйым салушылықтарды сақтау басымдылық берілген?

  1. романо-германдық
  2. мұсылмандық
  3. англо-саксондық
  4. социалистік
  5. өркениеттік

61

Қай құқықтық жүйеге нормативтік қорытындылардың  жоғары деңгейі тән болып келеді?

  1. салт-дәстүрлік
  2. мұсылмандық
  3. романо-германдық
  4. англо-саксондық
  5. өркениеттік

62

Қай құқықтық жүйе коммунистік идеалдарды қалыптастырады?

  1. романо-германдық
  2. мұсылмандық
  3. индуистік
  4. англо-саксондық
  5. социалистік

63

Маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуде нормативтілік қандай амал-тәсілдермен қамтамасыз етіледі?

  1. тұрақты, үлгі мінез-құлық ережелерін белгілеу арқылы
  2. стихиялы түрде
  3. санасыз түрде
  4. ойланбай бірден
  5. мемлекет күштеуімен

64

Қандай реттеушілік нормативтік деп саналады?

  1. бір реттік
  2. бірнеше мәрте, жалпылық, типтік (үлгі болатындай)
  3. ресми
  4. соттық
  5. әкімшілік

 

65

Қандай заңдық құбылыстар нормативтік (әлеуметтік) реттеушіге жатқызылады?

  1. нормалар
  2. заңдық актілер
  3. тыйым салушылықтар, міндеттеушіліктер, рұқсат берушіліктер
  4. заңдық фактілер
  5. құқықтық қатынастар

66

«Жеке адам» түсінігі адамды қай тұрғыдан сипаттайды?

  1.  әлеуметтік
  2.  биологиялық
  3.  заңдық
  4.  ұлттық
  5.  медициналық

67

Адам құқығы – бұл...

  1. қажетті мінез-құлық өлшемі
  2. міндеттердің өлшемі
  3. тыйым салушылық шарасы
  4. мүмкін болатын мінез-құлық өлшемі
  5. марапаттау көрсеткіші

68

Әлеуметтік нормалар қандай мінез-құлықтарды реттейді?

  1. бір реттік
  2. нақты
  3. типік, тұрақты
  4. өкілетті
  5. игілікті

69

Әлеуметтік нормалардың қайсысы қоғамның өзіндік ерекшелігін қолдау үшін қызмет етеді?

  1. саяси
  2. экономикалық
  3. мораль
  4. әдет-ғұрып
  5. идеологиялық

70

Қандай жазба көздерден діни нормаларды табуға болады?

  1. Хаммурапи заңдарында
  2. Құранда
  3. Конституцияда
  4. Әкмшілік рәсімдік-процестік кодексте
  5. Сот үкімінде

71

Техникалық норманы табыңыз:

  1. мемлекеттік стандарттар
  2. экологиялық
  3. экономикалық
  4. әдет ережелері
  5. кедендік

72

Барлық әлеуметтік нормаларға қандай белгілер тән болып келеді?

  1. мемлекетпен қамтамасыз етілуі
  2. жалпыға міндеттілігі
  3. формалды анықталғандығы
  4. нормативтілігі
  5. мемлекеттік мәжбүрлеуі арқылы орындатылуы

73

Құқық нормасын қабылдайды:

  1. саяси партиялар
  2. діни бірлестіктер
  3. мемлекеттің өкілетті органдары
  4. әлеуметтік топтар
  5. кәсіподақтар

74

Құқықтың қайнар көзі болып табылмайды:

  1. материалдық мүдде
  2. нормативтік құқықтық акт
  3. нормативтік келісмшарт
  4. құқықтық әдет-ғұрып
  5. құқықтық прецедент

75

Құқықтың қайнар көзіне мемлекет қандай қасиет береді?

  1. жеке дербестік
  2. үлгі
  3. әділеттілік
  4. бедел, абырой
  5. жалпыға міндеттілік

76

Мемлекеттің қандай іс-қимылы әдет-ғұрыпқа заңды қасиет береді?

  1. сақтау
  2. пайдалану
  3. қолдау
  4. орындау
  5. санкциялау

77

Заңдық іс бойынша қабылданатын сот немесе/және әкімшілік  шешім түріндегі құқықтың қайнар көзі:

  1. құқықтық прецедент
  2. құқықтық әдет-ғұрып
  3. нормативтік келісімшарт
  4. құқықтың қағидаттары
  5. нормативтік құқықтық акт

78

Парламенттен құқықтың қандай қайнар көзі туындайды?

  1. құқықтық әдет-ғұрып
  2. сот прецеденттері
  3. құқықтық доктрина
  4. діни мәтіндер
  5. заңдар

79

Сот құқықтың қайнар көзінің қайсысын тудырады?

  1. құқықтық әдет-ғұрып
  2. заңдар
  3. сот прецеденттері
  4. құқықтық доктрина
  5. діни мәтіндер

80

Үкімет құқықтың қайнар көзінің қайсысын тудырады?

  1. заңдарды
  2. кодекстерді
  3. құқықтық әдет-ғұрыптарды
  4. заңға тәуелді актілерді
  5. құқықтық прецеденттерді

81

«Тәуелсіздік туралы» Қазақстан Республикасының констиуциялық заңы қашан қабылданды?

  1. 1995 жылы 30  тамызда
  2. 1991 жылы 16 желтоқсанда
  3. 1990 жылы 25 қазанда
  4. 2020 жылы 29 маусымда
  5. 1991 жылы 18 желтоқсанда

82

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі екінші Конституциясы қашан қабылданды?

  1. 1995 жылы 30  тамызда
  2. 1991 жылы 16 желтоқсанда
  3. 1990 жылы 25 қазанда
  4. 2020 жылы 29 маусымда
  5. 1993 жылы 28 қаңтарда

83

«Үкімет туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы қашан қабылданды?

  1. 1995 жылы 30  тамызда
  2. 1991 жылы 16 желтоқсанда
  3. 1990 жылы 25 қазанда
  4. 2020 жылы 29 маусымда
  5. 1991 жылы 18 желтоқсанда

84

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі бірінші Конституциясы қашан қабылданды?

  1. 1995 жылы 30  тамызда
  2. 1991 жылы 16 желтоқсанда
  3. 1990 жылы 25 қазанда
  4. 2020 жылы 29 маусымда
  5. 1993 жылы 28 қаңтарда

85

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заң қашан қабылданды?

  1. 1995 жылы 30  тамызда
  2. 1991 жылы 16 желтоқсанда
  3. 1995 жылы 26 желтоқсанда
  4. 2020 жылы 29 маусымда
  5. 1993 жылы 28 қаңтарда

86

«Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы қашан қабылданды?

  1. 2000 жылы 25 желтоқсанда
  2. 1995 жылы 30  тамызда
  3. 1991 жылы 16 желтоқсанда
  4. 1995 жылы 26 желтоқсанда
  5. 2020 жылы 29 маусымда

87

Романо-германдық құқықтық жүйедегі құқықтың қайнар көзінің қайсысы негізгі болып табылады?

  1. кодекс
  2. қаулы
  3. нұсқау
  4. Конституция
  5. Жарлық

88

Нормативтік құқықтық актілер әрекет ету саласы қарай қандай түрлерге бөлінеді?

  1. тұрақты және уақытша
  2. бірлескен және жеке дара
  3. әлеуметтік және техникалық
  4. жалпы және жергілікті
  5. жалпы және ерекше

89

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы бойынша қандай актілер заңнамалық актілерге жатады?

  1. Парламент қаулылары мен заңдар
  2. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары
  3. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары
  4. Үкіметтің қаулылары мен өкімдері
  5. заңдар және нұсқаулықтар

 

90

Локалды заң күшіндегі актілерге қандай заң күшіндегі актілер жатады?

  1. қағидаттар
  2. нұсқаулықтар
  3. мекеме басшыларының қаулылары
  4. Үкімет қаулылары
  5. сот шешімі

91

Заңды нормативтік құқықтық актілердің қзге де түрлерінен қандай белгісі арқылы ажыратуға болады?

  1. құқық нормаларынан тұрады
  2. жалпы және жергілікті болып бөлінеді
  3. әлеуметтік реттеуді жүзеге асырады
  4. тек Парламентте не болмаса референдумда ғана қабылданады
  5. мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі

92

Заңдарды жіктеу қандай негізде жүзеге асырылады?

  1. құқық функциясы
  2. реттеу саласы
  3. құқық типі
  4. құқық нысаны
  5. заңдық күші

 

93

«Құқық» және «заң» категорияларының арақатынасы қандай?

  1. мазмұн және нысан
  2. тип және түр
  3. жалпы және ерекше
  4. бөлік және бүтін
  5. міндет және мәжбүрлеу

 

94

ҚР Президентінің заңды күші бар Жарлықтары қандай қатынастарды реттейді?

  1. болмашы
  2. маңызды
  3. уақытша
  4. халықаралық
  5. тұрақты

95

ҚР Президентінің конституциялық заңды күші бар Жарлықтары нормативтік құқықтық актілердің ішінде қандай деңгейде тұрады?

  1. туынды актілермен бірге
  2. нұсқаулармен бірге
  3. Конституциямен бірдей
  4. Конституциялық заңдармен бірдей
  5. заңдармен бірге

96

ҚР ПРезиденті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт:

  1. қаулылар
  2. нұсқаулар
  3. заңдар
  4. ережелер
  5. жарлықтар

97

Заңнама жүйесі – бұл .... жиынтығы

  1. құқық нормаларының
  2. нормативтік құқықтық актілердің
  3. мінез-құлық ережелерінің
  4. мемлекеттік стандарттардың
  5. әдет-ғұрыптардың

98

Заңнама жүйесінің алғашқы элементі:

  1. Кіріспе
  2. бөлім
  3. нормативтік құқықтық акт
  4. құқық нормасы
  5. бап

99

Құқық жүйесінен айырмашылығы заңнама жүйесі қалай қалыптасады?

  1. субъективті түрде
  2. объективті түрде
  3. стихиялы (күтпеген жағдайда)
  4. тарихи
  5. заң шығарушыға байланысты емес

100

Заңнама жүйесі құқық жүйесіне қарағанда қандай сипатта болады?

  1.  жергілікті
  2.  локалды
  3.  туынды
  4.  негізгі
  5.  Алғашқы

101

Нормативтік құқықтық актілердің шегі қандай факторлармен анықталады?

  1.  саясатпен
  2.  экономикамен
  3.  дінмен
  4.  басқару нысанымен, тәртіппен
  5.  уақытпен, кеңістікпен, адамдар арасында

 

102

Нормативтік құқықтық актілердің уақыт бойынша әрекетін қандай факт тоқтатады?

  1.  тіркеу
  2.  қол қою
  3.  күшін жою
  4.  жариялау
  5.  талқылау

103

Нормативтік құқықтық актілердің әрекет ету кеңістігі нені білдіреді?

  1.  ғарышты
  2.  су қоймалары
  3.  орман
  4.  құрғақ,  су, ауа, мемлекет шекарасының ішкі жер қыртысы
  5.  Жануарлар мен өсімдіктер әлемі

105

Заңға қандай жағдайда кері күш беріледі?

  1.  егер заңға күш берсе  
  2.  егер заң жауапкершілікті күшейтсе
  3.  егер заң жазаны қатайтса
  4.  егер заң жауапкершілікті жойса
  5.  егер заң күшін жойса

   

106

Қандай нормативтік құқықтық актілер азаматтардың жеке санаттарына ғана таралады?

  1.   жалпы
  2.  арнайы
  3.  Уақытша
  4.  салалық
  5.  заңға тәуелді актілер

107

Нормативтік құқықтық актілердің уақыт бойынша әрекеті қандай жағдайлармен байланыстырылған?

  1.  талқылау, қабылдау
  2.  жариялау, қол қою
  3.  қабылдау, жариялау
  4. жариялаумен, күшіне енуімен
  5.  күшіне енуімен, күшін жоюмен

108

Құқық нормасы қандай мағынада түсіндіріледі?

  1.  бап
  2.  құқық нысаны
  3.  заң бөлімі
  4.  мінез-құлық ережелері
  5.  құқықтың қайнар көзі

109

Құқық нормасының мемлекетпен байланысы қалай түсіндіріледі?

  1.  құқықтың нысаны
  2.   жалпыға міндеттілік
  3.  мемлекеттің мәжбүрлеуі
  4.  формалды анықталғандығы
  5.  ерікті түрде орындалуы

   

110

Құқық нормасының элементтерінің өзара байланысын және қатынасын қандай ұғым білдіреді?

  1.  мазмұны
  2.  мәні
  3.   нысаны
  4.  типі
  5.  құрылымы

111

Құқықтық қатынас субъектілерін басқа нормаларға сілтейтін диспозиция түрі:

  1.  жай
  2.  баламалы
  3.  бланкетті
  4.  императивті
  5.  Күрделі

112

Бірнеше заңдық фактілерді көрсететін гипотеза түрі:

  1. жай
  2. күрделі
  3. баламалы
  4. императивті
  5. бланкеттік

113

Жазаның әр түрін көрсететін құқық нормасының санкциясының түрі:

  1.  абсолютті-анықталған
  2.  салыстырмалы-анықталған
  3.  баламалы
  4.  жай
  5.  сілтемелі

114

Құқық нормасының қай элементі мінез-құлықтың мүмкін вариантын көрсетеді?

  1.  күрделі гипотеза
  2.  балама гипотеза
  3.  жай диспозиция
  4.  балама диспозиция
  5.  балама санкция

 

115

Нормативтік құқықтық актілердің баптары мыналардан тұруы мүмкін:

  1.  тек қана диспозициялардан
  2.  тек қана гипотезалардан
  3.  гипотезадан, диспозициядан  
  4.  тек қана санкциядан
  5.  құқық нормасының элементтерінің әр түрлі композицияларынан

116

Саяси жүйенің негізін бекітетін құқық нормасының түрі:

  1.  реттеуші
  2.  қорғаушы
  3.  декларативті
  4.  дефинитивті
  5.  құрылтайшы

117

Құқықтық қатынастардың субъектілерін әрекет етуге мәжбүрлейтін құқық нормасының түрі:

  1.  құқық беруші
  2.  тыйым салушы
  3.  міндеттеуші
  4.   декларативті
  5.  құрылтайшы

118

Ақпараттық рөл атқаратын құқық нормасының түрі:

  1.  дефинитивтік
  2.  реттеуші
  3.  Қорғаушы
  4.  материалды
  5.  Процестік

119

Құқықтық қатынас субъектілерін әрекет етпеуге міндеттейтін құқық нормасының түрі:

  1.  қорғаушы
  2.  тыйым салушы
  3.  міндеттеуші
  4.  құқық беруші
  5.  реттеуші  

120

Нормативтік құқықтық актілердің күшіне ену мерзімін анықтайтын құқық нормасының түрі қалай аталады?

  1.  процестік
  2.  оперативті
  3.  дефинитивтік
  4.  декларативтік
  5.  материалды

121

Қандай құқық нормалары әкімшілік бірлікте ғана әрекет етеді?

1) локалды;

2) жалпы;

3) ведомстволық;

4) жергілікті;

5) декларативті.

122

Құқық шығармашылықтың нәтижесі  не?

1) акт жобасы;

2) актінің түрін анықтау;

3) актінің  тұжырымдамасы;

4) қайнар көздерде  көрсетілген құқық нормасы;

5) демократия

123

Құқық шығармашылықтың түрі:

1) актінің жобасын қарау;

2) әдет-ғұрыпты санкциялау;

3) актінің  жобасын  дайындау;

4) актіні  талқылау;

5) актіні жариялау

124

Құқық  шығармашылық процесінің  кезеңін  көрсетіңіз:

1) Заңды қабылдау бойынша референдум;

2) Әдет – ғұрыпты санкциялау;

3) Қоғамдық ұйымдардың құқық шығармашылығы;

4) Заң күшіндегі шығармашылық;

5) Болашақ актінің концепциясын  әзірлеу.

125

Құқық шығармашылық кезеңінің (стадиясының) қайсысын  бірінші кезекте жүзеге асырылады?

1) Болашақ актінің концепциясын  әзірлеу;

2) Акт жобасын қарау;

3) Нормативті актіні  әзірлеу туралы   шешім қабылдау;

4) Нормативті актіні  қабылдау;

5) Нормативті  актіні  жариялау

126

Құқық шығармашылық  процесінің  қай кезеңі (стадиясы)  нормативтік құқықтық актіні жариялаудың   алғы шарты  болып табылады?

1) Нормативтік құқықтық актіні  қабылдау;

2) Нормативтік құқықтық актінің жобасын қоғамдық  талқылау;

3) Акт жобасын  қарау;

4) Нормативтік құқықтық  актіні  дайындау туралы  шешім қабылдау;

5) Нормативтік құқықтық актінінің концепциясын  әзірлеу

127

Құқық шығармашылықтың қай  қағидасы  қоғамдық пікірді  есепке  алуды  қажет  етеді?

1) ғылымилық;

2) заңдылық;

3) демократиялық;

4) жүйелік;

5) ашықтық

128

Құқық шығармашылықтың қай қағидасында құқықтың ішкі қисындылығы есепке алынады?

1) ғылымилық;

2) заңдылық;

3) демократиялық;

4) жүйелік;

5) орындаушылық

129

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың қандай әлеуметтік құқықтары бекітілген?

  1.  құпия хат алысу
  2.  бейбіт жиналыстар
  3.  жеке меншік
  4.  ана мен баланы қорғау
  5.  мәдени өмірге араласу

130

Құқық шығармашылықтың қай қағидасы құқық шығармашылық процесінің қоғам үшін  ашықтығын    талап  етеді?

1) ғылымилық;

2) заңдылық;

3) демократиялылық;

4) жариялылық;

5) жүйелілік

131

Құқық шығармашылықтың қандай қағидасы  құқық шығармашылықпен құзырлы  органдардың шұғылдануын талап етеді?

1) ғылымилық;

2) кәсіпқойлық

3) демократиялық;

4) жүйелік;

5) заңдылық

132

Құқық шығармашылықтың қай қағидасы  Конституцияға сәйкестікті  талап етеді?

1) ғылымилық;

2) демократиялық;

3) заңдылық;

4) жүйелік;

5) жариялылық

133

Заңды техниканың мақсаты:

1) нормативтік құқықтық актіні  жетілдіру;

2) Құқықтық сана;

3) Құқықтық мәдениет;

4) Құқық  жүйесін  жетілдіру;

5) Құқық сферасы

134

Заңды техниканың негізгі  объектісі:

1) құқықтық жүйе;

2) құқықтық актінің  мәтіні;

3) құқықтық режим;

4) референдум;

5) актінің  концепциясы

135

Қандай терминдер  заңдарды баяндауда қолданылмауы тиіс?

1) ғылыми

2) заңды

3) әдеттегі

4) жалпыға мәлім

5) екі мағыналы

136

Заң тілі  қандай  талаптарды  қанағаттандыруы қажет?

1) заңдылық;

2) қолданушылық;

3) жалпыға міндеттілік;

4) терминдерінің бірыңғайлығы

5) формалды анықталғандығы

137

Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің  мақсаты:

1) тіркеу;

2) құқық шығармашылық;

3) заңнаманың қолайлы болуы;

4) заңнаманы  жүзеге асыру;

5) заңнамаға  түсінік беру

138

Заңнаманы  жүйелеуді  қалай  түсінесіз?

1) актілерді  талқылау;

2) актілерді қабылдау;

3) актілерге  түсіндіру;

4) актілерді ретке  келтіру;

5) актілерді анықтау

139

Заңдарды жүйелеу барысында олардағы нормативтік материалдарды жүйелеудің хронологиялық, пәндік және басқа да белгілері бойынша жүргізілетін түрі:

1) инкорпорация;

2) преюдиция;

3) кодификациялау

4) легитимдендірілу

5) криминализациялау

140

Жүйелеудің қай түрі құқық шығармашылық тәсілі болып табылады?

1) хронологиялық инкорпорация;

2) пәнді инкорпорация;

3) басты инкорпорация;

4) консолидация;

5) кодификация

141

Жүйелеудің  қай түрі  ресми және бейресми сипатта болады?

1) Инкорпорация;

2) Консолидация;

3) Кодификация;

4) Типология;

5) Жіктеу (классификация)

142

Консолидацияның кодификациядан айырмашылығы не де?

1) Консолидация хронологиялық болып келеді;

2) Консолидация кезінде құқықтағы кемшіліктер жойылмайды;

3) Консолидация  бейресми болып табылады;

4) Консолидация актіні өзгертеді;

5) Консолидация  жүйелеу түрі болып табылмайды

143

Құқық жүйесінің алғашқы  элементі:

1) құқық институты;

2) құқық саласы;

3) құқық нормасы;

4) құқықтың мақсаты;

5) нормативтік- құқықтық актінің  бабы

144

Құқық жүйесіне біртұтастықты не береді?

1) элементтерінің  субъективтілігі;

2) элементтерінің  әлеуметтілігі;

3) оның элементтерінің  нормативтілігі;

4) ішкі келісімділігі, элементтерінің өзара байланыстылығы;

5) оның элементтерінің  тәуелсіздігі

145

Құқық жүйесінің  қай элементі ең ірі  болып табылады?

1) заңнама;

2) заңды практика;

3) құқықтық сана;

4) құқық нормасы;

5) құқық саласы

146

Қоғамдық қатынастың түрлерін реттейді - ...

1) Құқық институты;

2) Құқық саласы;

3) Құқық нормасы;

4) Құқық нысаны;

5) Құқықтық жүйе

147

Құқықтық қатынастардың  тобын (тегін)  реттейді- ...

1) құқықтық жүйе;

2) құқық саласы;

3) құқық нормасы;

4) құқық жүйесі;

5) құқық нысаны

148

Құқықты салаға бөлудің материалды  белгісі нені білдіреді?

1) құқықтық сана;

2) экономика;

3) құқықпен реттелетін  қоғамдық қатынастар;

4) әлеуметтік сфера;

5) құқық субъектісі

149

Құқықты салаға бөлудің қосымша (заңды) белгісі не болып табылады?

1) құқықтық реттеу пәні;

2) жеке реттеу;

3) нормативті реттеу;

4) құқықты реттеудің әдісі;

5) құқықтық  әдет- ғұрып.

150

Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқықтың нормаларымен  мынадай арақатынаста болады?

1) басымдылық танытады;

2) тәуелді;

3) өзара әрекет етпейді;

4) қолдау сипатында болады;

5) ынталандырушы сипатта болады

151

Ұлттық және халықаралық құқықтың жақындауы мына жолмен жүзеге асырылады?

1) қоғам қызметі;

2) заңнаманы жүйелеу;

3) халықаралық терминдерді енгізу;

4) БҰҰ мүше болу;

5) халықаралық конвенцияларға қосылу

152

Мына  анықтаманың  қай  ұғымға  қатысты  айтылғанын    көрсетіңіздер:  Қоғамның   немесе  әлеуметтік  топтардың  барлығының  құқықтық  сезімінің  жиынтығы – бұл ...

1) құқықтық  сана;

2) құқықтық идеология;

3) құқықтық психология;

4) құқықтық мәдениет;

5) құқықтық жүйе

153

Құқықтық  сана  элементін  көрсетіңіз:

1) құқық  нормасы;

2) құқықтық    идеология;

3) құқық  саласы;

4) құқықтық мәдениет;

5) құқықтық мәдениет

154

Құқықтық сана -  ...  білдіреді:

1) ғылым туралы  білімді;

2) экономика  туралы білімді;

3) мораль туралы  білімді;

4) құқық  және  заңдар  туралы  білімді;

5) табиғат   туралы білімді.

155

 Сөйлемді аяқтаңыз. Нақты өмірде ...

A) жеке  адамның санасы  қоғамдық  сананың  негізін  қалайды;

B) қоғамдық  сана  жеке  адамның  санасына  ықпал  етеді;

C) жеке тұлғаның  санасы  ұжымның санасына  ықпал етеді;

D) жеке адамдардың санасы   корпоративті  санаға  ықпал етеді;

E) адамның  санасы  адамдар топтарының  санасына   ықпал етеді

156

Құқықтық сана  мен  қоғамдық  сананың  арақатынасы  қандай?

1) Олардың  арасында  өткізбейтін  қалқа бар;

2) Жеке  дара  қоғамдық  құбылыстар болып табылады;

3) Еш уақытта  өзара   әрекет  етпейді;

4)  Құқықтық  сананы  саяси, экономикалық, діни, өнегелі  және  қоғамдық  сананың  нысандары  қалыптастырады;

5)  Құқықтық сана  мемлекетті  қалыптастыруға ықпал етеді.

157

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қашан жария болды?

  1.  2021 жылы 1 қыркүйекте
  2.  2020 жылы 1 қыркүйекте
  3.  2019 жылы 2 қыркүйекте
  4.  2018 жылы 5 қазанда
  5.  2017 жылы 12 желтоқсанда

158

  Әдеттегі  (кәдімдігі, күнделікті, үйреншікті) құқықтық сананы қалыптастырады...

1) дағды, ептілік, доктрина;

2) идеялар, қағидалар, тұжырымдар;

3) жеке  бас  тәжірибесі;

4) жеке бас тәжірибесі және  заңды  ақиқаттың   фактілеріне   психологиялық  көз - қарастар;

5)  сезім

159

 Әдеттегі (кәдімгі, күнделікті, үйреншікті)  құқықтық  сананың  шектеулілігі  немен  байластырылған?

1) қоғамдық пікірмен;

2) жеке   бас  тәжірибесімен;

3) мемлекет  билігімен;

4)  заңды тәжірибемен;

5)  үстемдік етуші  догмамен.

160

Заңды жауаптылыққа тарту негізі:

  1.  құқыққа сай мінез-құлық
  2.  әрекетсіздік
  3.  өзімшілдік мүдде
  4.  құқыққа қайшы мінез-құлық
  5.  іс-әрекет немесе әрекетсіздік

...

Скачать:   txt (54.7 Kb)   pdf (154.7 Kb)   docx (48.4 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club