Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылымдар жүйесі
Автор: Maulen555 • Сентябрь 17, 2020 • Реферат • 934 Слов (4 Страниц) • 933 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылымдар жүйесі
Орындаған: ҚҚ 20-3 студенті,- Құмқай Маулен
Тексерген: Куанышева И.
Тараз 2020
Мемлекет жəне құқық теориясы дегеніміз, заң және құқық білімдерін үйрететін жоғары оқу орындарында оқытылатын аса маңызды пəндердің бірі. Бұл пән мемлекет пен құқық жайлы жалпыланған ережелерден тұрады. Мемлекет жəне құқық теориясы - жалпы теориялық және нұсқалық функцияның мағынасын аша отырып, белгілі бір нақты жұмыс атқарады. Және, бұл пәннің мемлекеттік-құқықтық даму заңдылығын ашатын белгісі - нақты юридикалық ғылым мен пән өкілдері зерттейтін құбылыстарының жаңа қырын байқауда не болмаса оны түсіндіруде және талдауда жаңа көзқараспен қарау мүмкіндігі пайда болады. Оған қоса нақты юридикалық ғылымдар өз тәжірибе қызметінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық аясын қамтитын, оның ішінде:
- құқық пен заңның мағынасы мен бағытына сай ұқсамайтынын танытатын белгілерін ажырата білу;
- мемлекеттік ұйғарымның императивтілігі, олардың билік құрылымының мәжбүрлік ықпалы арқылы нығайтылғандығы және шартсыз міндеттілік сипатының болуы, т.б.
Соған сәйкес мемлекет және құқық теориясында құзырет, заңдық лауазым, азаматтылық, қылмыстылық және құқықбұзушылық, юридикалық техника және т.б. ұғымдар бүгінгі таңда заңтанудың жалпы құндылығы болып саналады. Заңтануда мемлекет және құқық теориясы интегративтік құрылымын құрады, яғни өзіне барлығын шоғырландыратын оның квинтэссенциясы деуге болады. Жоғарыда айтылғандар студенттердің мемлекет және құқық теориясын оқып үйренуге деген нақты қатынасының маңыздылығының көпе көрнеу үлгісі. Бұл оларға жалпы заңтану үшін кейбір іргелі және түйінді сауалдарга зейін аудару мүмкіндігін береді, ондай білімдерге оларсыз көптеген салалық проблемаларды түсінуге жол бермейтін білімдер жатады. Осы ғылымның теориялық - әдістемелік тұғырымен және оның мазмұнымен таныстығымыздың арқасында студенттер юридикалық пәндердің «құпияларын» белсенді және табысты игеру мүмкіндігі бар.
Мемлекет және құқық теориясы – мемлекет жəне құқықтың пайда болып қалыптасуы жайындағы жалпы жəне арнайы заңдылықтары туралы ғылым.
Метод – ғылымда білім алу үшін қолданылатын тəсілдердің, амалдар мен ережелердің жиынтығы.
Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім.
Материализм– философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс, сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт.
Диалектика – табиғаттың, қоғамның жəне адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың əдісі мен теориясы
Диалектика: диалектика заңдары, негізгі әдістері, диалектика сипаттары болып бөлінеді. Соның ішінде негізгі әдістеріне – жүйелік-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық, логикалық-тілдік, социологиялық сияқты бөлімдер кіреді.
Мемлекет.
Мемлекет қоғамнан тұрады, ал қоғам мен билік тығыз байланысты. Олардың өз функциялары мен ұйымдарының атқаратын қызметтері бар. Функциялары: адамдардың бірлескен қызметін басқару, адамдардың бірлескен əрекеттерін қамтамасыз ету, қоғамдағы тəртіпті қамтамасыз ету, адамдардың еркін білдіруді ұйымдастыру. Ұйымдар: алғашқы қауымдық құрылыста, саяси (класстық қоғамдағы мемлекеттік билік), деспотиялық, демократиялық саясатта болып бөлінеді.
Билік – көндіру мен мəжбүрлеу амалдарының нəтижесінде адамдардың əрекеттерін реттеп, басқарып отыру.
Мемлекеттік билік – мемлекеттегі шоғырланған билік пен күшті мемлекеттік органдар мен мекемелердің іске асыруы.
Мемлекеттің өмірге келу теориялары 7-ге бөлінеді. Олар: теологиялық теория, патриархалдық теория, органикалық теория, табиғи теория, психологиялық теория, күштеу теориясы, материалистік теория.
Мемлекеттің рулық қауымнан ерекшеленетін белгілері: халықпен сəйкес келмейтін жария биліктің болуы, халықтың территориялық белгілеріне сəйкес бөлінуі, алымдар мен салықтар, мемлекеттің егемендігі.
...