Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық заңдардың қолданылуы

Автор:   •  Март 11, 2022  •  Практическая работа  •  1,202 Слов (5 Страниц)  •  235 Просмотры

Страница 1 из 5

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

                                          [pic 1]

СОӨЖ 4.

1.1.Азаматтық заңдардың қолданылуы

СӨЖ    4.

1.1.Азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы

Орындаған: Сутенова Наргиза

                                     Алматы 2022

 СОӨЖ

1.Азаматтық  заңдардың  қолданылуы.

Қазақстан  Республикасының  Конститутциясы  4-бабының  4-тармағына сәйкес, барлық заңдар, Қазақстан Республикасы  қатысушы  болып  табылатын  халықаралық  шарттар  деп  жарияланады.Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  1998  жылғы Қазақстан  Республикасы  заңының  31-  бабында  Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің  жаршысында  және  ресми  басылымдар  болып табылатын «Егемен Қазақстан», «Казакстанская правда», «Заң»,  «Юридическая газета» газеттерінде жарияланады.

2. Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес нормативтік актілер мынадай мерзімдерде:

1.  Қазақстан  Республикасының  заңдары,  Қазақстан  Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қаулылары - олар алғаш рет ресми жарияланғаннан  кейін егер актілердің өздерінде немесе олардың күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, күнтізбелік 10 күн өткен соң;

2.Қазақстан Республикасы Парламенті, оның палаталарының қаулылары - егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап;

3.Қазақстан  Республикасы  Контитуциялық  Кеңесінің қаулылары - олар қабылданған күннен бастап;

4.Орталық  атқарушы  және  өзге  де  орталық  мемлекеттік органдардың  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  құрамына енетіндердің  де,  енбейтіндердің  де,  соның  ішінде  Қазақстан Республикасы Жоғары сотының, Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері - егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енгізіледі.Нормативтік  құқықтық  актілерде  немесе  оларды  күшіне енгізу  туралы  актілерде  нормативтік  құқықтық  актілердің жекелеген бөліктерін, тарауларын, баптарын күшіне енгізудің тұтас алғанда бүкіл акті үшін белгіленгенінен  өзгеше мерзімдері көрсетілуі мүмкін.Егер заңдардың өзінде оларды күшіне енгізудің өзгеше тәртібі белгіленбесе, азаматтық заңдар өздері жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді.Азаматтық заңда күшіне енгізудің арнаулы тәртібі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі  «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлім күшіне енгізу туралы» 1994 жылы 27- желтоқсанындағы қаулысында көзделген. Бұл қаулыда оны күшіне енгізу уақыты, яғни 1995 жылғы 1- наурыздан бастап деп көзделген.

Азаматтық - құқықтық нормативтік актінің күшіне ену кезімен қатар оның қолданылуын тоқтату кезінің де маңызы зор. Көптеген жағдайларда  азаматтық-құқықтық нормативтік актілер бұрын қолданылып келген нормативтік актінің күшін жоятын немесе оның мазмұнын өзгертетін жаңа нормативтік актінің  қабылдануы  нәтижесінде  өз  күшін  жояды.Мәселен, Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңеснің  «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін күшіне енгізу туралы» 1994 жылы 27-желтоқсандағы  қаулысымен «Меншік туралы», «Кәсіпорындар  туралы»,  «Кепіл  туралы»  заңдардың  күші жойылды деп танылды.

Азаматтық  заңдардың  кеңістікте  және  адамдар  тобы бойынша қолданылуы.Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында қолданылады.Алайда Азаматтык-құқықтық нормативтік акт шығарған орган сол актінің қолданылу аумағын шектеу мүмкін.

Азаматтық  заңдар  адамдардың  тобы  бойынша  да  нақ осылайша  қолданылады.  Атап  айтқанда,  заңдар  Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына қолданылады. Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағында шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар нақ сондай құқықтарды сатып алуға құқықты емес және заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай міндеттер көзделсе, нақ сондай міндеттерді орындауы міндетті.Кейде нормативтік актінің өзінде оның барша жұртқа емес, белгілі бір адамдар тобына ғана қолданылатыны  белгіленеді. Мысалы,  «шетелдік  инвестициялар  туралы»  заң  шетелдік инвесторларға  қолданылады,  оларға  мыналар  жатқызылады: шетелдік заңды тұлғалар; өздері азаматтығында тұратын немесе тұрғылықты  жері  деп  санайтын  елде  шаруашылық  қызметін жүргізу үшін тіркелген жағдайда шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ  адамдар,  Қазақстан  Республикасының  азаматтары;  шет мемлекеттер; халықаралық ұйымдар.

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (133.5 Kb)   docx (61 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club