Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Қазақстан Республикасының Құқық негіздері» курсының пәні және жүйесі. Мемлекет теориясының негіздері

Автор:   •  Октябрь 22, 2020  •  Лекция  •  1,006 Слов (5 Страниц)  •  696 Просмотры

Страница 1 из 5

1) Құқық негіздері пәні ҚР Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғарғы принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын, жалпы мемлекетіміздің қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін үйретеді.

ҚР құқық жүйесіндегі пәндердің ең негізгілері қамтылып, онда Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Отбасы құқығы, Қаржы құқығы және Халықаралық құқық салаларынан жоғары білімді мамандар даярлауда қажетті теориялық түсініктер беріледі.

2) Мемлекет дегеніміз – жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларында өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Мемлекеттің негізгі белгілері:

- Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы;

- Қоғамдық қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы;

- Мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым;

- Мемлекет қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады;

- Мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

Мемлекет және саясат. Саясаттың мәні – оның әртүрлі мүдделерді үйлестіре алатын әлеуметтік қатынастарды реттеп, қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін қабілетінде жатыр.

Саясаттың 3 белгісі:

• Саясатты биліктік қатынастар саласы деп анықтауға болады.

• Саясат дегеніміз – қоғамның барлық мүшелерін біріктіретін жалпы мүдде негізінде әртекті мүдделер үйлестіру арқасында қоғамдық өмірді ұйымдастыру тәсілі.

• Саясат қоғамдық даму үдерістерін басқарудағы мемлекеттік билік институттарының көмегімен іске асатын элиталар мен көшбасшылардың қызметі.

Мемлекет және билік. Билік – тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Билік қызметіне қарай:

• заң шығарушы;

• атқарушы;

• сот билігі болып бөлінеді.

Билік объектісі мен субъектісінің қарым-қатынасына қарай:

• авторитарлық;

• тотаритарлық;

• демократиялық болып бөлінеді.

Мемлекетті басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдардың құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай прициптермен қалыптасып, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді.

Басқару нысаны монархия және республика болып екіге бөлінеді.

3) Монархия – жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархия шексіз (абсолюттік) және шектелген (конституциялық). Шексіз (абсолюттік) монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, биліктің бәрі өз қолында. (Мысалы, Шығыс деспотиясы, Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) Ал шектелген монархияда монарх билігі басқа да бір органмен немесе заңмен шектеледі. Монархияның бұл түрі Шығыс мемлекеттерінде кездеседі. Конституциялық монархия екіге бөлінеді: дуалистік және парламенттік. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрыңғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден, заң шығару билігі жатады. Конституциялық монархия - бұл монарх әдетте патша немесе патшайымның жазбаша немесе жазылмаған конституция параметрлерінде мемлекет басшысы ретінде әрекет ететін басқару формасы. Конституциялық монархияда саяси билік монарх пен парламент сияқты конституциялық

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (47.5 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club