Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік- экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері
Автор: Mekembay • Октябрь 6, 2020 • Контрольная работа • 1,785 Слов (8 Страниц) • 4,795 Просмотры
3-СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ
Топ:СИБк-20-6
Орындаған:Мекембай М.
Қабылдаған:Төленова З.
Тақырып: Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік- экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері
1.Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
2.Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері.
3Тұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы. Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев. Ұлттық автономиядан таптық автономияға Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бірінші мәселе бойынша:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақ даласына тигізген зардабын айта отырып, Ресейдегі дағдарыстың себептеріне тоқталыңыз.
- 1917 жылғы ақпан революциясының әсерімен болған Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерді баяндайсыз;
- Ақпан революциясынан кейінгі бағыт алған қос биліктің орнауының мәнін түсіндіріңіз.
Екінші мәселе бойынша:
- 1917 жылғы ұлт мүддесін ту еткен бірінші және екінші жалпықазақ съезінің басты шешімдері мен маңыздылығына тоқталыңыз;
- Түркістан (Қоқан) автономиясы мен Алаш автономиясының құрылуына қандай оқиғалар түрткі болғанын баяндау барысында сәтсіздіктері, жеңілу себептері мен болашағына талдау жасаңыз.
Үшінші мәселе бойынша:
- «Т. Рысқұловшілдік», «М. Сұлтанғалиевшілдік», «Түрікшілдік» деп айдар тағылған Шығыс халықтарының ұлттық коммунизмнің жетекшілері: татар Мирсаид Сұлтанғалиев пен Тұрар Рысқұловтың түрік халықтарын біріктіру идеясының мазмұны мен мақсаты неде деп ойлайсыз;
- Т. Рысқұловтың Түркістан Түркі Коммунистік партиясы мен Орта Азия Түркі Социалистік Республикасын құру туралы идеясы мен саяси іс- қимылын анықтау арқылы большевиктер тарапына неге қолдауға ие болмағандығын айтыңыз;
- 1919 жылы 10 шілдеде «Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет туралы» шешімнің қабылдануы, 1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған «Қырғыз (қазақ) АКСР құру тұралы» декрет негізінде кеңестік таптық мемлекет құрылды. Бұл қазақ мемлекетінің жаңғыруындағы күрделі кезеңдер және маңызды оқиға екенін айқындап, 1925 жылы 15 сәуірде Ақмешітте өткен Қазақ АКСР кеңестерінің V съезіндегі маңызды шешімдерді қорытындылау керек.
Бақылау сұрақтар:
1) 1917 жылғы ақпан төңкерісі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қандай өзгерістер әкелді?
2) Кеңес өкіметінің Алаш ұлттық автономиясы мен Қоқан автономиясына қатысты ұстанған саясатын сипаттаңыз.
3) «Түркі социалистік мемлекетін құрушылардың» тағдыры немен аяқталды?
Бақылау жауаптары:
1.Бірінші Дүннежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды.Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен жағдайда кірісті. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші Дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Erіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі — жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес еді.Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде:
...