Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттың адам және қоғам өміріндегі рөлі

Автор:   •  Сентябрь 17, 2020  •  Эссе  •  551 Слов (3 Страниц)  •  1,539 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚР Білім жене Ғылым министрлігі

Астана Халықаралық университеті

Эссе 

Тақырыбы: Саясаттың адам және қоғам өміріндегі рөлі

 Тексерген: Касенова Б.Б.

                                                                                   Орындаған: Азамат Г.А.

Нұр-Сұлтан, 2020

Саясат - қоғамдық істерді жеке адамның

мүддесіне қарай басқару тәсілі.

                                                                                                     Амброз Бирс  

 Саясат дегенеміз - қоғам және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы.

    Қоғам экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани ішкі жүйелерден тұратын өте күрделі динамикалық жүйе. Оның құрылымы әр түрлі қажеттіліктері мен қызығушылықтары бар жеке адамдардан, әлеуметтік қабаттардан, топтар мен ұлттардан тұрады. Саясат осы қоғамға қажетті  салалардың барлығында көрінеді және барлығымен тығыз байланыста болады. Сондықтан, саясаттың маңызды сипаттамалық ерекшеліктерінің бірі - оның әмбебаптығы. Бірақ қоғам оқшау емес, басқа қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық құрылымдармен байланыста жұмыс істейді және дамиды. Бұл алуан түрлі және күрделі қатынастардың да саяси өлшемдері бар. Сол себепті де, саясат қызметіне қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

   Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат. Қоғамдық өмір салаларын ажырату критерийі бойынша ішкі саясатты: экономикалық, әлеуметтік және рухани саясат деп бөлуге болады.

    Экономикалық саясат - қоғамның экономикалық өміріндегі қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын ережелер, мақсаттар, саяси құралдар мен практикалық шаралар жиынтығы. Салалар  бойынша экономикалық саясат әдетте: өнеркәсіптік, қаржы және  аграрлық саясат, т.б. болып бөлінеді.

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (57.4 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club