Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері
Автор: Наргизп Жумагул • Ноябрь 30, 2022 • Реферат • 1,531 Слов (7 Страниц) • 463 Просмотры
Алматы технологиялык университеті
Дизайн, текстиль жэне киім технологиялары факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
Орындаған:Дизайн 22-11 тобының студенті
Рамазан Аяжан
Тексерген:_____________________________
Алматы,2022
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Ақпан төңкерісі
2.Ақпан төңкерісінің Қазақстанға әсері
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:
1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресейде болған революция ғасырларға созылған патша үкіметінің билігін құлатып, оның орнына буржуазиялық-демократиялық республика орнады. Бұл Ақпан революциясы Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың заңды нәтижесі болды. Сөйтіп, ғасырларға созылған патша үкіметінің отарлық езгісі жойылып, билік Уақытша үкімет қолына көшті. Онымен қатар, жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер үкіметі де іске кірісті. Қазақ даласындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау үдерісі жүріп, патшаның 25 маусым жарлығына қарсы шыққандарды «бүлікшілер» деп түрмеге қамап, өлім жазасына кесіп, қатаң жаза қолданып, ұлттық намысты аяққа таптап, қорлық-зорлықты күшейтіп жатқан кезде патшаның тақтан түсуін «бұратана» атанған халықтар зор қуанышпен қарсы алды. Барлық баспасөз беттерінде бұл қуанышты хабар жарыса хабарланып жатты. Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары бұл хабарды қара жұмысқа барғандарға қолдау көрсету ниетімен Минскіде жүрген сапарлары барысында естіді. Минскіден Орынбордағы қырғыз (қазақ) облыстық комитетінің төрағасына жіберген жеделхаттарында Уақытша үкіметке көмекке келіп, майдандағы қазақтарға азық-түлік даярлауға шаралар қабылдауға шақырса, ал Әлихан, Міржақып, Мұса, Мырзағазы және т.б. «Қазақтар мен жаңарған Ресейдің ерікті азаматтарына» арналған жеделхатта Ресейдің барлық халықтарына еркіндік, теңдік және бауырластық туғандығын қуана хабарлай келе, қазақтарды өзге ұлттармен тығыз байланыста болып, жаңа құрылым мен үкіметті қолдауға шақырды. Алдағы кезеңде Құрылтай жиналысына даярланып, оған лайықты кандидаттарды сайлау қажеттігін және аграрлық мәселені талқылауға алуды үндеді. «Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар. Біздің ұранымыз: демократиялық республиканы және жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру. Құдайдан басқадан қорықпаңыздар... Әділет жолымен жүріп, жаңа үкіметті қолдаңыздар. Министрліктің азық-түлік ісі жөніндегі өкілдері мен майдандағы өзіміздің жұмысшыларға көмек көрсетуіміз керек. Халықтың пікірін жеткізіңіздер...» дей келе, алдағы уақытта аса маңызды жалпыресейлік мәселелер, әсіресе, өкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелерін, көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепке ала отырып, аграрлық мәселесін және Құрылтай жиналысына дайындықтар жүргізу қажеттігі баса айтылды. Әлихан бастаған қазақ зиялыларының Минскіден 15 наурызда жіберген келесі бір жеделхаты елдегі М.Тынышпаев, Ж.Тілеулин, А.Тұрлыбаев, Р.Мәрсеков және тағы басқа азаматтарға арналды. Теңдік, бостандық күнінің туғанымен құттықтай және жаңа үкіметке қолдау, қазаққа араздық, өштік, дау-жанжал, таласты қойып, ұйымдасып іске кірісуге шақырды («Қазақ», 1917, №223). Жаңа үкіметтің құрылғанымен Керенский, Милюков және тағы басқа да Уақытша үкіметтің мүшелерін Жетісу қазақтарының атынан ІІ Мемлекеттік Дума депутаты М.Тынышпаев та құттықтау жіберіп, ақпан революциясын үлкен оқиғаға балап, «Осы үлкен оқиға кезінде ескі үкіметтің адасқан, жаман саясатымен қанға боянған қазақ халқын ұмытпауларыңды, тұншығуға таянған қазақ халқының көздері сіздер жағында. Жазықсыз қамаудағы талай қазақтар жеңілдік, бостандық дәмін айтып тұр. Учредительный собраниеге кісі жіберуді беріңіздер» деген еді («Қазақ», 1917, 17 наурыз.). Ұлт зиялылары ақпан революциясына үлкен үміт артты. Жаңа үкіметті қолдай отырып, майдандағы қара жұмысшылар мен олардың отбасыларына қаржылай көмек ұйымдастыру мәселесін көтерді. «Қазақ» газетіне Минскіден Әлихан, Әбубәкір, Ажар, Ғайса, Міржақып, Мырзағазы қол қойып жіберген жеделхатта қара жұмыстан босатылған сарбаздар мен жұмысшылардың үйде қалған бала-шағасының пайдасына ақша жинауды ұсынды. Жеделхатта «Алаш азаматтарынан біздің тілейтініміз: жаңа үкіметті жақтаушыларға бар күштерімен болысу, бұрынғы тыныш күйді бұзбау, азық-түлік істеріндегі уәкілеттілерді демеу, майданда һәм майдан сыртындағы жұмысшыларға керек май, ет, тары секілді азықтарды жиыстырып, запас жасауға ұйымдасу» қажеттігін баса көрсетті. Ә.Бөкейханов, А.Кенжин, Ж.Сейдалин, М.Дулатов, Н.Құрбанғалиев, М.Боштаев Петроградта өткен мұсылмандар кеңесіне қатысып, мұсылмандар ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілодақтық мұсылмандар съезін шақыру қажеттігін қолдады. Жаңа үкіметтің орнауына орай Қазақстанның түкпір-түкпірінде жиналыстар өткізіліп, алдағы уақытта қандай іс-шаралар жүргізу мәселесі нақтыланды, оны жүргізетін атқару комитеттері құрыла бастады. Елдің алдында бұрыннан өзекті болып табылған үш мәселені – аграрлық, ұлттық және республика түріндегі жаңа саяси жүйені қалыптастыру мәселесі тұрды. Патша үкіметінің билігі құлағаннан кейін Ойыл уезінде өткізілген жиналыста оған қатысушылар жаңа үкіметке көну, Русия халықтарымен тізе қосып, бірігіп, халықты Құрылтай жиналысына сайлауларына көндіруді міндеттеріне алды. Үкімет билігін қолына алған Уақытша үкімет қазақ интеллигенция өкілдерін қызметке тартты. Мәселен, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің ұйғарымымен Торғай облыстық комиссары, О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды. Бұрынғы патшаға қызмет еткен ұлт зиялылары енді жаңа үкімет билік аппаратына араластырылды. Қазақ зиялыларына осындай қызмет ұсына отырып, біріншіден, елдің ішін өз өкілдерімен тыныштандыруға тырысса, екіншіден, Құрылтай жиналысына дейін берік билікті нығайтуды көздеді. Дегенмен, Уақытша үкіметтің Қазақстанның барлық аймағын қадағалауға мүмкіншілігі болған жоқ, кейбір өңірде бұрынғы генерал-губернаторлықтардың басқару жүйесі сақталып қалды. Мәселен, Уақытша үкімет билікті қолға алса да, Түркістан генерал-губернаторы Куропаткин мемлекеттік өзгерістерге қарамастан сәуір айына дейін өлкені басқаруды жалғастыра берді. Ұлт зиялыларының бастауымен жер-жерлерде қазақ және мұсылман комитеттері құрылып, съездер өткізу арқылы алда қолға алынатын жұмыстарды талқылай бастады. Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Орал, Бөкей Ордасында өткен облыстық қазақ съездерінде қазақ қоғамында өзекті саналатын мәселелерді жалпыұлттық деңгейге көтеріп, нақты талап-тілектерін ұсынды. Бұл съездердің барлығы да Уақытша үкіметтен үлкен үміт күтіп, сенім артты. Сондықтан, съездің басында бұл үкіметті толықтай қолдайтындықтарын білдірді. Мәселен, 1917 жылдың 2-8 сәуірі аралығында болған Торғай облыстық съезін ашқан Ахмет Байтұрсынов ұйымдық жағынан бірігіп, Уақытша үкіметке қолдау көрсете, тәртіп пен тыныштықты сақтай отырып, жаңа жүйені құруға шақырса, Семей облыстық қазақ съезінде сөз сөйлеген Райымжан Мәрсеков те еркіндікке және құлдықтан босануға қол жеткізу Ақпан революциясының арқасында екендігін баса айта, ол да қолдау көрсете, алдағы міндеттерге қол жеткізуге ұмтылуды маңызды деп санады. Барлық съездерде қаралған бұрыннан келе жатқан қазақтың ең өзекті дін, жер, земство, оқу, сот және тағы басқа мәселелері болса да, ең негізгісі, өзін-өзін басқару үшін ұлттық автономияға қол жеткізу, Құрылтай жиналысына даярлық жасау еді. Қазақ зиялылары Уакытша үкімет көтерген «Барлық билік Құрылтай жиналысына берілсін!» ұранын жақтады. Съездер өте салысымен Құрылтай жиналысына даярлық барысы қолға алынып, сайлау тәртібі мен әр облыстан оған лайықталған кандидаттардың тізімі «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы» және басқа басылымдарға жариялана бастады. Құрылтай жиналысына депутат сайлау халық арасында саяси белсенділікті арттыра түсті. Қазақ азаматтары жаңа үкіметтен патшаның 25 маусымдағы «бұратана» халықтардан қара жұмысқа алу жөніндегі жарлығына қарсы шығып, үкіметтің абақтысында азап шегіп жатқандарды босату және 1916 жылғы көтеріліс кезінде басқа елдерге қашып немесе босып кеткендерді, қара жұмысқа алынғандарды еліне қайтару мәселесін талап етті. Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы көтеріліске шығуы өзін-өзі қорғауға қатысты екендігін мойындады және көтерілісті басып-жаншыған жазалау экспедицияларының әрекеттерін тоқтатып, көтерілісті ұйымдастырғандарға және белсенді қатысқандарға кешірім жасады. Қара жұмысқа алынғандарды қайтару ісіне де қолдау көрсетті. Бұл қазақ халқы үшін ірі жеңіс еді. Е.Омаров, М.Есболов сияқты азаматтар майдандағы қазақ жігіттерін қайтару ісінің басы-қасында болып, адасып кеткен немесе қайта алмай темір жол бойында жүргендердің тізімін жасап, оларды эшелонға отырғызу және жеткізу қамына кірісті. Сонымен қатар, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлт зиялылары 25 маусым жарлығынан кейін Қытайға босып барып, аштыққа ұрынған қазақ-қырғыздарды қайтару мәселесін де қолға алды. Қазақ интеллигенциясының Ақпан төңкерісінен кейін қол жеткізген тағы бір жемісі – «Алаш» партиясы құрылып, Алаш идеясын жүзеге асыруға кірісті. Қазақ елінің өзін-өзі басқара алатын, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құруға, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қоюға ұмтылды. Әлихандай көсемі бар бұл партия халықтың ұзақ жылдар бойы аңсаған арманын орындауға талпынды. «Алаш» партиясының құрылуы біріншіден, қазақ қоғамының алға жылжуына үлкен серпіліс әкелді, екіншіден, халықтың жаңа заманға деген сенімін күшейтті. Партияның қатары күннен-күнге көбейіп, жалпықазақ съезінің шешімдерін орындауға бет бұрды. Съезде қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары ерекше белсенділік танытты. Ақпан революциясы қоғамда орын алған барлық мәселелерді шеше алған жоқ. Дегенмен, елдің саяси бостандық пен қоғамдық өмірді демократияландыруға деген сенімін арттыра түсті. Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің жандануына жол ашты. Қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінен кейін жаңа қоғамдық өзгеріске белсене араласып, өз ұлтының өмірін түбегейлі өзгертуге, жақсартуға талпынды. «Алаш» партиясы арқылы ұлттық бостандыққа жетуде ұлт азаматтарын біріктіруге, қазақ елінде отардан ада өркениетті қоғам орнатуға ұмтылды
...