Азаматтық істердің соттылығы
Автор: zhenisova • Октябрь 12, 2020 • Практическая работа • 267 Слов (2 Страниц) • 603 Просмотры
Практикалық сабақ № 5
Азаматтық істердің соттылығы.
Тапсырма № 1.
Астана қаласында тұрақты тұратын суретші И. Пак Әуезов атындағы Алматы театрымен сурет жазу туралы шарт жасасты. Шартта тараптар жасалған шарттан туындаған барлық даулар Алматы қалалық сотында қаралуға жататындығын көрсеткен тармақты жазды.И. Пак тапсырылған суреттерді жазды, бірақ та Астанадан Алматыға жіберуден бас тартты. Әуезов атындағы Алматы театры шартты орындау міндеті жөнінде И. Пакке қатысты Алматы қалалық сотына талап қойды. Бірақ Алматы қалалық соты ұйғарымда істің аудандық сотында қаралу тиістігін түсіндіріп арызды қабылдамайды.Соттылықтың қандай түрлерін білесіз?Аталмыш азаматтық іс қандай сотта қаралуы тиіс?
Жауабы: Соттылықтың тектік, аумақтық деген түрлері бар.
Тапсырма № 4.
Соттылықты анықтаңыз:
а) «Транзит» АҚ шетелдік қатысуымен « Казус » ЖШС-ке мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптары;
б) Тұтынушылар одағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сай емес тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның пунктіне дау айтутуралы талаптары;
в) Азамат Матвеевтің заем шарты бойынша 5 000 теңге өндіру туралы талаптары.
Жауабы:АПК-тің 30-бабына сәйкес Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық болып табылады
Тапсырма № 5.
Соттылықтың түріне байланысты соттылықты анықтаңыз:а) жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы талап;б) талап тараптардың келісімі бойынша Алматы қаласының сотына ұсынылды; в) мүлкінің орналасқан жері бойынша заңды тұлғаға талап; г) дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғаның талабы; д) тұтұнушылардың құқықтарын қорғау туралы талап;е) тасымалдау шарттарынан туындайтын тасымалдаушыларға талаптар; ж) еңбекақыны өндіріп алу талаптар;з) азаматты заңсыз айыптау салдарынан келтірген залалдарды өтеуге байланысты талаптар; и) мұраны мұрагерлермен қабылдауға дейін мұра қалдырушының несие берушілерінің талаптары.
...