Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау

Автор:   •  Май 9, 2018  •  Дипломная работа  •  26,203 Слов (105 Страниц)  •  853 Просмотры

Страница 1 из 105

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселесі зерттеушілердің назарынан шықпайтын ғылыми мәселелердің қатарына жатқызылады. Жұмыс беруші мен жұмысшы - жұмыс берушінің жағындағы «басымдық» мәртебесі бар еңбек қатынастарына түскен сайын, бұндай қатынастарда қызметкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру қаупінің бар болуы ықтимал.

2014 жылдың 11 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанның «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын жария етті [1]. Бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басымдығын атап өтетін жолдауына назар аударатын болсақ, мемлекет жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылымға өтудің, келесі сатыға көтерілу кезеңін өткеруде, бұндай жағдайда қызметкерлер құқықтарының дұрыс қамтамасыз етілуі мен қорғалуы өте өзекті болып табылады.

Еңбек нарығындағы қызметкерлердің құқықтық жағдайын жеңілдету және олардың еңбек ету барысындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынастардың теңдігін қамтамасыз ету қажет. Аталған міндетті шешуде көптеген аспектілерді, соның қатарында тұжырымдамалық аспектіні қамтитын қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселесі мен оны жүзеге асыру тәсілдерін ғылыми зерттеу қажет.

Сонымен қатар, қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың құқықтық реттелуі тек қана Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ғана реттелмейтінін атап өту қажет. Аталған мәселені шешуде аймақтық құқықшығармашылық пен әлеуметтік әріптестік деңгейіндегі құқықшығар-машылық та маңызды орынға ие. Сол себепті де қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселесі құқықтық нормалардың кең тобын қамтитындықтан және өзінің жаңашылдығына байланысты оны ғылыми түрде зерттеп, оның тұжырымдымалық негізін құру қажет деп ойлаймыз.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық дамуға сай келетін қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың механизмін құру - бұзылған құқықтарды қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылатын қорғау тәсілдерінің (өзін-өзі қорғау, кәсіптік одақтармен және соттық қорғау, еңбек заңнамасының сақталуына бақылау мен қадағалау және т.б.) тұжырымдамалық аспектілерін зерттеумен тікелей байланысты.  Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тәсілдерінің тұжырымдамалық аспектісін зерттеу - аталған құқықтарды қорғаудың құқықтық механизміндегі олқылықтарды табуға, оны жетілдірудің жаңа жолдарын құруға, сонымен қатар қызметкерлердің қорғалу дәрежесін көтеруге белгілі бір үлесін қосады. Аталған тәсілдерді реттеу мен қолдануға байланысты заңшығарушының құқықтық ұстанымы - қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың тұжырымдамалық аспектісін зерттеудің өзектілігін құрайды, себебі еңбек құқықтарын қорғаудың мәселелерін құқықтық реттеу ғылыми анықтамаларды, дәлелдеуді және нақты ұсыныстарды талап етеді.

Тақырыптың зерттелетін дәрежесі: Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселесі ғалымдардың қашанда қызушылығын тудырып келеді. Сол себепті қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және оның тәсілдері мәселесіне қатысты көптеген шетелдік және отандық ғалымдармен зерттеу жүргізілген. 

Кеңес Одағы кезінде аталған мәселеге қатысты келесі заңгер ғалымдардың еңбектері арналған: Н.Г. Александров, Э.М. Аметистов, С.Ю.Головина, В.М. Догадов, С.А. Иванов, К.Д. Крылов, М.Е.Мариненко, В.И.Смолярчук, Л.А. Николаева, В.А.Чибисов, Б.Ю.Тихонова, Г.А.Игдыров, С.П.Маврин және т.б. Сол кезеңде қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселесі цивилистика аясында ғана қарастырылғанымен, аталған ғалымдардың зерттеулері бұл анықтаманың еңбек құқығындағы негізін құрайды.

Қазіргі таңда ғалымдармен қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тәсілдерінің теориялық және практикалық мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Солардың қатарында: Т.Ю.Барышникова, В.А.Васильев, Р.С.Габдулин, И.А.Костян, А.М.Куренной, М.В.Лушников, А.М. Лушников, Л.М.Маирова, Т.А.Нестерова, Е.А.Федорова, А.В.Яковлева және т.б.

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың теориялық және практикалық мәселелеріне, еңбек құқығындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тәсілдерінің жекелеген аспектілеріне қатысты зерттеулер жүргізген отандық ғалымдардың қатарында: Е.Н.Нұрғалиева, А.М.Нұрмағамбетов, Н.А.Абузярова, Д.Ажинурина, Ж.Б.Ермағамбетова, С.Б.Идрисова, О.Т.Сериков, Ж.Ж.Өмірзакова, Б.Ш.Нурашева, Э.Б.Омарова, Д.Б.Төлеуханова, С.А.Бұхарбаева, С.Б.Серікбекова және т.б.

...

Скачать:   txt (392.3 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (195.6 Kb)  
Продолжить читать еще 104 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club