Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Киберқылмыс түсінігі және түрлері

Автор:   •  Март 26, 2019  •  Курсовая работа  •  4,762 Слов (20 Страниц)  •  1,478 Просмотры

Страница 1 из 20

         

                                  [pic 1]

       Сулейман Демирель атындағы университет

               

                 

                     ҒЫЛЫМИ ЖОБА  

КИБЕРҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

                   Жасағандар: Құқықтану Факультетінің 1-курс студенттері Әбдрахман Таңжарық, Молдашов Ақсерік және Сәрсенбеков Абзал

                                 Тексерген:Копбаева Айжан Бақытбековна

                         Қаскелең 2018


                                                МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………........3

I.  КИБЕРҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

  1.  Киберқылмыс түсінігі және түрлері………………..............................5
  2.  Киберқылмыстың жағдайы, құрылымы, динамикасы.........................8

II. КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ

2.1 Киберқылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастық………..11

2.2 Қазақстандағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету............................13

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................17

ҚОСЫМША...............................................................................................18


                                                      Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дүниежүзінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында технологиялық революция басталып,осы күнге дейін қарқынды дамып,адамзат өмірін өзгеріске салып келеді.Бұл революциядан ғылым түрлі бағыттарға бөлініп,жаңа ғылым салалары туындады және осы сәттен бастап жаңа технологиялар тоқтаусыз дамып өзгеріске түсе бастады.

Жаңа технологиялар тарихы өте кең,соның ішінде,қоғамның маңызды да қосалқы бөлшегі- компьютерлік технологиялар.Кез келген қоғамдық орындарда,әуежайларда,оқу орындарында,кітапханаларда,тіпті жеке адамның қалтасында компьютерленген технологиялар кездеседі.

Компьютерлік қылмыстар,яғни "киберқылмыстар" жаңа ғасырда пайда болды.Виртуалды өмір пайда болды.Адамдар ара- қашықтықты қысқартып үйренді,үйден шықпай ақ хат жазу,сөйлесу,көрісу амалдарын орындады.Осының барлығы азаматтық қатынастарға әкелді,ал қатынас болған жерде қылмыс орын табады.

Ешкім компьютерлік сауаттылыққа теңдей ие емес,біреулері жетік білсе,екіншілері базалық дәрежесін ғана біледі,ал үшіншілер мүлдем білмейді.Компьютерлік сауаттылыққа ие болмағандар киберқылмыстың объектісі болады. Оларды тек заң қорғай алады. Ал заңның дамуы ғылымға тікелей тәуелді. Сол себепті біз осы жобамызда осы мәселені қолға алып,болашақта мемлекеттік органдармен заңнаманы жетілдіруге қатысты бірігіп жұмыс атқаруды ойластырамыз.Киберқылмыстардың өзектілігі қазіргі таңда сөзсіз маңызды.

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты киберқылмыс секілді қылмыстың жаңа түрін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондай-ақ бұл қылмыстың алдын- алу жұмыстары мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері назардан тыс қалған емес. Отандық және шетелдік зерттеушілердің байқауынша бұл қылмыстың түрі басқаларға қарағанда трансшекаралық болуы және қылмыскерді анықтау қиындығы оның ерекшелігі болып табылады. Осыған байланысты киберқылмыстың алдын алу үшін көптеген құқық қорғау органдарының басқа елдермен халықаралық дәрежеде бірігіп жұмыс істеуі қажет.

Жұмыстың нысаны. Киберқылмыс түсінігі және қауіпсіздік мәселесі.

Жұмыстың мақсаты. Киберқылмыс түсінігін анықтау және халықаралық дәрежедегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайына назар аудару.  Осы мақсатттардан төменгідей міндеттер туындайды.

  • Киберқылмыс түсінігі мен түрлерін анықтау;
  • Киберқылмыстың жағдайын, динамикасын және құырылымын айқындау;
  • Халықаралық Ынтымақтастықтың киберқылмысқа қарсы күресте, киберқылмысты алдын алу шараларына назар аудару;
  • Қазақстандағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қарастыру.

Зерттеудің дереккөзі. Зерттеу материалы ретінде заң ғылымдарының кандидаты, криминологиялық қауымдастық вице- президентінің киберқылмыс бойынша зерттеулері мен мәтіндері аударылып, қарастырылды.

Зерттеудің әдістері. Киберқылмыс материалдарын жинақтау, талдау, сипаттау әдістері.

...

Скачать:   txt (69.2 Kb)   pdf (306.3 Kb)   docx (64 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club