Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бала асырап алудың түсінігі және негіздері

Автор:   •  Апрель 13, 2019  •  Курсовая работа  •  17,790 Слов (72 Страниц)  •  690 Просмотры

Страница 1 из 72

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бала құқығын қорғауды қамтамасыз ету қазіргі уақытта бүкіләлемдік қауымдастық шешуін таппаған күрделі мәселе. Әр мемлекеттің ең қымбат қазынасы – балалар. Кез-келген ұлттың, халықтың, мемлекеттің болашағы – балаларға, олардың тәрбиесімен, тұлғалық және психологиялық денсаулығының сапасына байланысты. Сондықтан да республиканың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтерудегі басым міндеттердің бірі балаларды қорғаудың құқықтық жүйесін қалыптастыру болып отыр.

Мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруінің жағымсыз салдары бірінші кезекте – балалардың әлеуметтік қорғалуының әлсіреуін көрсетеді. Бұл мәселе ішкі «балалар рыногының» және халықаралық бала асырап алудың коммерциализациялануына әкеп соқты. Халықаралық бала асырап алу соңғы уақытта пайдалы кәсіпке айналған. Коммерциялық қызметтің «объектісіне» айналған бала құқықтарының бұзылуы, асырап алуды және халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеудегі кемшіліктердің нәтижесі болып табылады.

ҚР-сы қазіргі кезеңдегі қиыншылықтарға қарамастан балалардың мүдделерін қорғауға байланысты нақты әрекеттерді жасауда. Бала құқығы туралы жалпыға танымал халықаралық құқық нормаларын мойындай отырып, мемлекетіміз әрбір балаға, оның өмірін жақсарту үшін қажет қамқорлық пен қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Осыған байланысты балалардың өмірін жақсартуға бағытталған бірқатар актілер қабылданып, ҚР-ғы балалардың жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары анықталды. 08.08.2002 жылы «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы» қабылданған заң баланың мүддесіне сай келетін мемлекеттік саясаттың мақсаттарын бекіткен. Баланың мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат, мемлекеттік биліктің барлық органдарының қызметтерінің приоритетті саласы болып табылады. Заңда баланың құқығы мен заңды мүддесін қорғайтын барлық органдар мен ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігі бекітілген. Бірақ, бала отбасыда тәрбиеленбесе оның мүддесінің қорғалуына ешкім кепілдік бере алмайды. Ұл-қыз асырап алу - ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың оңтайлы әрі кең таралған нысаны. Осыдан ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы орналастырудың көкейкестілігін – бала асырап алудың мәселелерін көруге болады. Оны шешу негізінен үш деңгейде жүзеге асырылады:

  1. экономикалық деңгей – бала асырап алу үшін мемлекеттің материалдық алғышарттарды қамтамасыз етуі;
  2. құқықтық деңгей – бала асырап алуға байланысты қатынастардың нақты құқықтық реттелуі;
  3. мәселенің теориялық деңгейі - ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланың әлсіз қорғалуы, олардың отбасылық тәрбиені қаматмасыз ететін жағдайларда орналастырылуы, бала асырап алу нысанында орналастырудың тәжірбиелік мәні, бала асырап алу туралы отбасылық және іс жүргізушілік заңнамалардың жетілмегендігі, бала құқығы туралы нормаларды халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормаларына сәйкестендірудің қажеттілігі диссертация тақырыбының өзектілігін анықтайды.  

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бала асырап алудың құқықтық мәселелері негізінен ресейлік авторлардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Зерттеудің теориялық негізіне ең алдымен халықаралық деңгейде баланың құқықтарына қатысты мәселелерді шешуге ықпал еткен табиғи құқықтың идеялары алынды. Қайнар көздер ретінде – Адам құқығы туралы Жалпы Декларация, Бала құқығы туралы БҰҰ-ның Конвенциясы, ұлттық заңнамадан ҚР-ның Конституциясы, «Неке және Отбасы туралы» ҚР-ның Заңы және өзге баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты нормативтік актілер алынды.

Дипломдық жұмыстың  тікелей теориялық негіздеріне бала асырап алудың және бала құқықтарын қорғаудың мәселелерін зерттеген төмендегі ғалымдардың еңбегін айтуға болады: Б.А.Джандарбек, М.В.Антокольская, Е.М. Ворожейкин, А.М.Нечаев, Я.Р. Веберс, Ю.Ф. Беспалов, И.В.Ткаченко. Сонымен бірге бала асырап алудың процессуалдық жақтарын қарастырғанда З.Х.баймолдинаның, М.А.Гурвичтің, В.Д. Алиевтің, А.А.Мельниковтың, В.А.Анисимовтың, А.А.Добровольский.

Зерттеу объектісі мен пәні. Жұмыстың зерттеу объектісі – бала асырап алу бойынша туындайтын қатынастардың ҚР-ның заңнамасында реттелу деңгейі мен оны жетілдіру жолдары, бала асырап алу бойынша қатынастарды реттейтін нормаларды халықаралық нормаларға сәйкестендіруге ықпал ету. Осыған сәйкес жұмыстың зерттеу пәні – бала асырап алу бойынша қатынастар және осы қатынастарға байланысты туындайтын азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері болып табылады. Зерттеу пәніне бала асырап алудың теориялық және тәжірбиелік сипаттағы мәселелері кіреді, соның ішінде баланың мүддесін қорғау, тиісті қатынастардың жүзеге асырылуына, қалыптасуына кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтау, қазақстандық отбасылық заңнама бойынша бала асырап алудың құқықтық реттелуі, оның жағдайы, тәжірбиеде қолданылуы, балалардың құқықтарының қорғалу деңгейі.  

...

Скачать:   txt (254 Kb)   pdf (683.5 Kb)   docx (76 Kb)  
Продолжить читать еще 71 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club