Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

''Жылы жүрек-жомарт қол!'' атты концерттік бағдарлама

Автор:   •  Ноябрь 29, 2018  •  Доклад  •  690 Слов (3 Страниц)  •  198 Просмотры

Страница 1 из 3

Топ:Балбөбегім Балапаным

Тақырыбы: ''Жылы жүрек-жомарт қол!'' атты концерттік бағдарлама.

Мақсаты:балалармен бірлесіп концерттік бағдарлама ұйымдастыру арқылы шабытты шығармашылық атмосфера құру, баланың бойындағы жоғары рухани бастау бар екеніне сенім болу, шығармашылық шабытын ашу, рухани көкірек көзін ашуға ықпал ету.

Сырдария күйі ойнатылады. Ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Бүгінгі  Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінің,1 курс студенттерінің ұйымдастырумен өткелі тұрған ''Жылы жүрек-жомарт қол!'' атты концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірімділікті сіңірген адам бойына,

Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен, деп концертімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастағымыз келіп отыр!

Хор Әнұран.

1-жүргізуші:Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,

Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.

Жолында жолығатын екі тағдыр,

Күтеді Адам үшін сын сағатты.

Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.

Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,

Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам!

2-жүргізуші:Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,

Самға биік, жалын атып жүр алда.

Жігерің мен сеніміңді оттық қып,

Жас қырандай қанат қағып қиянға.

Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,

Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

1-жүргізуші:Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.-дей келе ортамызғы талантты жастарымыздың бірін________________________ , ___________________

күйімен ортаға шақырамыз!

2-жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен,

Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен.

Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,

Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш

Балаларға бөлінбесін алалап.

1-жүргізуші:Егеменді еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі жас бүлдіршіндер. Сондықтан, барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.Солай емес пе?

 

2-жүргізуші:Иә дұрыс айтасын!

Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,

Жарқыратып жібереді-ау дүниені

Жетеді ме күлгеніне сәбидің.

Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері.-дей келе әнге кезек берейік!

Ортамызға ___________________ , ____________________ әнімен шақырамыз!

 

1-жүргізуші:Біз тілейміз бар бөбекке,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын, күлгенін.

Сусынымыз қанады,

Өнер, білім, нәрімен.

Әлемдегі баланың,

Дос боламыз бәрімен.

Ортаға Тойла әнімен, өнер көрсеткелі тұрған талантты жігіттерімізді шақырамыз!

2-жүргізуші:Сүйкімділер, періштелер сендерсің,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін.

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерген

Сендер дағы өздеріңше күрессең,

Өздеріңше сендер де өмір сүресің.

Болашақты жалғау үшін болашақ,

Бола жатар сендердің де үлесің.

...

Скачать:   txt (9 Kb)   pdf (106.1 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club