Экология мәселесінебайланысты бағдарлама
Автор: Alex_001 • Март 5, 2022 • Контрольная работа • 332 Слов (2 Страниц) • 244 Просмотры
Қазақ тілі
1.тапсырма Экология мәселесінебайланысты бағдарлама
Барлығына сәлем құрметті Көксу ауданы тұрғындары. Барлығымыз білетіндей қазіргі уақытта экологиялық жағынан мінсіз аудан , қалаларды кездестіру қиынның қиыны, яғни мүмкін емес десек те болады. Мысалы кез келген біреуден сұрасаңыз , ол қоқыс тастауды , әрі қалдық шығаратын зауыттарды тоқтату керек деп жауап береді. Бірақ сол адамдардың 90% -ы соны айтқанымен, іске асырмайды. Мен өз ауылыма көмек қолын созғым келеді, яғни ЭКО – Ауыл жобасын ұйымдастырсам деймін. Оған үміткер болуға барлық ауыл тұрғындарының мүмкіндігі бар, оның барлығы тек өзіміздің алдағы өміріміз үшін. Аптасына 2 рет арнайы киімдерімізді киіп, ауылдың ішін аралап шығайық. Көшелердегі қоқыстар, құлаған ағаштар, өзен жағалауларын және басқа да маңызды жерлерге бақылау жүргізейік. Ағаштар мен әдемі гүлдер отырғызу арқылы ауылымыз басқалардың жанында ерекшеленіп тұрады, бұл өзімізге де жақсы. Барлығыңызға ұнайтынына сенімдімін . Жобамды қолдайтын жандарға рахметімді айтамын. Алдағы уақытта кездескенше!
2 тапсырма. Адамдарға монолог
«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді адамдар. Иә, шынымен де табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ.
Адамдар бізді анасындай көріп, қатты қадір тұтады.Соған жауап ретінде біз де барлығын аямаймыз. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын береді, береке сыйлайды. Бала өскен сайын бізге деген сезімі өзгере бастайды. Адам баласы өскен сайын табиғаттан алыстай бастайтындай, жастайынан жасыл желекте ойнап жүрген бала, бүгінде ер жетіп өмірден өз орнын тапқан. Қалай болса да, ол туылған жерін, табиғатын ұмытпайды деп үміттенемін. Қазіргі уақытта адамдар бұзылып бара жатыр, себебі қоқысты көрінген жерге тастай салады, бізге зиян келетінін ойланбайды. Өздерінің жеке пайдасы үшін бізді құртуға дайын. Зәулім ғимараттар салу мақсатында, орман орман ағаштарды кесіп тастайды. Теңізге төгілген мұнай қалддықтары барлық жан жануардыы улап жатыр, бұл да адамзаттық қателігі деп сенемін, Адамды не өзгертуі мүмкін? Қаншама жыл адамдардан жылу мейірімділікті сезе білдім, қазір мені ұмытып кеттіңдер. Жетім болып қалғандаймын, алай да үміт отым сөнген жоқ, әлі де адамдарға сенемін. Маған назар бөлсе екен деймін. Қолда барда алтынның қадірі жоқ деп өздері айтқандай, бүгін бармыз ,ертең жоқ.
...