Күнбағысты себу мерзімі
Автор: Dariya90 • Февраль 9, 2019 • Реферат • 833 Слов (4 Страниц) • 685 Просмотры
Қорытынды
Күнбағыстың биологиялық және генетикалық ерекшеліктері, оны өсірудің табиғи жағдайларының әртүрлілігі, сондай-ақ оған ауыл шаруашылығы, мау зауыты, азықтық және бояу өнеркәсіп қоятын талаптары осы дақылді іріктеудегі міндеттер мамандануын және көпжақтылығын негіздейді.
Күнбағыс аминқышқыл құрамы бойынша жақсы құнарланған азықтық май мен ақуыз беретін майлы-ақуызды өсімдік ретінде пайдаланылады. Сондықтан іріктеудің негізгі міндеті негізгі аурулар мен зиянкестерге және паразит-сұмқұланың өсімдіктерге төзімді, аудан бірлігінен анағұрлым көп май мен ақуыз беретін жоғары өнімді сұрыптар шығару, күнбағысты пішенге пайдалану – жасыл массаны оның қоректік құндылықтарын, пішенге жарамдылығын және малға азық болуын ескере отырып өнімді арттыру.
Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді сұрыптарды шығару – іріктеудің негізгі міндеті. Біздің елімізде күнбағыстың негізгі егіс алқаптары қатерлі егіншілік аумағында орналасқандықтан, құрғақшылыққа төзімді, басқа да төтенше жағдайларда жоғары өнім беретін сұрыптарды шығаруға аса көңіл бөлінеді.
Майлы күнбағысты өсіру ауданы климаттық жағдайлармен тығыз байланысты. Әсіресе, атмосфералық жауын-шашын мөлшері және температураға.
Күнбағыс құрғақшылықты көтере алатындығына қарамастан, нақты транспирацияның барынша мүмкінмен салыстырғанда ылғалдың жетіспеушілігі немесе булануы әсерінен өнімділіктің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Қарапайым жағдайда күнбағыс тұқымы өніміне температураның әсерін уақыт бойынша ауытқуынан ғана емес, сондай-ақ өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуіне жанама әсер етуі салдарынан анықтау қиынырақ. Сонда да температура күнбағыстың даму жылдамдығына әсер ететін сыртқы ортаның негізгі факторы болып қала береді.
Күнбағыс өнімділігін арттыру жолдарының бірі – ең алдымен буданды күнбағыстың тұқым шаруашылығын жақсарту. Күнбағыс будандары өсімдік бірізділігіне, тез жетілуіне, біруақытта пісуіне ие бола отырып өсіру технологияларын қатаң сақтаған кезде өнімділігі жағынан аудандастырылған сұрыптардан асып түсіп, өндіріске кең түрде енгізуге ие болады.
Күнбағыс сұрыпы – вегетативтік кезең ұзақтығы, сабақ биіктігі және тұқым түсі бойынша тегістелген буданды популяция. Бірақ ол тұқым өнімділігі, майлылық, қауыздылық, себет тығыздығы және формасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі сияқты көрсеткіштер бойынша тұқымдық ерекшеленетін көптеген биотоптардан тұрады.
Мұннан сұрыптың бағалы белгілері мен қасиеттерін ұстап тұру үшін сұрыпты көбейту кезінде өнімділігі, майлылық және басқа да көрсеткіштері бойынша анағұрлым бағалы сұрып шегінде популяциядан биотоптарды шығара отырып, тауарлық егістерде тек осылай іріктелген тұқымдық материалды пайдалану керек.
Жақсартылған іріктеу күнбағыстың бірқатар аудандастырылған сұрыптарында вегетативтік кезең ұзақтығын қысқартып, сабақтың биіктігін азайтып, сұмқұла мен күйеге төзімділігін жоғарылатуға мүмкіндік берді.
Сұрыптық тұқымдар жоғары егістік және сұрыптық қасиетке ие болса ғана жоғары өнімді болады. Алайда оларды өсіру, сақтау және бір шаруашылықтан екіншісіне тасымалдау кезінде рәсуә мен ластану кесірінен тұқымның жоғары сапасын сақтап
...